Фуллере́ндер
Фуллерены
Нанометрлік диаметрлердегі сфералық көміртекті молекулалар.
— интеркольденген фуллерендер / фуллерены интерколированные / endohedral — ішінде атомдар орналастырылған фуллерендер.
Эксито́н
Эксито́н
Exciton (гр. Excito — қоздыру)
Кристалл бойымен қозғалатын, бірақ электр заряды және масса тасымалдаумен байланысты емес электрондық қозу түріндегі жартылай өткізгіштегі немесе диэлектриктегі квазибөлшек. Экситон түсінігін 1931 жылы Я.И.Френкель енгізген. Ол диэлектриктердегі жарықты жұту кезіндегі фотоөткізгіштіктің жоқтығын жұтылған энергияның ток тасымалдаушыларды туындатуға емес, экситонның туындауына кететіндігімен түсіндірді. Экситон молекулалық кристалдарда жеке молекуланың электрондық жүйесінің молекула аралық әсерлесу нәтижесінде кристалда толқын түрінде таралатын элементарлы қозуын бейнелейді (Френкель экситоны). Жартылай өткізгіштерде экситон өткізгіштік электроны мен кемтіктің сутегі тәрізді байланыс күйін түрінде болады (Ванье-Мотт экситоны).
Достарыңызбен бөлісу: |