Ұзару
Удлине́ние
Elongation, extension, enlargement
Бірості созу жағдайында үзілуден кейінгі материалдың пластикалық деформациясының шамасы.
— салыстырмалы ұзару / удлинение относительное / tensile strain, percent elongation, elongation — дененің созу кезіндегі сызықтық өзгерісінің оның бастапқы мәніне қатынасы.
Материалдың беріктелуі
Упрочне́ние материа́ла
Hardening
Материалдың сыртқы жүктеме әсерінен туындайтын пластикалық деформация мен қирау процесіне қарсы тұру қабілетінің артуы.
— лазерлік беріктендіру / упрочнение лазерное / laser hardening — бетті жылдам қыздыру мақссатында лазер қолданылатын бетті беріктеу процесі.
|