Меншікті кедергісі ең жоғары өткізгіштер. Мұндай өткізгіштер жасау үшін кемтіктердің саны максимум болу керек. Ол үшін электрондық қабаттарының айырмашылығы өте көп, бірақ бір-бірімен жақсы араласа алатын қоспалардың атомдары қолданылады. Мұндай жағдайда кристалдық тор бейберекет атомдардан тұрады да, ал олар өз кезегінде электрондардың қозғалысына кедергі жасайды, оларды шашыратады. Кедергісі көп материал ретінде никель мен хромның қоспасын яғни нихромды қолданады. Ол сонымен қатар 1400К температураға дейін өзінің антикоррозиялық қасиетін сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |