10. Бөлім. Қатты денелердің механикалық, оптикалық және магниттік қасиеттері
Кристалдардың серпімді қасиеттерін талдау үшін оның құрылымының дискреттілігін ескермей, біртекті орта деп қарастырамыз. Мұндай жуықтаулар континуальді деп аталады. болғанда, ол фононды спектрге сәйкес келеді, ұзын толқынды жуықтаулар. Сәйкесінше бұл жуықтау толқын ұзындығы м және жиілігі Гц болғанда жүзеге асады. Конденсирленген күй физикасы үшін дыбыстық толқынның осы облысының мәні зор. Ультрадыбыстық толқындар металлдардың, аса өткізгіштердің электронды құрылымының, кристаллды тор ақауларының ангармонизмі мен түзілуінің серпімді тұрақтыларын анықтау үшін қолданылады.
Ультрадыбысты қолдану технологиясының көптеген түрлері бар: бұзылмайтын бақылау, металдарды тазалау және дәнекерлеу, эмульсия дайындау және т.б. Кристалдардың бірқатар серпімді және пьезоэлектрикті қасиеттері пьезотехникада және акустоэлектроникада қолданыс тауып отыр.
.
Достарыңызбен бөлісу: |