А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


( олардың өздері тұрған ыдыстың пішінін алу қабілеті)



бет88/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

( олардың өздері тұрған ыдыстың пішінін алу қабілеті) ие. Аққыштыққа сұйықтың кедргі келтіруі тұтқырлық деп аталады. Сұйықтың тұтқырлығы бөлшектердің әсерлесу энергиясының артуымен бірге жоғарылайды және молекулалардың кеңістіктік құрылысына қатты тәуелді. Сұйық температураның артуымен бірге тұтқырлығы кемиді.
6. Беттегі молекулалар арасындағы әсерлесу күштері (газ фазасымен бөліну шекарасында) теңеспеген, себебі газ тарапынан осы сұйықтың молекулалары өте аз. Сондықтан беттік молекулалардың қорытқы әсерлесу күші сұйықтың ішіне қарай бағытталған. Оның әсерінен сұйық бет ауданын кішірейтуге тырысады. Міне сондықтан сұйықтар тамшы пішініне ие, ал жіңішке капиллярларда мениск пайда болады (11.2 сурет).
Сұйық бетінде пайда болатын молекулааралық әсерлесу күштері немесе жаңа бетті түзуге қажетті күштерді беттік керілу деп атайды (грек әрпі σ-мен белгіленеді, өлшем бірлігі Дж/м2). 

11.2 сурет. Сұйықтың аз көлемінің тамшыға айналу (а) және жұғатын (б) және жұқпайтын (в) беттермен мениск жасау қасиеті.

Молекулааралық күштер неғұрлым үлкен болса солғұрлым σ беттік керілу жоғары болады. Температураның артуымен бірге сұйықтың σ беттік керілуі әлсірейді.


7. Сұйықтардағы сутектік байланыстар бірқатар арнайы қасиеттердің пайда болуына әкеледі:
- сұйық құрамынан шығатын есептік деректермен салыстырғанда Ткр. кристалдану температурасы және Ткип. қайнау температурасы артады;
- молекулалардың поляризациялануының жоғары дәрежесінен сұйықтың μ диэлектриктік өтімділігі артады;
- сутектік байланысты жүйелер σ беттік керілу күштерінің жоғары мәндерімен, жоғары меншікті жылу сыйымдылық салдарынан Lисп үлкен мәндерімен сипатталады;
- ерітілетін заттың молекулаларының еріткішпен сольватациялануға (егер еріткіш су болса- гидратациялану) және үлкен ассоциаттардың (бір ерітіндіде олар ерігіштің 100 деген молекулаларынан тұруы мүмкін);
- сутектік байланыстар болғанда сұйық молекулалары (әсіресе полярлылары) өзіндік иондануға қабілетті. Мысалы, сұйық судың молекулалары энергетикалық пайдалы сутектік байланыстар есебінен тетраэдр ассоциаттар түрінде болады. Бөлшектердің бір біріне қатысты жылулық қозғалысы молекулалардың бірінде –О–Н байланысын әлсіретіп және оны үзуі мүмкін. Үзілу протонның көршілес молекулаға сутектік байланыстың донорлық-акцепторлық механизмімен коваленттіге айналуы есебінен іске асады. Су молекулаларының иондануы нәтижесінде өзінің бетіне еріткіштің полярлы молекулаларын тартып – иондардың гидратациялануы іске асады.
Әртүрлі таңбалы гидратталған иондар соқтығысқанда қайтадан су молекулалары пайда болады (молдану процесі). Бұдан сұйық молекуласының иондану реакциясының өзі қайтымды болатындығы шығады. Мұнымен қоса, –О–Н байланысының мықтылығының салдарынан иондану дәрежесі елеусіз болып қалады.
Ионданудың өзінің аналогиялы картинасы молекулалары бір бірімен сутектік байланыспен байланысқан басқа да сұйықтардан көрінеді:
H3N – – HNH2 ◄═► NH+ NH
H2S – – HSH ◄═► SH+ SH
HNO3 – – HNO3 ◄═► NO3H+ NO
H2SO4 – – HSO4H ◄═► SO4H+ HSO.
Н+ сутегі катионнын бере отырып (протон) жүретін реакциялар протолиттік деп аталады.
Басқа жағдайларда сұйықтың иондануының өзі басқа иондарды беру арқылы іске асады:
BrF3 + FBrF2 ◄═► BrF+ BrF
Ұқсас реакциялар апротонды деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет