Сұйықтардың қасиеттері:
1. Ван-дер-ваальс күштерінің мықты болмауының салдарынан сұйық молекулалары хаосты сипаттағы үздіксіз флуктуация, яғни жекелеген молекулалардың орын ауыстыру жылдамдығы мен кинетикалық энергиясы ерекшеленетін және үздіксіз өзгеретін броундық қозғалыс жасайды. Әйткенмен газдар секілді сұйықтар Масвел-Больцманның таралу заңына бағынады.
2. Салыстырмалы жоғары энергияға ие жекелеген молекулалар, сұйық фазадан шығып және газ тәріздес күйге өте алады. Бұл процесс сұйықтың булануы деп аталады. Сұйықтың булануға қабілеттілігі ұшқыштық деп аталады. Молекуларалық әсерлесу күштері неғұрлым аз болса ( яғни сұйық молекулалары неғұрлым аз полярлы болады) сұйықтың ұшқыштығы солғұрлым жоғары болады.
3. Булану нәтижесінде қарастырылған сұйықтың молекулаларының сұйықтың үстіндегі газ фазасындағы парциаль қысымы артады. Бұл өз кезегінде булануға қарама-қарсы сұйық бетінің газды фазадан өз молекулаларын қармау процесін туғызып- бу конденсациясы іске асады. Парциал қысымның қандай да бір мәнінде булану жылдамдығы мен бу конденсациясының жылдамдығы теңеседі. Мұндай қысым сұйықтың қаныққан бу қысымы деп аталады. Молекулалар арасындағы әсерлесу энергиясы артуымен бірге (берілген температурада) сұйықтың қаныққан бу қысымы азаяды (11.1 суретті қара).
11.1 сурет. Кейбір сұйықтардың қаныққан буының қысымы: ацетон (1), этанол (2), су (3), сірке қышқылы (4), этиленгликол (5). Қалыпты қысымдағы судың қайнау температурасы (6).
4. Қаныққан бу қысымы температураның артуымен бірге күрт аратады.
Сұйық буының қаныққан буларының атмосфералық қысымға тең парциаль қысымында сұйықтың өзінің ішінде сұйық буының көпіршіктері пайда болады, және қайнау басталады. Бұл күйге қол жеткізілетін температура сұйықтың қайнау температурасы Ткип. деп аталады. Сұйық молекулаларының арасында әсерлесу күштері неғұрлым үлкен болса, оның қайнау температурасы солғұрлым жоғары болады. Қайнау температурасы сыртқы қысымға да тәуелді: ол неғұрлым жоғары болса сұйық солғұрлым жоғары температурада қайнайды. Міне осыған байланысты жабық ыдыстарда асты дайындау жылдамдығы жоғары (процесс негғрлым жаоғары температураларда өтеді), және керісінше тауда жазықтағыға қарағанда бұған көп уақыт жұмсау керек.
5. Молекулалардың қозғалғыштық қасиетін сақтауы салдарынан сұйықтар аққыштыққа
Достарыңызбен бөлісу: |