А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет84/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

6-кесте. Кубты кристалдардағы [110] бағыты бойынша серпімді толқындары



Ығысудың бағыты (поляризациясы)

Толқынның типі

Жылдамдығы

[001]

S1



[1 0]

S2



[110]

L



Кестеде көрсетіліп отырғандай, берілген бағыт бойыша серпімді толқын жылдамдығын өлшей отырып, кубты кристалдың барлық үш серпімді тұрақтысын анықтау үшін үш тәуелсіз теңдеуді аламыз. Басқа бағыттар үшін осыған ұқсас нәтижелер болады:



  1. үш тәуелсіз, жылдамдықтары түрлі болатын серпімді толқын шашырайды.

  2. осы толқындарға сәйкес келетін серпімді ығысу ортогональді үштік векторын құрады.

Еркін симметриялы кристалдар үшін осындай кестелерді алуға болады және нақты бір бағыт бойынша түрлі дыбыстық толқындарды өлшей отырып серпімді модульдердің тензорларының барлық компоненттерін есептеуге болады.
Серпімді тұрақтыларды анықтау әдістерінің көптеген түрлері бар, дегенмен олардың барлығын үлкен екі топқа бөлуге болады: резонансты және импульсті. Бірінші жағдайда өлшемі белгілі нақты бір пішіндегі үлгі резонатор секілді болады және онда мәжбүрленген күш жиілігі өзіндік резонанс жиілігімен сәйкестендірілгенде максимальді амплитудаға жететін серпімді тербелістер қозады. Резонансты жиілік мәні серпімді тұрақтыларды есептеу үшін қолданылады. Дегенімен дыбыстық толқынның өшуі мен жылдамдығын өлшеудің импульстық әдісі кең таралған. Мұндай әдістердің принципі зерттеп отырған үлгіде ультрадыбыстық импульстің шашырау уақытын өлшеуге негізделген. Қысқа уақытты және үлкен амплитудасы бар импульстер сериясы генератордан пьезоэлектрикті түрлендіргішке беріледі. Қысқа уақытты импульстердің жоғары жиілікті гормоникасы бар күрделі спектрі болады. Акустикалық толқындардың генерациясы үшін пьезоэлектрикті эффектілерге ие кварц кристалынан қиылып жасалған пластинкалар — пьезоэлектрикті түрлендіргіштер қолданылады. Мұндай кристалдарда анық бір бағыт бойынша айнымалы электр өрісін қою қандай да бір динамикалық диформацияны тудырады. Синхронизацияланатын генератор шашыратқыш импульстер арасындағы уақыт интервалын өлшейді. Серпімді толқын жылдамдығы үлгінің ұзындығы белгілі болғанда мына теңдеу арқылы анықталады:
(10.27)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет