А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


Бөлім. Кристалл емес қатты денелер. Сұйық кристаллдар



бет85/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

11. Бөлім. Кристалл емес қатты денелер. Сұйық кристаллдар
11.1. Заттардың аморфтық күйі
Бұл күйде жүйенің құрылымы ретсіз. Сұйықтар секілді мұнда молекулалардың тербелмелі және айналмалы қозғалыстары сақталатындықтан тек «жақын реттілік» сақталады. Сондықтан заттар аморф күйде аса салқындатылған сұйықтар деп аталады. Неғұрлым кең таралған аморф заттар- бұлар әйнек, шайыр, полимерлер, бейорганикалық тұздар, кейбір қарапайым заттар- бейметалдар. Аморф жүйелер көбінесе әйнек тәріздес деп аталады.
Заттың аморф (грекшеден «amorfos»- пішінсіз ) күйінің негізгі белгісі– атомдық немесе молекулалық тордың болмауы, яғни кристаллдық күйге тән үш өлшемді периодты құрылымының болмауы болып табылады.
Аморф қатты заттардың үлгілері:
а) жай – селен Se, кремний Si, фосфор Pn, мышьяк As, күкірт S6, көміртегі C12, кейбір металдардың қатайған құймалары (А, айырықша жағдайларда алынған: күрт салқындату, өте жоғары қысым);
б) оксидтер – B2O3, SiO2, P2O5,GeO2;
в) тұздар – MeSO4,MeCO3,MeCl;
г) органикалық полимерлер – табиғатта белгілі және синтетикалық (олар тек аморф күйде ғана бола алады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет