Рабаева Камила Бахтиярқызы бб17-02 Молекулалық биология



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі28,92 Kb.
#81742
  1   2   3
Байланысты:
лабка1 Рабаева


Рабаева Камила Бахтиярқызы ББ17-02

  1. Молекулалық биология. Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы ғылым. Молекулалық биология ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл ғылымның дамуын У.Эстбюрдің атымен байланыстырады, 1939 жылы ол өзін молекулалық биологпын деп атаған.

Молекулалық- биологиялық зертеулердің орталық мәселелері- тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері, гендер табиғаты және ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық белгілері мен олардың берілу механизмдері

  1. Молекулалық биологияның қысқаша даму тарихы. Молекулалық биология ғылымының дамуын У.Эстбюрдің атымен байланыстырады, 1939 жылы ол өзін молекулалық биологпын деп атаған.

Ол екі жылдан кейін алғашқы рет ДНҚ рентгенограммасын алған, сол себепті «ең басты молекуланың« дәл құрылымын зерттеудің бастамасын жасады. Бірінші рет молекулалық биология деген ұғымды атаған У. Уивер. Ол Рокфеллер фондысының жаратылыстану бөлімін басқарған. Ол 1938 жылы былай жазған еді: химия мен физиканың биологиямен шектесетін шекаралас аймақтарында біртіндеп жаңа ғылым саласы молекулалық биология дамып отыр, ол жапқышпен көмкеріліп тұрғандай, әлі белгісіз болған тірі клетканың басты қасиеттерін аша бастады. Осындай жағдайда қазіргі биологияның жаңа бағыты туралы алғашқы постулат пайда болды, ол биологтардың, химиктердің және физиктердің тірі табиғат объектерін зертеудегі ізденістерін біріктіріп алға қарай дамытуда үлкен үлес қосты.
Оның ары қарай дамуына биохимиядағы, цитологиядағы және генетикадағы шешілмей тұрған проблемалар себеп болды. Осындай, ХХ ғасырдың ортасындағы қалыптасқан биологиялық ғылымдар молекулалық биологияның дамуына жол ашып, өздерінің алдына тіршілікті молекулалық деңгейде зерттеуге мақсат етіп қойды.
Молекулалық- биологиялық зертеулердің орталық мәселелері- тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері, гендер табиғаты және ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық белгілері мен олардың берілу механизмдері.
Жаңа формация бағытындағы генетиктер ( Т.Морганның, Н.К. Кольцовтың, Н.В.Тимофеев-Ресовскийдің және басқалардың ) және АҚШ -тан Европаға 30 жылдардың аяғындағы эмиграцияға кеткен физик-теоретиктер мен экспериментаторлар М. Дельбрюктоң басшылығымен онда « фагтар зерттеу тобын » құрған. Олар вирустар мен бактериофагтардың мутагенезы мен молекулалық құрлысын зертеуді бастаған. Кейін бұл жұмыстар бұрынғы ҚССРО елінде Б.Ф. Поглазовтың, Н.А.Киселевтың және басқа ғалымдардың зерттеулерінің арқасында тереңірек дамыған. Бұдан сәл бұрынырақ В.А. Энгельгардт М.Н. Любимова бұлшық еттің созылып-жиырлу механизмін ашса, А.Н. Белозерский өсімдіктен бірінші рет ДНҚ –ны өсімдіктен бөліп алған, бұлар да молекулалық биолгияның іргелі ғылыми бағыттарының бірі. Бұл әйгілі ғалымдардың есімдері кейіннен ірі ғылыми-зерттеу орталықтарына берілді: В.А.Энгельгардт атындағы ҚСРО -ғылым академиясының Молекулалық биология бойынша зерттеу институты, М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Белозерский атындағы физикалық-химия зерттеу институты.
ХХ - ғасырдың 50-ші жылдарының басында биохимияда белоктар мен нуклеин қышқылдарының қарапайым құрылысы туралы іргелі жаңалықтар алынып, онда полипептидтік тізбектерінің ұйымдасу дәрежесі, оның ішінде нуклеотидтердің құрылысы мен олардың ДНҚ мен РНҚ молекулаларындағы кездесетін сандық мөлшерлері заңдылығы ашылды ( Э.Чаргафф). Бұл көрсетілген жұмыстар, сонымен қатар Англияда, Розалинд Франклин мен Морис Уилкинсон жүргізген рентгенструктуралық анализдің көмегімен жүргізілген ДНҚ структурасының биофизикалық зерттеулері «фагты зерттеу тобының « шәкірті Джеймс Уотсон мен англиялық физик Френсис Крикка гендердің молекулалық табиғаты мен олардың ДНҚ құрамындағы өзін-өзі көбейте алу ( репликация) механизмдерін ашуға көмек болды.
Тұқым қуалау процестерін молекулалық деңгейде түсіну - зат алмасуға байланысты ауруларды зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерден басталды. 1908 ж. ағылшын дәрігері Гэррод алкаптонурияның тұқым қуалайтының байқады. Яғни зат алмасу процестсрінің (химиялық реакция) де басқа да қазір белгілі феиотитітік белгілер тәрізді тұқым қуалайтыны анықталды,
1930-1950 ж. ағзалардаға зат алмасудың негізгі жолдары анықталды. Микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардағы биокинетикалық реакциялардың (гликолиз, цитраттық цикл, амин қышқылдарының синтезі, нуклеотидтер синтезі және т.б.) маңызды сатыларының ұқсас екендігі белгілі болды.
Бидл, Татум 1941, 1948 жылдары бір ген - бір фермент гинотезасын ұсынды. Сөйтін генетика мен биохимияның арасындағы байланыс табылды. XX ғасырдың бірінші жарынысында биохимиялық зерттеулердің негізгі объектілері - тек кіші молекулалар болды. Молекулалық биология мен казіргі биохимия макромолекулаларды зерітеумен айналысады. Олардың қызметін түсіну үшін "әлсіз" байланыстарды (сутрінік байланыс, иондық байланыс, ван-дер-ваальс күштері және т.б.) білу керек. Бұл байланыстардың кемегімен клеткалар мен молекулаүстілік комплекстердің компонеінтерін біріктірін ұстан тұрады жәнс олардың өзіндік ерекшелігі макромолекулалардың матрицалық қызметі үшін жауапты.
Молекулалық генетика бірнеше даму сатысын егін, жинақталған көптесін ғылыми нәтижелер қазір классикалық болын табылды. 1950-60 жылдарда гендік материалдың құрылысы белгілі болды. Генстикалық ақпараттың ДНҚ-ның сызықтық нуклеотидтік кезектесуінде екендігі дәлелделді.
Уотсон мен Криктің моделі ДНҚ-ның ренликациясы қалай жүзеге асатының көрсетті. Информацияның ДНҚ-дан РНҚ-ға - одан әрі ақуызға (транскрипция, трансляция) қарай жүретіні анықталды, генетикалық код табылды.
Молекулалық генетикадың даму нәтижесінде молекулалық биология мен клеткалық биология пайда болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет