Рабаева Камила Бахтиярқызы бб17-02 Молекулалық биология


Молекулалық биологиядағы негізгі жаңалықтар



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі28,92 Kb.
#81742
1   2   3
Байланысты:
лабка1 Рабаева

Молекулалық биологиядағы негізгі жаңалықтар.

1869 жылы – Ф. Мишер (F. Miesher) алғаш рет лейкоциттер мен лосось тұқымынан ДНҚ бөліп шығарды.
1935 жылы – А.Н. Белозерский өсімдіктерден ДНҚ бөліп алды.
1939 жылы – В.А. Энгельгардт миозинның АТР-дық белсенділігін ашты.
1940 жылы – У. Эстбюри (W. Astbury) ДНҚ-ның бірінші рентгенограммасын алды.
1944 жылы – О.Т. Эвери (O.T. Avery) генетикалық ақпаратты тасымалдаушы ДНҚ (бұрынғы жорамалдағандағыдай белок емес) екендігін жариялады.
1951 жылы – Л. Полинг және Р. Кюри (L. Pauling, R. Corey) полипептидтік белок тізбектерінде аминқышқылдық қалдықтардың шоғырлануының негізгі түрлерінің бар екендігін дәлелдеді.
1953 жылы – Дж. Уотсон мен Ф. Крик (J. Watson, F. Crick) Р.Франклин мен М.Уилкинс (R. Franklin, M. Wilkins) алған рентгенограмма негізінде ДНҚ-ның қос спиральдік үлгісін жасады.
1953 жылы – Ф. Сангер (F. Sanger) өгіздің алғашқы инсулиндік құрамын бағалады.
1956 жылы – А. Корнберг (A. Kornberg) ДНҚ-полимеразасын ашты.
1957 жылы – А.Н. Белозерский мен А.С. Спирин мРНҚ-ның бар екендігі туралы жорамалдады.
1960 жылы – Дж. Кедрью (J. Kendrew) кашалот миоглобинінің үшөлшемдік құрылымын, ал М. Перутц (M. Perutz) – гемоглобин құрылымын алғаш рет хаттады.
1960 жылы – бір мезгілде бірнеше зертханаларда транскрипция ферменті – РНҚ-полимераза ашылды.
1961 жылы – Ф.Жакоб пен Дж. Моно (F. Jacob, J. Monod) оперон үлгісін жасады.
1965-1967 жылдары – Р. Холли (R. Holley) аланиндік тРНҚ-ның, ал А.А. Баев – валиндік тРНҚ-ның алғашқы құрылымын анықтады.
1966 жылы – М. Ниренберг, С. Очоа және Х.-Г. Корана (M.Nirenberg, S. Ochoa, H.-G. Khorana) генетикалық кодты ашты.
1967 жылы – М. Геллерт (M. Gellert) ДНҚ фрагменттерін біріктіретін фермент – ДНҚ-лигазаны ашты.
1970 жылы – Г. Темин мен Д. Балтимор (H. Temin, D. Baltimor) онкогендік вирустардағы кері транскриптазаны (РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимераза) ашты.
1972 жылы – П. Боэр, С. Коэн және П. Берг (P. Boyer, S. Cohen, P.Berg) ДНҚ клондарын жасау технологиясын жасады, ген инженериясының негізін құрады.
1972 жылы – Х.-Г. Корана (H.-G. Khorana) аланиндік тРНҚ генінің химиялық синтезін жүзеге асырды.
1975-1977 жылдары – Ф. Сангер (F. Sanger), сондай-ақ А.Максам мен У. Гилберт (A. Maxam, W. Gilbert) ДНҚ бастапқы құрылымын тез анықтау тәсілін ойлап тапты.
1976 жылы – Ф. Сангер (F. Sanger) φХ174 фагының ДНҚ нуклеидтік тізбегін анықтады.
1976 жылы – У. Гилберт (W. Gilbert) эукариот гендерінің мозаикалық құрылысын ашты.
1976 жылы – С. Ким, А. Рич және А. Клуг (S. Kim, A. Rich, A.Klug) тРНҚ-ның үшіншілік құрылымын анықтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет