Рабаева Камила Бахтиярқызы бб17-02 Молекулалық биология


XX-ғасырдың соңы және XXI-ғасырдағы молекулалық биология ғылымының жетістіктері



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі28,92 Kb.
#81742
1   2   3
Байланысты:
лабка1 Рабаева

XX-ғасырдың соңы және XXI-ғасырдағы молекулалық биология ғылымының жетістіктері.

ХХ ғасырдың 70- ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдарында молекулярлық биология өзінің шарықтап даму сатысына өтеді. Осы уақытта сплайсинг механиздері ашылды,(В. Келлер және бас.), РНК- ферменттері (рибозимдер) ашылады және аутосплайсинг құбылысы түсіндіріледі (Т. Чек), генетикалық рекомбинация механизмдері және қозғалғыш генетикалық элементтер өте белсенді түрде зертеле басталады (Д.Хогнесс, Г. П. Георгиев), ферменттер мен биологиялық мембраналарды зерттеу жаңа деңгейге көтеріледі (Ю. А. Овчинников), жоғарғы организдердің геномдарының құрылысын анықтау жұмыстары басталады ( оның ішінде адам геномыда кіреді ), жаңа (гендік- инженерлік) биотехнологияның негізі жасалынады, жаңадан катализдік активті антитела (абзимдер) табылған және синтезделген, белоктар инженериясы саласы пайда болған.
ХХ-ғасырдың 80-жылдарындағы молекулалық биологияның шарықтап дамуы жаңа ғылым— биоинформатиканы (есептеу биологиясы, компьютерлық генетика), қалыптастырды. Ол молекулалық генетика мен информатиканың тоғысқан аймағынан пайда болды. Оның пайда болуына 1975— 1976 ж. Ф. Сангер мен А. Коулсон, сонымен қатар А. Максам және У. Гильберт жасаған ДНҚ-ның нуклеотидттік қатарын анықтаудың жылдам тәсілдері себеп болған. 1982 ж. нуклеотидтік қатарлардың банклері жасалған, онда әртүрлі организмдер ДНҚ-ның нуклеотидтік қатарлары туралы информация жинақталған.
ХХ-ғасырдың аяғындағы әртүрлі организдер ДНҚ-ның нуклеотидтік қатарларын анықтау ( секвендеу) саласындағы жетістіктер ( бірінші рет толық бактериялық геном 1995 ж. секвенделген, 1997 ж. — ашытқы геномы, 1998 ж. — нематод геномы, 2000 ж. — дрозофилла шыбыны геномы және толықтайға жақын адам геномы- секвенделген), ол геномиканы қалыптастырды. Геномика - бұл берілген организмнің гендер жиынтығын бір тұтас күйінде зерттейтін ғылым саласы. Онымен біруақытта кез-келген организмнің әртүрлі даму сатыларындағы функциялық қызмет атқаратын белоктардың толық жинағын зерттейтін протеомика деген ғылым саласы пайда болды.
XX ғасырдың 90 жылдары жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері сәтті аяқталып, 1997 ж. Үлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998 ж. торай, ал 1999 ж. маймыл баласы дүниеге келді.
2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дөуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, ТДарханбаев, МААйтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады.
Біздің отандас академик М.Ә.Айтхожин өзінің ұстазы А.А. Спиринмен бірлесіп 1964 жылы информасоманы-РНҚ және белоктардың ерекше формасынан тұратын жасушалық субмикроскопиялық бөлшектерді ашты. Осы ашылған жаңалықтар үшін ғалымдар Лениндік сыйлық ( 1976) иегерлері болды. Мұрат Әбенұлы Айтхожин дүниеден ерте озды ( 1987), алайда Қазақстанда біздің ұлы отандасымыздың атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында зерттеулер жалғасуда.
1983 жылы құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, өсімдік геномы зерттеле бастады. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет