12. Наноматериалдар
12.1 Наноматериалдарды жіктеу негіздері және құрылымдарының типтері
«Наноматериал» ұғымын анықтауда бірнеше тәсіл бар (12.1 сурет). Ең қарапайым тәсіл геометриялық параметрлермен байланысты, оған сәйкес құрылымдық элементтері 1-ден 100 нм-ге дейінгі диапазондағы материалдарды наноқұрылымды деп атайды. Диапазонның төменгі шекарасы құрылымдық элемент ретінде ретті құрылымға ие, яғни кристал торына ие нанокристалл материалдың бар болуының критикалық өлшеміне негізделген. Мұндай критикалық өлшем жеке алғанда темір үшін шамамен
0,5 нм құрайды.
12.1 сурет. Наноматериалдар ұғымының терминологиялық тәсілдері.
Диапазонның жоғарғы шекарасы техникалық көзқарас тұрғысынан материалдардың физика-механикалық қасиеттерінің (мықтылық, қаттылық, коэрцивті күш және т.б.) елеулі және қызықты өзгерістері наноқұрылымды элементтердің өлшемдері 100 нм-ден кем болғанда басталатындығына байланысты. Екінші тәсіл бөлінудің көптеген беттерінің наноматериалдардың қасиеттерінің қалыптасуына байланысты. Мұнда қасиеттердің ең көп өзгерісі материалдың жалпы көлемінде бөліну беттерінің жалпы үлесі 50%-дан асқанда іске асады. Үшінші бағыт белгілі бір физикалық құбылыс үшін сипаттамалық өлшем ұғымына негізделген:
Мықтылық қасиеттері үшін бұл ақаусыз кристалл өлшемі болады,
Егер қандай да бір заттың бір, екі немесе үш координата бойынша нанометрлік масштаб өлшемдеріне дейін көлемі кішірейгенде жаңа қасиеті пайда болады, немесе бұл қасиет осындай объектілердің композициясында пайда болады, және бұл түзілістерді наноматериалдарға жатқызуға , ал оларды алу технологияларын және оларға байланысты ары қарайғы жұмыстарды нанотехнологияларға жатқызуға болады.
Бүгінгі таңда қабылданған терминология келесі терминдерді қолданады:
нанотехнология бақыланған күйде өлшемдері 100 нм-ден кіші компоненттерден тұратын, жаңа қасиеттерге ие нысандарды жасауға және модификациялауға, оларды үлкен масштабтағы толыққанды функционалданатын жүйелерге интеграциялануын іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдер жиынтығы ;
наноматериалдар жаңа қасиеттерге, функционалды және эксплуатациялық сиапттамаларға ие кем дегенде бір өлшемде геометриялық өлшемдері 100 нм-ден аспайтын құрылымдық элементтерден тұратын материалдар;
Достарыңызбен бөлісу: |