А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет8/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

2.2. Идея және тақырып
Идея – (грекше: idea – тікелей аудармасы: «көзге көрінетін нәрсе», образ. Философия мен әдебиеттегі мағынасы – ой, сана, мән, мағына ).

Шығарма өздігінен шығарма бола алмайды. Шығарманың шығарма болуында тақырып пен идеяның өзіндік алар орны бар. Тақырып – шығармада не нәрсе туралы әңгіме болатынын, ал, идея – сол шығармада не ой айтылмақшы болғанын білдіреді. Кез келген шығарманың бір айтар ойы болады. Айтар ойы жоқ шығарманың мағынасы болмайды. Қазақ әдебиеті үлгілері осылай боп келеді. Өйткені қазақ халқының менталитеті осындай. Олар мағынасыз, айтар ойы жоқ шығарманы шығарма деп санамайды. Осы жәйт туралы Абай хакім кезінде:


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –


деген еді. Яғни, шығарма мағынасы ол – идея деген сөзге келеді. Идея деген – бір ой айту деген сөз. А.Байтұрсыновтың «...бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсалған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады» дегендегі «бір нәрсе туралы ойға алған пікір» деген сөзі осы идеяға келеді. Тақырып сол идеяның өз ойын айту үшін таңдап алған обектісі, материалы десек те болады. Әдебиет ғалымдары тақырып пен идеяның арасына проблема (мәселе) деген нәрсені де қыстырып қояды. Сонда шығарма тақырып, проблема, идея деген нәрселерден тұратын болады. 1) Тақырып: шығармада суреттелер объект (нысан). (Тақырыпта бағалау, баға беру жоқ); 2) Проблема: шығарма жүзінде қойылар мәселе; 3) Идея: мәселенің шешілуі ( яки, ойдың жүзеге шығуы).

Тақырып туралы А. Байтұрсынов: «Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы жаз болады. Той туралы болса, шығарманың тақырыбы той болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады», –дейді (Бұл жерде де Ахаң біз идеяға теліп отырған пікір сөзін қолданып отыр). Мысал жүзінде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет