150
ә) қайталану: биік-биік, үлкен-үлкен;
б) қосарлану (қайшы мәндес): ұзынды-қысқалы, жақсы-жаман,
үлкенді-кішілі, ағалы-інілі;
в)
бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз (сыңар мәндес);
балалы-шағалы, ұсақ-түйек, жаман-жұтық;
г) бір сыңары -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнағы арқылы:
қоғамдық-тарихи, идеялық-саяси, әлеуметтік-саяси;
ғ) екі сыңары да -и жұрнағы арқылы: ғылыми-әдеби, әскери-саяси;
д) екі сыңары да -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары немесе бір
сыңары -сыз/-сіз жұрнақтары арқылы: таулы-тасты,
ікелі-балалы,
орманды-тоғайлы, ойлы-шұңқырлы, орынды-орынсыз, ағашты-ағашсыз;
ж) күшейткіш буын арқылы: әп-әдемі, жап-жасыл, ұп-ұзын, топ-
толық.
Тіркесті сын есімдердің (словосочетания имен прилагательных)
жасалуы:
а) сапалық (негізгі) сын есімдер бір-бірімен тіркеседі:
сары ала, қара
көк:
ә) негізгі сын есіммен -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті формалы туынды сын
есімдер (қатыстық сын есімдер) тіркеседі: қызыл шырайлы, кең маңдайлы,
орта бойлы, шоқша сақалды;
б) бірінші сыңары ІІІ жақты тәуелді зат есім, екінші сыңары сын есім
болады: басы бос, көзі ашық, тілі майда, жүзі жылы, қолы ашық, жөні түзу;
в) күшейтпелі үстеу арқылы: өте әдемі,
тым биік, аса терең, нағыз
адал, орасан зор, өте қымбат;
г) зат есім, сан есімдермен -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік формалы сын
есім тіркеседі:
мерекелік концерт, көңіл көтерерлік, бес жылдық, он
адам
сиярлық, екі-үш күндік, амандық хат;
ғ) қатыстық сын есім мен қатыстық сын есімнің тіркесі арқылы:
қазақы мінезді, толықша денелі, сәнді киімді, сапалы білімді.
Достарыңызбен бөлісу: