КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР
(Вспомогательные глаголы)
Қазақ тілінде күрделі етістіктер не бірыңғай етістіктерден, не есімдер
мен етістіктердің тіркесінен құралады. Мысалы:
Бірыңғай етістіктерден:
Есімдер мен етістіктерден:
Сатып ал
Өлең айт
Келе жатыр
Ат қойды
Айта бер
Сурет салды
Күліп жіберді
Ұйқысы қанды
Күліп жібере жаздады
Таң аты
Егер күрделі етістік бірыңғай етістіктерден жасалса, олар көсемшенің
–ып/-іп/-п; -а/-е/-й жұрнағы арқылы жасалады.
Егер күрделі етістік есімдер мен етістіктерден жасалса, іс-қимыл
туралы ұғым соңғы тұрған етістіктер арқылы білінеді.
Екеуінде де жұрнақ, жалғау соңғы етістіктерге жалғанады. Мысалы,
ала бер+ді+м, ала бер+іп+пін, ала бер+мек+пін, ала бер+е+сің, ала бер+ген
е+ді.
е/де/ет
сияқты етістіктер жеке қолданылмайды. Мысалы, айтар едім,
ғапу ет, жәрдем ет.
Қалған
бол, ал, қал, сал, бер, қой, жібер, кел, қара, көр, тұр, отыр,
жатыр, жүр, баста, таста
т.б. етістіктер негізгі етістіктің де, көмекші
етістіктің де орнына жұмсала береді. Бұлар көмекші етістіктердің орнына
жұмсалғанда
негізгі
етістіктегі
істің
созыңқылығын,
тездігін,
тұжырымдылығын, басталуын, бітуін көрсетеді. Мысалы, таста, қал, жібер,
сал тұжырымдылықты білдіреді: айтып қалды, келіп қалды, беріп қойды,
көріп қойды, айтып салды, айтып жіберді, жазып тастады. Бұлардың
кейбіреуі көсемшенің -а/-е/-й жұрнағымен тіркесіп келгенде тездікті
білдіреді: келе қалды, отыра қалды, тастай салды, бере қойды.
Ал
көмекші етістігі негізгі етістіктегі істің болу-болмау мүмкіншілігін
білдіреді: жүре алады, оқи алады, сөйлесе алады; жүре алмайды, оқи
алмайды, сөйлесе алмайды.
Қара, көр
көмекші етістіктері негізгі етістіктегі істің созыңқылығын
көрсетеді: айтып көр, айтып қара, оқып көр, байқап көр, байқап қара,
сынап қара (көр).
Достарыңызбен бөлісу: |