161
2.
Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса,
одан кейін тәуелдік
жалғауы жалғанып қолданылады.
Ескерту: Тұйық етістік формасы модаль сөздермен тіркесіп,
біртұтас
мағына бергенде,
модальдық көрсеткішке айналып, модальдық мағына
береді: баруы керек, келуге тиіс, жасауы қажет, білуі мүмкін дегендегі -уы
керек,
-уге тиіс, -уы қажет, -уі мүмкін форманттары –
модальдық
категорияның көрсеткіштері. Мұндай қолданыстағы тұйық етістіктің
жұрнағы өз қызметінде тұрған жоқ.
ІІІ. Синтаксистік қызметі
Синтаксические функции
Тұйық етістік сөйлемде әртүрлі сөйлем мүшелерінің
қызметін
атқарады: Бастауыш: Бір-бірімізге көмектесу – біздің міндетіміз. Жұмыс
істеу қажет. Толықтауыш: Біз кездесуге келістік. Үйренуден жалықпа.
Бізге тексеруді тапсырды. Анықтауыш: Жазудың
дағдысын балалар тез
меңгеріп алады. Пысықтауыш: Біз шомылуға барамыз. Балалар дүкенге
оқулық алуға кірді. Баяндауыш: Оның ойлайтыны – мектепті жақсы бітіру.
Бәрін білу керек.
1. Бұйрық райлы етістік іс-әрекеттің орындалуын талап ету мәнін, ал
тұйық етістік іс-әрекеттің атауын білдіреді. Мысалы: бар – иди, бару –
идти; айт – скажи, айту – сказать; сөйле – говори, сөйлеу – говорить.
2. Тұйық етістік
Достарыңызбен бөлісу: