106
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1-тапсырма. Наурыз мейрамы туралы берілген шағын мәтінді
толықтырып, әңгіме құрастырыңыз.
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Наурыз –
парсы сөзі, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Наурыз –
табиғаттың жаңару мерекесі. Иран, Ирак, Ауғанстанда және Орта Азия
мемлекеттерінде жыл басы – Жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні
тойлайды. 21 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Содан кейін күн ұзара
бастайды...
2-тапсырма. Наурыз мейрамына байланысты өзіңіздің туған-
туыстарыңызға, достарыңызға құттықтау мәтінін жазыңыз.
3-тапсырма. Мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне жолданған
ресми құттықтаулар мен жеке адамдарға арналған құттықтаулардың
стилін салыстырып, әрқайсысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
1-тапсырма.
Жаңа
жыл
мерекесі
қай
елде,
қалай
тойланатындығы жөнінде мағлұматтар жинаңыз.
2-тапсырма. «Халықаралық атаулы күндер – адамзаттың аса
маңызды проблемаларын шешудің бір құралы» тақырыбына эссе
дайындаңыз.
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: