А. Амангелді, С. Симбаева


Бол көмекші етістігі негізгі етістіктегі істің аяқталғандығын я  аяқталатынын білдіреді: айтып бол, оқып бол, беріп бол.  Бол



Pdf көрінісі
бет154/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

Бол
көмекші етістігі негізгі етістіктегі істің аяқталғандығын я 
аяқталатынын білдіреді: айтып бол, оқып бол, беріп бол. 
Бол
етістігі есім 
сөздермен тіркескенде белгілі бір заттың, сапаның басқа біреуге 
жанасатындығын білдіреді: батыр бол, бақытты бол, шешен бол, үлкен 
бол. 
Жатыр, жүр, отыр, тұр
көмекші етістіктері істің мезгілге 
байланысты халін, күйін білдіреді: оқып отыр, жазып жатыр, айтып тұр
қыдырып жүр. 


159 
Кел, бар, бер
көмекші етістіктері негізгі етістіктегі істің бағытын, іске 
асу барысын білдіреді: алып бер (ал да бер), алып кел (ал да кел), алып бар 
(ал да бар). 
Көмекші етістіктердің саны да, білдіретін мәні де осылай жалғасып 
кете береді. 
САБАҚТЫ ЖӘНЕ САЛТ ЕТІСТІКТЕР 
Переходные и непереходные глаголы 
Етістіктер объектіге қатысына қарай сабақты етістік және салт етістік 
болып бөлінеді. 
Глаголы по отношению к объекту делятся на переходные (сабақты) и 
непереходные (салт) глаголы. 
І. Сабақты етістік 
Переходные глаголы 
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп 
тұратын етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі не?) 
деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. 
Переходным является глагол, обозначающий действие, направленное 
на объект, который представлен прямым дополнением. Переходные 
глаголы можно определить благодаря тому, что прямые дополнения в 
винительном падеже (табыс септік) находятся перед глаголом и отвечают 
на вопросы кімді? (кого?) нені? (чего?) не? (что?). Например: Суретті салу. 
Нарисовать картину. Кітапты аш. Открой книгу. Әнді жаз. Напиши песню. 
Сабақты етістіктің жасалуы 
(образование переходного глагола) 
Етістіктер 
(глаголы) 
Мысалдар 
(примеры) 
Айт
Сабақты айтты 
Оқы
Кітапты оқы 
Аш
Есікті ашқызды 
Бақ
Малды бақты 
Бер
Дәптерді берді 
Жаз
Жаттығуды жазды 
Сыз
Партаны сызба 
Тап
Қаламды тап 
Әкел 
Борды әкелді 
Апар
Хатты апарысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет