А. Амангелді, С. Симбаева


 Мамандыққа қатысты лексиканы көрсетіңіз



Pdf көрінісі
бет41/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

10. Мамандыққа қатысты лексиканы көрсетіңіз 
A) халықаралық құқық принциптері – құқықтық нормалар 
B) оны бір немесе бірнеше мемлекет өзгертіп бұза алмайды 
C) барлық мемлекеттер оған бағынуға, оны қатаң сақтауға тиіс 
D) ар, абырой кісінің жоғары бағаланатын құндылықтарының бірі 
Е) халықаралық құқықтың принциптері БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген 
 
8-сабақ 
МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҒЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС 
 
1-тапсырма. 
Төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндірме 
сөздіктен қарап, жазып алыңыз

Аумақ, мемлекеттің аумағы, мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік 
құрылым. 
2-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. 
Мемлекеттің аумағы – жер шарының белгілі бір елдің егемендігінде 
болатын бір бөлігі. Мемлекеттік аумақ құрамына қойнауымен бірге 
құрлық, су және әуе кеңістігі кіреді. Су аумағына ішкі сумен бірге 
аумақтық сулар кіреді, ал соңғысының мәнісі Дүниежүзілік мұхиттың 
құрлыққа іргелес 12 теңіз милі шеңберіндегі су деген сөз. 
Бұған қоса 200 мильдік экномикалық аймақ деген ұғым бар. 12 
мильдік аумақтық судан басқаша экономикалық аймақ жағадағы 
мемлекеттің егемендігінде болмайды. Ол мұнда табиғи ресурстарды 
өндіріп ала алады. Ал басқа мемлекеттер бұл аймақта тек кеме және әуе 
қатынасы, кабельдер мен құбырлар тарту еркіндігін пайдаланады. 
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. 
 
Егемен елдерде мемлекеттің ұйымдасуының әрқилы түрлері бар. 
Олардың ең маңыздысы – 
мемлекеттік құрылыс
. Ол монархиялық және 
республикалық болуы мүмкін. 


44 
Монархия дегеніміз – жоғары мемлекеттік өкімет монарх корольдің
князьдің, сұлтанның, шахтың, әмірдің қолында болатын және мұраға 
берілетін басқару түрі. Монархия абсолютті болуы мүмкін. Ондайда 
монархтың билігі шексіз дерлік болады немесе конституциялық болуы 
мүмкін. Ондайда жоғары мемлекеттік билік конституциямен шектеледі. 
Қазіргі дүние жүзінде конституциялық монархиялар неғұрлым көп тараған. 
Монархияның тағы бір түрі – монарх – шіркеу басшысы болатын 
теократиялық монархия. 
Республика дегеніміз – мемлекеттік биліктің барлық жоғары 
органдары сайланатын, оларды жалпыұлттық өкілетті мекемелер – 
парламенттер құратын басқару түрі. 
Дүние жүзінің барлық мемлекеттері унитарлық және федерациялық 
елдер деп сараланады. 
Унитарлық мемлекет дегеніміз – оның аумағының құрамында өзін-өзі 
басқаратын түзілімдер болмайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет