1.Білімділік мақсаты: Минералды сулар, Қазақстанныңиминералды су көздері туралы және Сарыағаш, Қапаларасан, Алмаарасан, Мойылды шипажайы туралы түсінік қалыптастыру. Минералды су көздерінің маңызын түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: Минералды су көздерінің оқушылар білім сапаларына сәйкес ерекшеліктерін, географиялық орналасуын, маңызын айтуына байланысты пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттері мен білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақ жоспары:
Мәтінмен жұмыс.
Жобаны қорғау (интерактивті тақтада)
Сөйлемді аяқта.
«5 жолды өлең» құрастыру.
Тест.
Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан,метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы болады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар мөлшеріне қарай анықталады. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Мысысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.
Мәтінмен жұмыс.
І топ: Минералды су деп қандай суды айтамыз?
ІІ топ: Минералды сулардың құрамы қандай?
ІІІ топ: Минералды сулардың қандай қасиеті бар?
ІV топ:
Минералды сулар қандай аймқтарда кездеседі?
І топ: «Сарыағаш»
Сары ағаш суы — Келес артезиан алабы өңірінен 1948 ж. табылган Сарыағаш шипалы суы, Сарыағаш минералды суы. Суының температурасы 42— 57°С. Үңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Осы суды ем үшін пайдаланылатын "Сарыағаш" курорты 1956 ж. ашылды.
Курорт үңғымалардан төулігіне 84 м3, Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м3 су алады. Көл жағасы аласа, камысты. Сасықкөлге Тентек, Қаракөл, Ай өзендері қүяды. Шілде айында көл суы 29°С-ка дейін жылынады. Қарашаның аяғында мүз қатып (ақпандағы калыңдығы — 60—62 см), сәуірдің бас кезінде мұзы ериді. Көктемде өзен деңгейі көтерілген кезде Үялы көлімен жалғасып кетеді.
Көлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабүға, көкбас т.б.). 1946 ж. мұнда Алакөл мемлекетгік ондатр шаруашылығы қүрылды. 1956 жылдан ондатр терісі дайындалуда. Көлде: үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балшықшы, шағала, ал жағасындағы қамыс арасын: қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық) және т.б. мекендейді.
Жылына көлге 989 млн. м3 өзен ағыны, 100 млн.м3 жер асты суы, 212 млн.м3 жауын-шашын суы қосылады.
ІІ топ: «Алмаарасан»
Алмаарасан минералды суы – Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы жер асты суы.
Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3.
Суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуісульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Бұл төңіректе 1951 – 53 жылдары 5 ұңғыма бұрғыланған, олардан тәулігіне 520 – 525 м3 су өздігінен атқылап шығады.
Судың температурасы
33 – 38°С.
Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан «Алмаарасан» санаторийі жұмыс істейді.
ІІІ топ: «Қапаларасан»
ҚАПАЛАРАСАН МИНЕРАЛДЫ СУЫ.
Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км, Қапал ауылынаннан 35 км жерде, Бүйен өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол 1000 – 1200 м биіктікте тектоник. жарықтар арқылы тереңнен шығып жатқан қайнар бұлақ су көзі. Суы шипалы. 1954 – 64 ж. бұл арада бірнеше ұңғымалар қазылып, минералды судың құрамы мен шипалық қасиеттері зерттелді
Суы арынды, жер бетінен 0,2 – 5,5 м биіктікке дейін көтеріледі. Деңгейін 7,5 – 15 м-ге төмендеткенде тәулігіне 130 – 670 м3 су алынады.
Қапаларасан минералды суы жүрек, қан айналу, қозғалыс, жүйке, өкпе-бауыр, тері және гинекологиялық, т.б. көптеген ауруларға ем.
Қапаларасан минералды суы негізінде 1886 ж. Қазақстанда ашылған емдеу орны қазір «Қапаларасан» деп аталады.
ІV топ: «Мойылды»
Павлодар облысы халықаралық демалыс орындары атана алатын аймақтармен ерекшеленеді. Кезінде толқып жатқан теңізден қалған Мойылдыдағы тұзды көлдің шипалы сазы мен суы (рапа) күрделі сырқаттарды емдей алады.
Павлодар қаласынан Солтүстік-Шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан шипалы сазбен емдейтін шипажай-курорт. Павлодар қаласының шекарасына енеді. Мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан.
Шипажай ретінде өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді. Әрекет және тіреу органдарының, жүйке, гинекологиялық ауруларына шалдыққан сырқаттарға 560 (қысқы кезеңде 360) орын бар. Жазда жасөспірімдерге 60 орын қарастырылған. Шипажайда шипалы сазбен емдеу жүргізіледі (20 сазды тақтай төсектер және 20 бұлаулар), бювет (минерал көздерінде орнатылған құрылғы). Шипажай ХХ ғасырдың 30-40-жылдары салынған саябақта орналасқан.
1975 жылға дейін маусымдарда ғана қызмет көрсететін. Ал қазір жыл бойы қызмет етеді. Мойылды Павлодар – Успен ауданы Павлодарлық автокөлік бағытындағы тас жолымен байланысқан.
Негізгі табиғи-емдік факторлар – тұнбалы балшық және көлдің сульфатты-хлориттік натрий-магнийлік шипалы суы (оның ауданы 0,5 шаршы шақырымды құрайды). Шипалы судың минералдануы 250 г/л. Балшық қоры 150, 0 т. Шипалы су- рапаны қызыл сумен араластырып, бұлғауларға қолданады. Мойылды аймағына 700 метрден бұрғылау әрекетімен ішу және емделу үшін сулфатті-хлоридтік 2,6 г/л минералданған натрийлік су жеткізіледі. Мойылды көлінің емдік сазы жыл сайын көптеген адамдардың келіп демалуына себеп. Аталған Мойылды көлінің түбінде судың үстінгі қабатынан қарағанда су температурасы 10-15 градус жоғары. Оның балшығы буын аурулары мен сарп ауруларын емдейді.
Сөйлемді аяқта.
І топ: 1. Алмарасан минералды суы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан.
2. Сарыағаш суының температурасы – 42-450С.
3. Мойылды ұзды клінің жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан.
ІІ топ: 1. Алмаарасан минералды суының емпературасы – 33-380С.
2. Сарыағаш минералды суы ұңғымалардан секундына 5 л су арындап шығадыұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды.
3. Мойылды шипажайы өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді.
ІІІ топ: 1.Алмаарасан санаторийі 1932 жылдан бастап жұмыс істейді.
2. Қапаларасан суы арынды жер бетінен 0,2-5,5 биіктікке дейін көтеріледі.
3. 1975 жылға дейін Мойылды шипажайы маусымдарға ғана қызмет көрсететін.
IV топ: 1.Алмарасанның шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3.
2. Толқып жатқан теңізден қалған Мойылдыдағы тұзды көлдің шипалы сазы мен суы күрделі сырқаттарды емдей алады.
3. Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмірқышқыл газы болады.