А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Қалау (-ғым келеді) модальділігін еске түсіріңіз



Pdf көрінісі
бет84/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

5-тапсырма. Қалау (-ғым келеді) модальділігін еске түсіріңіз, 
сөйлемдер құрастырыңыз. 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз. 
 
Насихаттау, қолтаңба, тағайындау, бауырлас, мақала, адал, кеңесші 
2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар. 
1
Қазақстанның Малиде елшілігі бар ма? 
2
Қазақстанның Марокко Корольдігінде елшілігі бар ма? 
3
Қазақстанның қанша елде елшілігі бар? 
4
Қазақстанда қанша елдің елшілігі бар? 
5
Қазір Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі кім? 
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Керегінше сөздікті пайда-
ланыңыз. 
М.С. Фазылов 1975 жылы Д.А. Қонаевтың ұсынуымен КСРО-ның 
Малидағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. 
Тропикалық қиын климатта М.С. Фазылов жеті жылдан астам қызмет 
істеді. Қазақ ретінде, қазақстандық ретінде өз республикасын да 
насихаттай білді. КСРО-ның Малидағы елшілігінде өз қолтаңбасын 
қалдырды, дипломаттар үшін барлық жағдай жасалынған жаңа елшілік 
қалашығын салуды ұйымдастырды. 


87 
Малидегі қызметінен кейін ол бірден Кеңестер Одағының Марокко 
Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. 
Мұнда ол 1983 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті. 
Мали Республикасында да, Марокко Корольдігінде де М.С. Фазылов 
Қазақстанның мәдениет күндерін табыспен өткізді. 
1988 жылы елші Алматы мен Мекнес (Марокконың ескі астанасы) 
қалаларын бауырлас қала ету жөніндегі хаттамаға қол қойды. 
Өзінің өмірінің соңына дейін ол Қазақстан Республикасы Сыртқы 
істер министрлігінде кеңесші болып қызмет атқарды. Дипломат, тарих 
ғылымының кандидаты М.С. Фазылов әртүрлі басылымдарда орыс, қазақ, 
француз, араб тілдерінде көптеген мақалалар жариялады. 
Ол өз елінің халқына адал қызмет етті. («Дипломатия жаршысы», 
1997, № 3). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет