6. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар: бейбіт өмір сүру, келіссөз жолымен шешу, халықаралық жанжал,
бейбіт жолмен шешу, ықпал жасау, ресми деңгейдегі келіссөздер,
жұмысшы тобы.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1
Әлемде қандай шөлдер бар?
2
Шөлге айналу қаупі қай аймақтарға төніп тұр?
3
Бұл мәселенің Қазақстанға қатысы бар ма?
2-тапсырма. Тұзды су, тұщы су, ауыз су тіркестерінің мағыналарын түсіндіріңіз, олармен сөйлем құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Біздің планетамызда су көп, әйтсе де сол судың қадірін білеміз бе?
Жер шарының 60%-ында тұратын халық тұщы судың болмауынан немесе
жетіспеуінен зардап шегеді. Мәселен, Грецияның Афины және Пиреяға
жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Оны алыстағы таулардан
тасып ішетіндіктен, су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның
көптеген
облыстарында
судың
әрбір
тамшысы
есептелінеді.
Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудандары мен аралдары
кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су
автомашинамен, тіпті ұшақпен тасылады. Мәселен, Гонконг пен Сингапур
тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир елі бүтіндей
дерлік ауыз суды тасып ішеді. Жапон елінде де ауыз су өте көп еңбекпен
келеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Су проблемасы аса
маңызды проблеманың біріне айналатын күн де таяу.
БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі
халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.
Бір кезде академик Ферсман тұщы суды «онсыз тіршілік болмайтын
жер бетіндегі ең маңызды минерал» деп атаған. Жыл өткен сайын бұл
ақиқатқа айналып келеді. Суды ешнәрсемен алмастыруға болмайды,
83
өйткені тірі ағза сусыз тіршілік ете алмайды. Сонымен «судың да сұрауы
бар». Су қадірін білесіз бе?