А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет88/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
Дипломатиялық мансап, дипломатиялық мәнсаптың рухы мен 
абыройы, күнделікті күйбең, өзін құпияда ұстайтын істерге арнау деген 
тіркестерді қалай түсінесіз? 
2
Мәтіндегі «...келіссөздердегі негізгі өкілетті адамдардың аттарын, 
тіпті осы өкілеттілердің отбасылық байланыстарын білуге міндетті» деген 
жолдарға қосыласыз ба? 
8-тапсырма. Адамның мінезін сипаттайтын мақал-мәтелдер мен 
тұрақты сөз тіркестерін есіңізге түсіріңіз, оларды 2 бағанаға бөліп 
жазыңыз. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 
ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 
 
1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңыз. 
Өзіңіз білмейтін сөздердің аудармасын сөздіктен қараңыз. 
Аңқау, сабырлы, аңғал, қабілет, лайықсыз қылық, сезімтал, сергек, 
аңқылдақ, сақтық. 
2-тапсырма. 
Сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик 
темпераменттерін қазақ тілінде суреттеңіз. 
3-тапсырма. Адам бейнесін сипаттайтын сөздерді жазыңыз. 
а) тура мағынасында; 


91 
ә) ауыспалы мағынасында; 
б) тұрақты тіркес болғанда. 
4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 
Сыртқы істер министрінің қасиеттерін атай келіп, Талейран министрге 
«Өзін-өзі қалай ұстау керектігін тез сезіне қоятын және қандай да бір 
келіссөз басталғанға дейін-ақ лайықсыз қылық көрсетіп алмайтындай 
ерекше сергек те сезімтал болу қажеттігін» айтты, осыны берік ұстана 
отырып аңқылдақ болып көріну, аңқау түрмен сабырлы болу және тіпті өзі 
айналысатын істі таңдау кезінде де сақ болу қабілеті қажет, әйтсе де 
әңгімелесушілерге тосын сауалдар қойған кезінде табиғи қалыпта және 
кейде аңғал болып көрінгені де дұрыс, бір сөзбен айтқанда, жиырма төрт 
сағаттың ішінде ол бір сәтке де Сыртқы істер министрі болмай қалуға 
тиісті емес». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет