99
Вербальді нота – дипломатиялық хат алысуларда кең таралған құжат.
Вербальді деген ұғым – «ұқыпты назар аударатын қағаз» дегенді білдіреді.
Вербальді нота мен жеке нотаның айырмашылықтары бар.
1 Вербальді нотаны а) үкімет; ә)
Сыртқы істер министрлігі; б) Елші
жібереді.
2 Жеке нотадағы қаратпа сөздің орнына вербальді нотада құрмет
білдіруден басталады.
3 Вербальді нота үкімет
атынан болса, адресатқа – үкіметке
ережедегідей құрмет, сыйлауды білдіруден басталмайды.
4 Үкіметтік ноталарда қорытынды мадақсөз де болмайды.
4-тапсырма. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыз.
1
Қандай дипломатиялық құжаттарды білесіз?
2
Дипломатиялық хат алысуларға қандай құжаттар жатады?
3
Ноталармен танысып көрдіңіз бе?
4
Жеке және вербальді ноталардың айырмашылықтары қандай?
5
Ноталар кімдердің атынан жазылады?
6
Дипломатия тарихынан қандай ноталармен таныссыз?
Достарыңызбен бөлісу: