А. Амангелді, С. Симбаева


 Сөйлемге міндеттілік мәнін үстейтін тіркесті көрсетіңіз. Еуропалық



Pdf көрінісі
бет73/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

9. Сөйлемге міндеттілік мәнін үстейтін тіркесті көрсетіңіз. Еуропалық 
Комиссия негізгі шарттардың сақталуын қамтамасыз ... 
A) етуі үшін 
B) етуге тиіс 
C) етуі керек 
D) етуі қажет 
Е) етуі мүмкін 
10. Дұрыс аудармасын табыңыз: нейтралитет 
A) өкілеттік 
B) бейтараптық 
C) келіспеушілік 
D) жауапкершілік 
Е) қосылмаушылық 
 
15-сабақ 
АДАМЗАТТЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
 
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
Ғаламдық мәселе дегенді қалай түсінесіз? 
2
Ғаламдық мәселелерге қандай мәселелер жатады? 
3
Олардың барлығының да Қазақстанға қатысы бар ма? 
4
Оларды шешу, сіздің ойыңызша, мүмкін бе? 
5
Ғаламдық мәселелерді шешудің қандай жолдары бар деп ойлайсыз? 


75 
2-тапсырма. Мәтінді тізбектеп оқып, аударыңыз. 
 
 
 
 
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ 
Қазіргі заманның электрон заманы, ядролық заман, ғарыш заманы 
дейтін көптеген эпитеттері бар. Бүгінде көбінесе «ғаламдық проблемалар 
заманы» деген анықтама орнығып келеді. 
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты 
проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы 
қарым-қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, 
ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. 
Ғаламдық сұрақтар ғаламдық жауаптар болуын, оларды шешу үшін кең 
көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді. 
Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі, бірақ олардың 
бәрінің арқауы – адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалу 
идеясы. Ең алдымен бұлардың қатарында мыналар аталады: 1) 
қарусыздану және Жер шарында бейбітшіліктің сақталуы; 2) табиғи 
ортаның бүлінуіне байланысты экологиялық проблема; 3) дамушы елдерде 
халық санының тез көбеюімен байланысты демографиялық проблема; 4) 
дамуы қалыңқы көптеген елдердегі миллиондаған адамдардың үнемі 
ашқұрсақ жүруі мен ашаршылық көруіне байланысты азық-түлік 
проблемасы; 5) планетаның минерал-шикізат ресурстарының және басқа 
да табиғи ресурстарының шектеулілігінен туындаған энергетика және 
шикізат проблемалары; 6) бұрынғы отарлардың артта қалушылығын жою; 
өкінішке орай жойылудың орнына ол әлемнің кейбір аймақтарында 
бұрынғыдан да анық байқалуда; 7) Дүниежүзілік мұхит проблемасы, 
мұның өзі ең алдымен оның биологиялық өнімділігінің азаюына және 
ластануына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет