А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Пікір алмасуға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет74/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

3-тапсырма. Пікір алмасуға арналған сұрақтар.
1
Ғаламдық мәселелер, сіздіңше, осылар ғана ма? Әлде мәтінде 
айтылғаннан басқа да ғаламдық мәселелер бар ма? 
2
Мәдениет пен рухани қазыналар дағдарысын, қазіргі заманғы 
дүниеде демократияның аздығын, отбасында биік нысап-инабаттың 
жойылуын, қатерлі аурулардың таралуын ғаламдық проблемалар қатарына 
қосуға бола ма? 
3
Бұл проблемаларды қуатты мемлекеттердің біреуі ғана шеше ала 
ма? 
4
Жалпы ғаламдық мәселелерді шешудің, сіздіңше, қандай жолдары 
бар? 
5
Сізше, ең үлкен мәселе қайсысы? 
4-тапсырма. Сөздермен және сөз тіркестерімен жұмыс істеңіз. 


76 
Қырып-жою құралдары, планетаның әр тұрғынына шаққанда (шағу), 
қорлану, қопарғыш, кері шағылыстырып жіберу, қара түнек, апат, індет. 
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
6-тапсырма. Мәтінге өз тарапыңыздан ат ойлап табыңыз. 
 
 
ҚАРУСЫЗДАНУ ЖӘНЕ БЕЙБІТШІЛІКТІҢ САҚТАЛУЫ 
Дүние жүзінде қырып-жою құралдары ешқашан дәл қазіргідей 
қорланған емес: планетаның әр тұрғынына шаққанда тіршілік атаулыны 
талай мәрте жойып жіберуге жетерлік қопарғыштан келеді. Ядролық соғыс 
өркениетті құртатынын, Жердегі тіршілікті жойып жіберетінін барша 
ұғынды. Ғалымдардың анықтауынша, мұндай соғыстың салдары «ядролық 
қыс», яғни Жердегі климаттың мүлдем өзгеріп, тіршілік болмайтын күйге 
түсуі болар еді. 
«Ядролық қыс» концепциясы мынадай. Ядролық жарылыстардың 
салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, 
күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің 
сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара 
түнек – «ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның 
радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп-сәттің 
арасында шамамен 15-20˚С төмендейді. Атмосферадағы циркуляция 
жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше 
аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды. 
Ядролық соғыстан кейін біраз адам тірі қалатын болса, олар қақаған 
суықта, орасан радиацияда не ауыз су, не тамақ, не отын жоқ індет 
қаптаған жағдайда естері шығып аласұрады және мұның бәрінің үстіне 
күндіз-түні қаратүнек бір сейілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет