А. Амангелді, С. Симбаева


-сабақ  ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР



Pdf көрінісі
бет96/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

20-сабақ 
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР 
 
1-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мына сөздерді аударыңыз: 
Мәлімдеме, құрмет, қаратпа сөз, қорытынды сөз, қабылдау, қабыл 
алыңыз, қол қою, аяқтау, сыпайы, сенім, білдіру, алғашқы.
 
2-тапсырма. Мына сөздерді дипломатиялық терминдер сөздігінен 
қарап, анықтамасын жазып алыңыз: 
Дипломатиялық хат алысуылар, вербальді нота, жеке нота, төтенше 
және өкілетті елші, бір жақты құжат, көпжақты құжат, жолдау. 
3-тапсырма. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз, еске 
сақтаңыз.
 
НОТА – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ 
Жеке нота бірінші жақтан жазылады. Жеке нотаға қол қойылады. 
Жеке нота сыпайы (сыпайылықтың трафареттік фразаларымен) аяқталады. 
Жеке нотадағы қаратпа сөз: (формула обращения) Құрметті Елші мырза, 
Елші мырза, Министр мырза. Вербальді нота үшінші жақтан жазылады. 
Вербальді нотаға қол қойылмайды. Вербальді нота сыпайы аяқталады. 


99 
Вербальді нота – дипломатиялық хат алысуларда кең таралған құжат. 
Вербальді деген ұғым – «ұқыпты назар аударатын қағаз» дегенді білдіреді. 
Вербальді нота мен жеке нотаның айырмашылықтары бар. 
1 Вербальді нотаны а) үкімет; ә) Сыртқы істер министрлігі; б) Елші 
жібереді. 
2 Жеке нотадағы қаратпа сөздің орнына вербальді нотада құрмет 
білдіруден басталады. 
3 Вербальді нота үкімет атынан болса, адресатқа – үкіметке 
ережедегідей құрмет, сыйлауды білдіруден басталмайды. 
4 Үкіметтік ноталарда қорытынды мадақсөз де болмайды. 
4-тапсырма. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыз. 
1
Қандай дипломатиялық құжаттарды білесіз? 
2
Дипломатиялық хат алысуларға қандай құжаттар жатады? 
3
Ноталармен танысып көрдіңіз бе? 
4
Жеке және вербальді ноталардың айырмашылықтары қандай? 
5
Ноталар кімдердің атынан жазылады? 
6
Дипломатия тарихынан қандай ноталармен таныссыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет