"Рухани адамгершілік тәрбие" бағытында – 2 сынып сағаты: "Ұлтты тану –ұрпақ борышы.", " Досы көпті жау алмайды" тақырыбында сыр сұхбат, танымдық кеш түрінде сынып сағаттары өтеді. Топтық ойындар, тренингтер, рөлдік ойындар, жағдаяттар шешу жұмыстары қамтылады. " Ұлтты тану-ұрпақ борышы" атты сынып сағатында қазақ халқына тән салт-дәстүрлер, киім үлгілер, ұлттық тағам түрлерімен танысады. Оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, көп деген тың деректермен танысады. Ата-аналардың қатысуымен көріністер қойылады.
«Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру» бағытында 4 сынып сағаты "Менің отбасымның дәстүрлері мен құндылықтары" өнеге сағаты, "Ана-өмір, ана-бақыт, ана-гүл"атты мерекелік концерт, "Әке –асқар тауым, ана-сая болар бағым"атты тағылымдық кеш, «Отбасым-бақыт мекенім» танымдық сынып сағаттары өткізіледі-"Ана-өмір,ана-бақыт, ана-гүл"мерекелік кеш түріндегі сынып сағаты аналары мен қыздарымыздың қатысуымен өткізіледі. Ақ тілектер айтып, құттықтайды. Аналарымен бірге топтық ойындар ойнатылып, тренингтер өтеді, флешмоб билеп, көңілді отырыс болады. Ал «Отбасым-бақыт мекенім» ашық сынып сағаты «Отбасы» күніне арналып ұйымдастырылады. Шараға 3 ата-ана және сынып оқушылары қатысады. «Жүрек жылуы» тренингі оздырылады. «Отбасы»туралы санамақтан басталып, «отбасы» сөзіне анықтама беріледі. Жанұя туралы мақалдардың мәні ашылып, түсіндіріледі. «Тату отбасы» сөзіне кластер құрылады. Ата-аналар топқа бөлініп, тапсырмалар орындайды. 1.«Бақытты отбасы сұлбасын »құру. 2. «Бақытты отбасын неге ұқсатуға болады? Ата-аналардан алдын –ала жазылып алынған, балалары туралы видеоролик тамашаланады. «Анашым-әкем» әнімен аяқталады.
«Тұлғаның өзін –өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру» бағытында –3 сынып сағаты «Бақытты балалық шақ», «Ардақтайық ұстазды», «Досы жақсының өзі де жақсы» тақырыбындағы сынып сағаттарында топтық шығармашылық тапсырмалар орындатылып, тренингтер өткізіледі. «Досы жақсының өзі де жақсы»тақырыбында ашық сынып сағаты оздырылады. Сынып сағатында әртүрлі жаңа технология элементтері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |