А. Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]
А.Байтұрсын.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Ахмет 13 жасқа толғаннан кейін олардың ауылына полковник Яковлев жетекшілігімен полиция қызметкерлері келіп аласат салған. Ахметтің әкесі Шошақұлы Байтұрсын мен Ахметтің үш ағасы қорлыққа шыдамай полковникті ұрып-соққан. Осы әрекеттері үшін олар Сібірге 15 жылға айдалған.
Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылғы революциялар толқынында қазақтың ұлттық мүддесін көздеген Алаш қайраткерлерін тобының басынды тұрды, зиялылар қауымының рухани көсеміне айналды. Ол Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлы секілді айнымас серіктерімен бірге қазақ халқының еркіндігі жолында тайсалмайтын ұлы күреске түсті.
Кезекті азғырудан кейін 1937 жылы 8 қазанда жаңадан тұтқынға алынды да, бірнеше айға созылған тергеуден соң, 1938 жылы ақпайн айында атылды. Қамауда тергеушілердің сұрақтарына былай жауап берген: «Менің арманым – мүмкіншілігінше қазақ халқының дәулеттілігін, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру. Ол ізгі іс енді ғана басын алып тұрғандықтан мен басымды тек қана менің тілегімді қанағаттандыратын билікке иемін».