А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия 8 «В» сыныбымен өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы №2



Дата21.11.2022
өлшемі5,35 Mb.
#159100
Байланысты:
Ата аналар жиналысынын хаттамасы №2


А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия 8 «В» сыныбымен өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
Күні: 15.11.2022 ж.
Барлығы: 25
Қатысқаны: 20
Күн тәртібінде:

  1. “ Балалардың компьютерді, гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны ” баяндама.

  2. І тоқсан бойынша сыныптың оқу үлгерімі (тәртіп, білім, жеткен жетістіктер)

  3. Әр түрлі мәселелер. Оқушылардың оқу тәрбие үдерісіндегі өзгерістер, толықтырулар және міндеттер.

  1. “ Балалардың компьютерді, гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны ” баяндама.

Мақсаты: отбасындағы баланың компьютерді, гаджетті ата анасының бақылауында қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
1. Баланы жақсы көру,отбасындағы сүйіспеншілік;
2. Ақкөңілділік ,бауырмалдық, татулық;
3. Кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық;
Гаджеттің ата-ананың балаға көңіл бөлуге уақыты жоқ кезде құтқаратын көмекшісіне айналғаны ақиқат. Оның үстіне, ата-анасының қолынан түспейтін ұялы телефонға бала да ұмтылып тұрады. Осылайша балалар 4-5 жастан бастап гаджеттің қыр-сырын ата-анасынан да жақсы меңгеріп алады. Баланың ата–анасынан бірнәрсені көбірек білуі адамзат тарихында алғашқы рет орын алуда. Қазіргі уақытта гаджеттің пайдасымен қатар зиянды тұстары көп көтерілуде. Өкініштісі, кейбір ата-аналар гаджеттің балаға зиянды жақтарына назар аудара бермейді. Сондықтан, алдымен гаджеттің зиянына тоқталып өтейік, соңғы 10 жылдықта смартфон моделдерінің жаңа нұсқалары қарқынды шығарыла бастады. Кез келген ақпаратты оңай және жылдам көрсететін ақылды гаджеттер баланы өзіне магнит тәрізді тартады. Экранда болып жатқанның барлығы (суреттердің, жарықтың, дыбыстың ауысуы) баланы өзгеше күйге түсіреді. Бұл күйде адамның миы стресс деңгейін төмендететін дофамин түзе бастайды. Экранның алдында ол уақыттың өткенін байқамайды, дофаминнің әсерінен рахат күйде отырады. Егер гаджет кенеттен өшіп қалса, дофамин деңгейі күрт төмендейді де, баланың эмоциясына ғана емес, физиологиялық күйіне де кері әсер етеді. Осындай сәтте балада истерика басталады. Гаджеттердің бұдан басқа тигізетін зиянды әсерлерін тізбелесек: балалар мен жасөспірімдердің жалғыздықты көбірек сезініп, өздеріне деген сенімдері азайып, тұйық мінезді болып өсуі; артық салмақ, көздің дұрыс көрмеуі, остеохондроз, т.б. ауру түрлерінің пайда болуы; лайктардың саны аздығынан пайда болған өзін кем санау комплексі, лентаны қарап отырған бала басқалардың «жақсырақ» өмірін көріп өзінің мүмкіндігіне сенбеуі сияқты психологиялық проблемалардың туындауы; кибербуллинг, онлайн-алаяқтық, «Суицид топтары».
Сондықтан балаларыңыз өз денсаулықтарына келетін зиянды заттардан бойларын алшақ ұстасын, деп өз баяндамасын сынып жетекшісі баяндап айтып өтті.



  1. І тоқсан бойынша сыныптың оқу үлгерімі

Сыныпта 25 оқушы бар. Оның 11 – ұл балалар, 13 – қыз балалар.
І тоқсан бойынша оқу сапасы: 32 ;үлгерімі:100%





20 қазан лингвистикалық олимпиадаға Бекжанова Амели қатысып, ІІІ орын иеленді. Тілеубекұлы Шыңғыс ағылшын пәндерінен қашықтық олимпиадаларға қатысып, үздік оқушы диломмен марапатталды.1 тоқсанда оқушылардың жеткен жетістіктері туралы айтылды. Осы тоқсан бойынша 2 баланың екпінділер қатарынан түсіп қалғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Бекмурза Әлнұр ағылшын пәнінен және Рашидқызы Аружан геометрия апаларына оқушылардың сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Бұл оқушылар тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Келесі мәселе бойынша ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қойды.
Сондай ақ күзгі демалыс барысында оқушылармен орталық музейге барып оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру қарастырылды. Сол маңайдағы парк демалыс орында оқушылар доп ойнап, тамақтанып демалыс күндерін жақсы көңіл күймен үйлеріне тарқасты.

Сөйлеушілер: Гульнур
- Оқушылардың неліктен алгебра және геометрия пәндерінен сабақтарының қорытындысы қанағаттанарлық деңгейде деген сауал қойды? Сынып жетекші тарапынан алгебра пән мұғалімімен байланыс орнатып оқушы ата ана мұғалім үштік одақ көпірше байланыс жасалынатын мәлімдеді.

Фарида– Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып көруге бола ма деген сауал жолданды. Сынып жетекшісі иә ішке кірерде жазылып кіріп қатысуларыңызға рұқсат делінді.
Келесі кезекте балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешімі:

  1. Оқушылардың сабақты себепсіз босатпауларын және де сабақтарға дайындықпен қатысуы ата- аналарға жүктелсін.

  2. 1 тоқсан бойынша оқушылардың оқу үлгерімі қанағаттанарлық деп танылсын.

  3. Оқушылар күнделікті, уақытында қалыптастырушы бағалауға байланысты әр сабаққа тиянақты сабақты түсініп, үй тапсырмаларын орындап, мұғалімдермен кері байланысқа түсіп толық қатысып отыруын және бөлім бойынша жиынтық бағалау сонымен қатар тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын уақытылы орындауын,сабаққа жоғары деңгейде қатысуын ұйымдастырып және қауіпсіздік шараларын сақтау жұмысында ата-ана жауапкершілігі күшейтілсін.

  4. Оқушылардың компьютерді, гаджетті пайдаланылуында шектеу қою ата аналарға жүктелсін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет