Сырттан десе, Құбыладан»
деп,
«Қыз: «Хи-хи-хи! Ха-ха-
ха!»
деген тармақтан кейінгі
«
Қорықпайды екен обалдан. Күлген
болды һәм Дадан»
деген тармақтар
«Дейді: «Батыр хан Дадан,
Қорықпас білем обалдан»
1989, 1991 жж. жинақта өзгертілген. Бұл
өзгертулер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы
жинақ негізге алынды.
«лермонтовтан».
Бұл туынды «Ақ жолға» енбеген. Түпнұсқадағы:
«Отрывок из поэмы Лермонтова», «Мцыри», «Монах
–
сопы»
де-
ген түсінік-сілтемелер 1989, 1991 ж.ж. басылымдарда ескерілмеген.
«
Тифлис
шаһарына өтіп кетті» дегендегі қала аты 1989 ж. жинақта
«
Тиблис
» деп,
«Мейілі шаппағанын дәм-тағамға»
деген тармақтың
бірінші сөзі
«Тәбеті»
деп өзгертілген. Бұл өзгеріске түскен сөздер
мен сілтемелер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен,
осы жинақ негізге алынды.
ҚАзАҚтың БАс АҚыны
Бұл ғылыми-зерттеу мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39, 40,
43-сандарында жарияланған. Газет нөмірлерінің микрофильмдік төл
көшірмелері ҚР Орталық Ғылыми кітапханасында сақтаулы. Ал, осы
газеттің №39-40 нөмірі ҚР Ұлттық кітапханасының қорында бар.
Микрофильм сапасының нашарлығына байланысты 43-сандағы
мәтінді оқу мүмкіндігі болмады.
«...Абайдың асылын танып, дұрыс
баға берген нәрсесі жалғыз өлең емес, көп нәрсені Абай сөз қылған»
364
деп басталатын газеттің 43-санында жарияланған мәтіні түпнұсқамен
салыстырылмады, сондықтан 1989 жылғы жинақты негізге алдық.
Ал, аталған әдеби зерттеудің «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-40-
сандарындағы мәтінін 1989, 1991 жж. жинақтармен салыстырылып,
өзгеріске түскен сөздер қалпына келтерілді. Газеттегі: «...мақтап
отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолаларымыз...» де-
ген тіркесте XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
болып табылатын ақынның аты «Әдебиет танытқышта» Ақмолда деп
аталған, ақын есімі түзетілді.
39-сандағы мәтіннің 1-бетінде: «Абай кітабы. Бағасы – 70 тиын.
Семейде Көпбай Байысов лавкасында сатылады» деген сілтеме беріл-
ген. Мәтіннің осы тұсы да түпнұсқа бойынша берілді.
39-санның 3-бетіндегі «Біліммен би болып, жұрт билейтін за-
ман өтіп, тасың би болатын заманға қарсы туған» деген сөйлемдегі
«тасың» деген сөзден кейін 1989, 1991 жылғы жинақтарда «тас-
пен» деген сөз жақшаға алынып, қосарлана берілген. Түпнұсқадағы
қалпына келтірілді.
1989, 1991 ж. жинақтарда «Қосарлы бейітсымал келді арасы» де-
ген өлең жолындағы «бейітсымал» деген сөзге сілтеме түрінде «Өлең,
жыр» деген түсінік берілген. Бұндай түсінік түпнұсқада жоқ.
Ал, түпнұсқадағы «Мінәжат ғалымдардың зар-наласы» деген тар-
мақтағы «ғалымдардың» деген сөз жоғарыда аталған жинақтарда
«уәлилердің» деген сөзбен ауыстырылып, бұл сөзге де сілтеме ретінде
«Әулие, Пайғамбар» деген түсінік берілген екен. Түпнұсқа қалпына
келтірілді.
Газеттің 40-санында мысал ретінде алынған Абайдың «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінен соң сілтеме ретінде
бұл шығарманың мәтіні қашан және авторының кім екенін білдіретін
«1887-ші жыл (Абай)» деген анықтама берілген, ал бұл анықтама
жоғарыда көрсетілген екі жинақта да алынып тасталған. Бұл жинақта
олар түзетіліп берілді.
«Қазақ» газетінің 39, 40-сандардағы мәтіндерден кейін автордың
аты-жөні «А.Б.» деп қысқартылған түрде көрсетілген. Ал, 43-санның
микрофильмдегі мәтінінің тым көмескілігінен жалғасын оқу қиын
болғандықтан, оның соңында да осындай қысқарған атау тұруы
мүмкін деген болжам жасауға болады.
365
Достарыңызбен бөлісу: |