Аты- жөні Магзумова К.У. "Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндері
А бөлімі бойынша бағалауға арналған
тапсырмаларды әзірлеу және сараптау"
Атырау қ.ПШО филиалы мұғалім портфолиосы
А бөлімі Қазақстан тарихы пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7 сынып Бөлім тақырыбы: 7.1 Қазақ - жоңғар соғыстары
Тақырыптар
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы. Біртұтас қазақ жасағының ұйымдастырылуы. Қазақ-жоңғар шайқастары.
7.4.1.1 Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
1-тапсырма..Төменде берілген мәтін бойынша қазақ халқының әлеуметтік, саяси, экономикалық саласын бойынша жіктеп, анықтаңыз.
А
Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Батыс жақтан Еділ қалмақтары мен Жайық казактары шапқыншылық жасаса, солтүстіктен Сібір казактары, Жайықтың ар жағынан башқұрттар, оңтүстіктен Бұхар мен Хиуа хандықтары үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды.
В
Жоңғарлар - тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, дөрбент, хошоут, торғауыт сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғасырдың II жартысында құрылған одағы болатын. Ал XVII ғасырдан бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді.
С
Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды.
2 –тапсырмаСурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Берілген сурет бойынша не айтасыз?