«А» «Ә» сыныптарына Дүние жүзі тарихы пәнінен күнтізбелік тақырыптық жоспары. Барлығы 34 сағат, аптасына сағат



бет1/6
Дата23.10.2023
өлшемі38,24 Kb.
#187573
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 Д.Тарих. Жылдық жоспар. 2020-2021
1 qazaqstan-tarihy 6synyp orta-gasyrlar-tarihy-neni-oqytady qysqa-merzimdi-zhospar-2-sabaq



6 «А» «Ә» - сыныптарына
Дүние жүзі тарихы пәнінен күнтізбелік - тақырыптық жоспары.
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.
2020 – 2021 оқу жылы
Түсінік хат
5-9сыныптар бойынша дүние жүзі тарихы
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:



  • білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;

  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

2020/2021 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет