Жүктілік мерзіміне байланысты PAPP-A деңгейі, бал / мл
Жүктілк иерзімі
|
Референсты мәндер
|
8 - 9
|
0,17 - 1,54
|
9 - 10
|
0,32 - 2,42
|
10 - 11
|
0,46 - 3,73
|
11 - 12
|
0,79 - 4,76
|
12 - 13
|
1,03 - 6,01
|
13 - 14
|
1,47 - 8,54
|
Осы тесттің еркін бета-суббірлігін анықтаумен (немесе жалпы бета-ХГЧ), УДЗ мәліметтерімен (жағалық кеңістіктің қалыңдығы), тәуекелдің жас факторларын бағалаумен біріктірілуі 5% жалған оң нәтижелерде Даун синдромының пренаталдық скринингінің тиімділігін елеулі түрде арттыратыны анықталды. РАРР-А зерттеуі ұрықтың туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын биохимиялық маркер ретінде, әйелдердің жүктіліктің 11 - 13 апта мерзімінде алғашқы триместрдегі ХГЧ анықтаумен кешенде оңтайлы нәтиже береді [29].
Ана қанындағы биохимиялық маркерлер деңгейінің ауытқуын анықтау ұрықтың патологиясын сөзсіз растау болып табылмайды, бірақ басқа қауіп факторларын бағалаумен кешенде Ұрықтың даму аномалияларын диагностикалаудың аса күрделі арнайы әдістерін қолдануға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |