Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Төменарық ауылы
№53 А.Д.Романов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аужарова Салтанат Беркінбайқызы
Пәні: Әдебиет Сыныбы: 10 «Б»
Сабақ тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақ мақсаты: Абай шығармашылығын талдаб отырып, білімдерін жүйелеу, шығармашылық жұмыстар.
тәрбиелік : Адамгершілікке имандылыққа , асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жерінің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
дамытуы : Мәнерлеп сөйлеуге дағдылануы , ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Ойындар слайд ,кітаптар,сөз жұмбақ .
Сабақ түрі : Қайталау сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап,проблемалық сайысы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығы)
Сабақ тақырыбы: Үйге берген тапсырманы сұрау.Оқушыға сұрақ-жауап топқа бөлу.
Жаңа сабақ:
1) тест 2мин Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим
2)постер 5мин
3)дәптерге топтық жұмыс
“Ғылымтаппай мақтанбаа” 5 асыл іс 5дұшпан 5мин
4)Хроникалық кестеАбай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді
5)Сөзжұмбақ
1.Абайдың анасы кім?
2.Абай кім болды?
3.Табиғат тақырыбындағы өлеңі.
4.Абай қай жерде жерленді?
5.”Әділдік іздесең,Абайға бар” деген ақын.
6.Абай кімнің қасына жерленді?
7.Абайдың әйелі.
6)Сәттілік (ойын) Ыстық орындық
7)Ойтолғау 2мин
8)логикалык ойындар
9)сұрақ-жауап
10)үй тапсырмасы
Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін” тақарыбында өлең шығару немесе ой толғау
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді.
Дәптерге топтық жұмыс
Бес асыл іс Бес дұшпан
Тақтадағы жаңа сөздермен жұмыс :
қара қар
апар апа
айым қама
ар шар шама
мал шара
шаш шығарма
ғалым ыңыр
ғарыш арлы т.б.
Сөйлемдерді толықтырындар
1.Абай- қазақтың....
2.Абай Құнанбайұлы...
3.Жасынан өзінің...
4.Абай үлкен кісілер айтқан...
5.Жасы отыздан асқаннан кейін...
6.Абай бала тәрбиесінде,...
Хроникалық кесте
Өлеңі
бар
|
Қарасөзі
|
Поэмалары
|
Күйі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы туған.
Абай жасынан ынталы , зерек болды. Ол ертегі , әңгіме, өлеңдері тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға берді. Осында жүріп, Абай орыс халқының ұлы ақындары А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крыловтың шығармаларымен өз бетінше оқып танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударады.
Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, оыс халқымен дос болуға шақырды.
ТАПСЫРМАЛАР:
Мәтін бойынша диалог құрастыру
Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар құрастырыңдар
Зат есімдерді сөз құрамына талдаңдар.
Сын есімдерді теріп, жазыңдар
Омоним, синоним, антоним бола алатын сөздерді атаңдар
Мәтіндегі жалқы зат есімдерді анықтаңдар.
Үй тапсырмасы:
“Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін” тақарыбында өлең шығару немесе ой толғау
Достарыңызбен бөлісу: |