А. Е. Айтбаева 1, Б. Қожекеева



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата29.09.2023
өлшемі2,06 Mb.
#182968
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
m-hanbet-ali-lyny-tar-keze-romanynda-y-ltty-a-arman-beynesi
29.09.2021, мөлдір мах, 20Б, сай
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
72 
мақсатымен 
жасалған 
Неплюев 
пен 
Тевкелев 
жобаларының 
өмір 
тәжірибесімен 
ұштастырылмағандығы. Жоба қағаз жүзінде қалған да оны орындаушылар жобаны өмірдегі іс-
тәжірибеге асырмаған. Жазушы осындай ұсақ детальдарға мән беру арқылы қазақ елінің тығырыққа 
тірелген күйінің себеп-салдарын ашуға ден қойған.
Осындай мысалдың бірі – Польша жерінде жүрген инфантерия генералы Игельстромның 
Императрицаның қабылдауында болып, өзінің ұсыныстарын айтуы. Патшайымға 1775, 1784 жылғы 
Ережелермен жақынырақ танысқандығы, алайда осында жазылған заңдар мен үкімдердің дұрыс 
орындалмағандығы туралы пікірінің өтімді болғандығы нақты деректерге сүйенгендігінен көрінсе, 
мұның өзі оған деген сенімнің арта түсетіндігін байқатады. Игельстромның пікірінше сауда-
саттықты сол шекаралардың түбіне апару керектігі. Ал Императрицаның: – Қай түкпірде, қандай 
қиянда жүрсеңіздер де, Ұлы Россия, орыс халқы, Россия тәжі мен тағы Отан алдында еңбегі адал 
ұлдарының қызметін ешқашан ұмытқан емес, барон мырза! Әлі күнге құлқы беймәлім, мінезі әрпіл-
тәрпіл мынау басы асау қырғыз-қайсақ жұртын жөнге салып, күллі Ресейге ортақ Заң жолына 
бейімдей алсаңыз, сөйтіп оларға да тәртіп пен тыныштық орната алсаңыз, Ұлы Россияға сіңірген 
ұлық еңбегіңіз ескерусіз қалмайтынына бек сене беріңіз, – деген сөзі Игельстромға деген үлкен 
міндетті танытуға қызмет етеді.
Осылайша патшалық империяға бағынғандарына жарты ғасыр болған қазақ халқының 
олардың заңдарына бағынбай келе жатқандығын байқатса, ол халықтың да тегін емес екендігі 
белгілі. Міне, жазушының да алдына қойған мақсаты – осы. Ол дала өркениетін қабылдаған 
жауынгер қазақ халқының сан ғасырлардан бері қалыптасқан өздерінің ата заңы бар, олар сол заңға 
ғана бағынады. Оларды күштеп, зорлап айтқаныңа жүргізе алмайсың дегенге саяды.
Кезінде хан көшіне шабуыл жасаған атаман Чагановтың өзін тізгіндеп тезге салған Сырым 
патша үкіметі үшін де осал жау емес. Аңыз әңгімелер мен тарихи жырларда жағымды кейіпкерлерді 
асыра суреттеу басым болса, романда әрбір кейіпкердің ет пен сүйектен жаралған екі аяқты пенде 
екендігіне көзіміз жетеді. Ақ патшаның атаманын Жайық қалашығына жеткізбей тұтқындайтын 
Байбақты Сырымның ержүрек батырлығы оны алыс жерге тұтқынға сатып жібергендігімен толыға 
түседі. Осы сотқарлығы үшін ол кезінде патша ағзамның тас түрмесінде төрт ай отырып та шыққан. 
Бұлардың айтуына қарағанда Сырым баскесер қарақшы тәрізді ой қалдырады. Ал тарихи құжаттар 
оның әлсізге тізе батыратын әумесерлігін жоққа шығарғандай. Міне, қазақ елімен шекараға қызметке 
келе жатқан Игельстромды осындай сан сауал мазалағаны рас. Ой құшағында қалған кейіпкердің 
монологы мен патшайымға жасаған ұсыныстарының өзі оның бейнесін толықтыруға қызмет етеді.
Сырымның орыс хуторларын шабуының да өзіндік себептері бар секілді. Құжаттарға қарап 
отырса, казак-орыстардың қазақ ауылдарына тыныштық бермегені сайрап тұр. Аңыз-
әңгімелердегідей емес романда әрбір оқиғаның астарына үңіліп, оның себеп-салдарына әлеуметтік 
талдау жасау басым. 1785 жылғы ақпан айының басында Санкт-Петербургтегі Әскери Коллегия 
Президенті генерал-фельдмаршал Потемкиннен келген бұйрықты жүзеге асыру барысындағы оқиғаға 
назар аударып көрелік. Орынбор мен Оралдағы казак әскерлерінің құрамында башқұрттардың көптеп 
болғаны белгілі. Діні жағынан келгенде олар мұсылман халқы болғандықтан қазаққа жақын. Алайда 
қазақтарды шабу оларға да оңай емес. Жазушы мұсылман бауырлардың осы сәттегі көңіл күйлері 
мен жан тебіреністеріне мешіттің азаншысы Шәпи молданың ықпалы болғандығын назарда ұстауға 
тырысқан. Жұма намазға жиналғандарға намаздан кейін айтылған уағыздың өзі-ақ сол жерге 
жиналғандардың ертеңгі жоспарына күдікпен қарағандығын растайды.
Осы сәтті жазушы былай сипаттайды: «Самсаған сары қолдан жаны шошып, шын торыққан 
Шәпи сол күні тебірене толқи тұрып, Жаратқан Иемізге жаман қатты жалбарынып еді. Кім біледі, 
мыңның тілегі емес, бірдің... бір ғана соның тілегі қабыл болды ма... Әйтеуір, Електің жоғарғы 
жағындағы қазақ ауылдарын шабамыз деп, мұздай қаруланған екі жүз елудей казак-орысты басшы 
етіп, оған екі мың жарымға жуық башқұртты қоса ертіп, соңдарынан екі ауыр зеңбірек сүйретіп, 1785 
жылдың 17 ақпанында Орынбордан шыққан осынау отряд, – майор Смирнов бастаған қарулы қол, – 
қаладан едәуір ұзап шыққан соң айдалада ақ түтек боранға ұрынып, әлденеше күн адасып, бірталай 
адамдары мен ат-көліктерінен айырылып, өз-өздерінен азып-тозып, ақыры жарты ай шамасында 
шаһарға әрең қайта оралған» [2]. Құран-кәрімнің сүрелерінде «Алланың жәбірленуші жағында» 
екендігі баса айтылады. Осы қағидаға сүйенетін болсақ, басқыншылардың қазақтардың жеріне қол 
салуын Алла тағаланың өзі де қолдамай тұрғандай әсер береді. Ақ түтек боранға ұрынған әскердің 
аш-жалаңаш күйде қалаға тоз-тозы шығып келуі біріншіден, олардың бөтен жердің климатын 
білмейтіндігі болса, екіншіден, жат жердің тасы мен суы да жаттық жасайтындығы. Олай болса, 
сырттан келгендердің жергілікті халыққа тізе батыруының өзі – отаршылдықтың белгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет