Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
74
жесір алу қамымен келген олар қолға түскен тұтқындарын өз адамдарына айырбастамақ. Олардың
ішінде, әрине, жазықсыз, қапыда кеткен Айшуақ сұлтан да бар.
Сырымның ұрыс заңын меңгергендігі жауды қамалда отырғанда ала алмайтындығын біліп,
оларды қалай да далаға шығарудың жолын қарастыруы. Көктен сұрағандары жерден табылып,
тұтқындарын босатпақ болып қамалдан өздері шыққан әскер
мен Сырым батырдың қолы
кескілескен ұрыс салады. Сырымның соғыс тактикасын меңгергеніне соғыс тәсілдерін әп-сәтте
өзгертуі негіз болады.
Осы оқиға жөнінде Г.Орда: «Таналық секілді мықты қамалының тал-түсте шабылуы Уфа мен
Сімбір әкімшілік аймағын аяқ астынан аяғынан тік тұрғызды. Губернатордың қабылханасында бас
қосқан шұғыл жиынның негізгі мәселесі де осы Таналық қамалының шабылуы еді. Игельстром
жиналғандардың пікірлерін мұқият тыңдау арқылы істің ақ-қарасын шешу үшін мәселені бейбіт
түрде келісіммен шешуге бел буды. Барып кел, шауып келдің күні өткенін ол қарамағындағыларға
Императрицаның сөздері арқылы түсіндірді. Әскери атаман Акутин, премьер-майор Донсков тәрізді
қызметкерлердің пікірін тыңдау арқылы қазақтардың ішінде генерал Суворовтың өзі мойындаған
Сырым батыр сынды батырлары бар екені, олардың кезінде Пугачев көтерілісіне қатысқаны жөнінде
мәлімет алады. Қарымта қайтару үшін қатаң жазалауға болмайтынын түсінген Игельстром екі жаққа
бірдей бейбіт келісім жасау керектігіне тоқталады» [7; 82] - деген болатын. Ғалымның пікіріне
сүйенетін болсақ, Императрицаның өзіне деген үлкен сеніміне аса қошеметпен қараған Игельстром
бұл мәселені де мұқият шешу керектігін түсінеді.
Жергілікті халықпен тілтабысу үшін олардың өздеріне сенімді
өкілдерімен келісіме келу
керектігін пайымдаған Игельстром Шекара істері жөніндегі экспедицияда істейтін титулярный
советник Нұрмұханбет Әбдіжәлеловті (Нұралының күйеу баласы), Айырбас Сарайдың делдалы
Шүкірәліні, мешіттің молдасы Шәпиді қабылдап, олардың ұсыныс-тілектерін қабылдайды.
Жергіліктің ұлттардың өкілі ретінде келген кісілердің әрқайсысына мұқият қырағылықпен қараған
басшы сол өкілдер арқылы қазақ деген халықтың ел айтып жүргендей көшпелі, жабайы халық емес
екендігін түйсінеді.
Оны жазушы былай сипаттайды: «Риза болғаны – осы уақытқа дейін төңірегіндегілер: «тағы»,
«жартылай жабайы», «бұлармен сөйлескеннен гөрі, азулы жыртқыштың өзімен аңдысып-арбасқан
әлдеқайда жеңіл» деп, әбден түңілдіріп тастаған мына қырғыз-қайсақтар,
қарап отырса, әлгіндей
сөздерді айтып жүргендердің өзінен әлдеқайда әдепті де сыпайы; үлкенді – үлкен, кішіні – кіші деп
орнымен сыйлай білетін жұрт екенін өз көзімен көріп, бұл елді мүлде басқа жағынан танығаны бір
болса; оның үстіне бұлардың аса маңызды шаруаларға да атүсті қарамайтын, әр нәрсені артқы
жауапкершілігі мен ұятын ойлайтын арлы халық екендігіне сүйсінгендігі де бар еді» [2; 331].
Жазушы осы оқиға үстінде кеңестік дәуір тұсында көп айтылған «тағы», «жартылай жабайы»
деген сөздерді белгілі мақсатпен тырнақшаға алып отыр. Осы сөздер арқылы қазақ халқының
ұлылығын мойындамай келген отаршыл империяның ішінде де көзі қарақты жандардың болғандығы
қуантады. Жазушы Игельстромның көзқарасын жеке адамның емес, патшалық империяның қазаққа
деген көзқарасының өзгеруі ретінде алған.
Қорыта келгенде, романда Жайық казак-орыстары мен башқұрттар Еділ қалмақтарының
талауына түсіп, Нұралы ханның тығырыққа тірелгені,
Патшалық Ресейге бағынып, оның отарына
айналған қазақ халқының тар кезеңге тап болғаны тарихи негізде нанымды суреттелген.
Сырым батырдың елі мен жері үшін өз басын өр өлімге тіккенін, белін шешіп аттан
түспегенін, ақ патша мен ханға елінің сөзін сөйлегені үшін жақпағанын тарихи құжаттар растайды.
Достарыңызбен бөлісу: