А. Е. Сандыбаева Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьтерлік технологияда негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тағы басқа программалардың жиынтығы



Дата18.02.2018
өлшемі28,99 Kb.
#37805
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА электронды оқулықты ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Алматы облысы

Ақсу ауданы

«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі»



коммуналдық мемлекеттік мекемесі

физика пәнінің мұғалімі

А.Е.Сандыбаева

Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьтерлік технологияда негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тағы басқа программалардың жиынтығы. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. 


Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. 
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы


Физикада оқушы үшін электрондық оқулықты қолдану тиімділігі:
1. Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге; 
2. Оқушының өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге; 
3. Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға; 
4.Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға; 
5. Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға; 
6. Қажетті материалдарды жылдам ізденіп табуға мүмкіндік туғызады; 

Электронды оқулықтарды физика сабақтарында пайдаланудың артықшылықтары: 
1. Өтіліп отырған тақырыпты жан-жақты меңгеруі; 
2. Оқыту үрдісінің әр түрлілігі мен оқушының қызығушылығының артуы және жеке тұлға ретінде шығармашылығының артуы; 
3. Оқушының шығармашылық қабілетінің артуына көмектеседі; 
4. Мұғалімнің тиімді оқыту әдістерін таңдап алу мүмкіншілігін кеңейтеді. 

Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет