А. Ерғалиева Аналитикалық химия Сапалық және сандық анализ



бет3/22
Дата29.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
#36042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

а – кранымен; б – қысқышымен; в – оливiмен.

Бюреткалар аналитикалық химияда титриметриялық анализде титрлеуге кеткен титранттың дәл көлемiн анықтау үшiн пайдаланылады.



Сурет 4. Пипеткалар

а – Мор пипеткасы; б – градуирленген пипетка
Пипеткалар аналитикалық химияның титриметриялық анализінде анализденетін ертіндінің немесе стандарт ертіндінің дәл көлемін өлшеп алу үшін пайдаланылады.

Пипеткалардың екi түрi болады:

1. Сұйықтың әртүрлi көлемiн өлшеп алуға арналған градуирленген пипеткалар.



2. Сұйықтың белгiлi бiр көлемiн өлшеп алуға арналған шектелген сыйымдылығы көрсетiлген пипеткалар (Мор пипеткалары). Олар: 5, 10, 15, 20, 25, 50, 100 миллилитрлiк болады.

Өлшеуіш колбалар (сурет 5) судың белгілі көлемінде заттың дәл массасын еріту арқылы титрі белгілі ерітінді дайындау үшін қолданылады. Өлшеуіш колбалардың бүйірінде олардың сыйымдылығы көрсетілген: 50, 100, 200, 250, 500, 1000 миллилитрлік. Өлшеуіш колбалар титриметриялық анализде стандартты ерітінделер дайындау үшін пайдаланылады.


Сурет 5. Өлшеуiш колбалар

Химиялық зертханада шыныдан жасалған әртүрлi шүмектер (сурет 6) кең қолданылады:

- конусты шүмектер;

- ұнтақтық шүмектер;

- бөлгіш шүмектер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет