А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет11/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап
Блисов Экол картограф, Шартты белгілер
4.3 Карталарды құрастыру

Тектоникалық карталарды құрастыру үлкен авторлық жұмыстарды және көптеген картографиялық көздерді талап етеді. Тектоникалық және неотектоникалық карталарды құрастыру үшін келесі көздер пайдаланады: гравитациялық және магнитті түсіріс материалдары, әртүрлі масштабтағы тектоникалық карталар және схемалар, аумақтық геофизикалық зерттеу нәтижелері, палеотектоникалық, палеогеографиялық және басқа карталар әуеғарыштық суретер және т.б. Жалпы концепцияны нәтижелеу, жарылымдарды, эффузивті жыныстардың шығуын көрсету үшін міндетті түрде стратиграфиялық геологиялық карта пайдалынды.


Тектоникалық карта геофизикалық және басқа да мәліметтерді қолдана отырып геологиялық карта негізінде құрастырылады. Тектоникалық картаны құрастыру кезінде негізгі тектоникалық элементтердің шекарасы сейсмиялық және гравиметриялық мәліметтер бойынша жүргізіледі. Жаңа тектоника картасын құрастыру кезінде жалпы көтерілу немесе төмендеу көрсеткіші барлық геология, геоморфология және палеогеография мәліметтері бойынша бағаланады. Тектоникалық картаның жасалуы әдісі, концепциясы, көздердің өнделуі және легенданың құрастырыуынан басталады.
Тектоникалық карталарды құрастыру кезінде аумақтың ерекшеліктерін және оның даму тарихын өзгертпеу үшін назарға алу керек. Бұл жерде авторлық көзқарас және геотектоника картографиялаудың жалпы концепциясы үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде карта мазмұнын құрастыру үшін ара қашықтытан зерделеу мәліметтері пайдаланады. Ғарыштық суреттердің дешифрлеу әдісі және ақпарттылығы зерттелетін тектоникалық элементтердің түріне және жасына, оларың ішкі құрлымына және жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ең ақпартты жарылымдардың ғарыштық суреттері. Оларды тану үшін жылу диапазондағы суреттер қолданған дұрыс. Ғарыштық суреттер арқылы жарылымдары бар мофроқұрлым зоналарын және картографиялау қажет тектоникалық құрлыстың басқа да ерекшеліктерін анықтауға болады.
Соңғы жылдары геодинамикалық жағдайды, тектоникалық құрлымдарды зерттеу, геодинамикалық мониторинг жүргізу және болжау үшін тектоникалық картографиялау және электронды тектоникалық карталар құрастырылуы ГАЖ-технология негізінде жүреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет