А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Карталар құрастыру және безендіру ерекшеліктері



бет23/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап

8.2 Карталар құрастыру және безендіру ерекшеліктері

Картаның мазмұны, олардың толықтылығы, нақтылығы және тәжірибелік бағыты легендада қамтылады. Картаның маңызы мен масштабына, аумақтың топырақ жамылғысы құрылымының ерекшелігіне байланысты топырақтың таксономиялық бірліктері 221 әртүрлі дәрежеге бөлінеді. Легенданы құрастыру кезінде топырақ топтастырудың белгілі жүйедегі таксономиялық категорияларының орналасуын қабылданған жіктеуге байланысты анықтайтын құрылымын таңдау үлкен мәнге ие.


Топырақ картографиясында легенда құрастырудың жалпы қабылданған келесі жүйесі бар: бірінші бөлімінің (қатардың) бөлінуі – жазық пен тау топырақтары, оларға типтер, типшелер және топырақ түрлері кіреді.
Жазықтың топырақтары сан алуан, жақсы зерттелген, үлкен шаруашылық маңызға ие және сондықтан да олардың бөлімшелері нақты.
Легенданың екінші бөлімінде топырақ кешендері көрсетіледі, ал үшінші бөлімінде - топырақтың механикалық құрамы және топырақ түзуші жыныстар сипатталады.
Легенданың бірінші бөліміндегі топырақты орналасу тәртібі келесі принципке бағынады: топырақтың генетикалық типі зональды, азональды және интрозональды болып бөлінеді. Зональды топырақтар тобына олардың генетикалық типі географиялық алмасу тәртібі негізінде солтүстіктен оңтүстікке қарай (таулар үшін жоғарыда төмен қарай) орналасады. Бір генетикалық типке жататын топырақтар легендада олардың таксономиялық рангсының төмендеуіне қарай орналасады, сонымен қатар бір генетикалық типтегі топырақ типшелері белдемшелер (подзоны) бойынша географиялық алмасуына байланысты оқылады, мысалы, күлгін қара топырақ, сілтілі, типтік, қарапайым, оңтүстік қара топырақтар.
Топырақтың түрін бейнелеуде, топырақтүзілу үрдістердің қарқындалу деңгейі бойынша орналастырады, мысалы, әлсіз, орташа және қатты күлгінген топырақтар.
Кешенге жататын топырақтар әдеттегідей екі-үш топырақ типтеріне жатады. Олар легенданың екінші бөлімінде зональды және интразональды топырақтардан кейін орналасады.
Топырақтардың бірлестігі ауданының көлемі бойынша аз аумақты алып жатқан сәйкес топырақтарды көрсету үшін масштабтан тыс белгілер пайдалынады. Карта легендасында белгілер топырақты белгілейтін төртбұрыштың төменгі оң жақ бұрышында орналасады. Картада берілген топырақ басым топырақтардың арасында жергілікті таралуын көрсетеді. Мұндай әдіс картаның ақпараттылығын ұлғайтады.
Механикалық құрамы бойынша топырақтың бөліну негізінде топырақта ылғалды ұстап тұратын және жоғарыға көтеретін қабілеті бар бөліктердің мөлшері бойынша механикалық элементтердің жіктелуі жатыр. Мысалы, топырақтың тасты бөлігі ылғал ұстап тұра алмайды, құмның ылғалды ұстап тұратын тек әлсіз қасиеті бар, ал баптақты құрам ылғалды жақсы ұстап тұрады және су көтергіштік қабілетке ие. Таулы жыныстармен төселген топырақтың механикалық құрамы ірісынықты –тасты (тасты шөлінділер (осыпь), опырылымдар, қой тастар т.б.) және ұсақ топырақты (құмдар, құмдақтар, саздақтар) болып бөлінеді.
Картаның легендасын құрастыруда топырақтың генезисін көрсету үшін түс пайдалынады. Негізгі белдем қатары үшін жылы спектр, интразональды топырақтар үшін суық спектр пайдаланса, ал ауыспалы типтер топырақтар түстері (баптақты, тұзды, карбонатты, сортаңды топырақтар) түрлі түсті сызықтармен (қызыл және көк) көрсетіледі.
Топырақтың әр түрін бейнелеу кезінде сұр және қара түсті штрихті белгілер пайдаланылады. Басып шығарарда кешенді топырақтарды көрсету кезінде пішінді торлар қолданылады.
Тау топырақтары жазықтағы ұқсас топырақтардың түсімен көрсетіледі, бірақ бояуы еңісті ақ, ақшыл кең жолақтар ретінде беріледі.
Ұсақ масштабты карталарда ақшық жиектер еңісті сызықтармен көрсетіледі. Түске қосымша әрбір топырақ индекстеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет