Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ



Дата22.08.2017
өлшемі33,38 Kb.
#24139
түріСабақ
Күні: 15.10.2015

Тақырыбы: Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі. 
Мақсаты: 
Білімділік:. Генетикалық код және оның қасиеттері туралы түсінік беру. 
Дамыту: Нәруыздың биосинтезімен таныстыра отырып, транскрипцияның реттелуі туралы ойларын дамыту. 
Тәрбиелік: Биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін білуге тәрбиелеу 
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ 
Оқытудың әдістері: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сөздермен жұмыс. 
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс. 
3. Б.Ү.Ү. кестесі. 
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б. 
Сабақтың жоспары: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
ІІІ. Жаңа сабақ 

Генетикалық код және оның қасиеттері. ДНҚ молекуласындағы бір генде белгілі бір ретпен орналасқан нуклеотидтер жүйксі нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу ретін анықтайды. Мұны генетикалық код деп атайды. ДНҚ молекуласының құрылымы өте қарапайым, бар болғаны 4 нуклеотидтің кезектесіп орналасуынан түзілген. «Осы молекула қалайша бір организмнің құрылысы мен оның бүкіл тіршілігі туралы ақпаратты алып жүреді?» деген сұрақ туады. Шын мәнісінде, ДНҚ-да бар болғаны 4 түрлі нуклеотид болса, ал нәруыз молекулаларында 20 түрлі аминқышқылдары бар. Зерттеулер нәтижесі нәруыздағы әр аминқышқылына ДНҚ-дағы үш нуклеотидтің сәйкес келетінін көрсетті. Ол триплет немесе кодон деп аталады. ДНҚ –ны құрайтын 4 түрлі нуклеотидтен үш-үштен 64 кодонның нұсқаларын алуға болады. Олардың 61-і аминқышқылдарын анықтайтын мағыналы кодондар, ал қалған үшеуі мағынасыз кодондар делініп, тек полипептидтік тізбектер синтезделуінің аяқталуын көрсететін тыныс белгілерінің қызметін атқарады. 
Нәруыз биосинтезі өте күрделі көпсатылы процесс болып табылады. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы, яғни нәруыздың синтезделуі мынадай бағытта жүреді: ДНҚ→РНҚ→Нәруыз. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады: транскрипция және трансляция. 
Транскрипция кезінде ДНҚ молекуласында жазылған тұқым қуалау ақпараты а-РНҚ-ға көшіріліп жазылады. Түзілген а-РНҚ ДНҚ-дан алыстап, ядродан шығып, цитоплазмадағы рибосомаларға келеді. Нәруыз синтезінің трансляция кезеңі басталады. Трансляция деп нәруыз туралы ақпараттың а-РНҚ-дағы нуклеотидтер ретінен полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары ретіне ауыстырылуын айтады. Жасуша цитоплазмасында 20 түрлі аминқышқылдарының болатыны белгілі. Нәруыздың синтезіне қажетті аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдаушы РНҚ жеткізеді. Жасушадағы т-РНҚ-ның саны аминқышқылдарын анықтайтын кодондардың санына сәйкес келеді. Пішіні жапырақ тәрізді т-РНҚ-ның жоғары ұшында а-РНҚ –дағы кодондарға комплементарлы келетін триплет – антикодон орналасқан. т-РНҚ-ның қарама-қарсы ұшында сол антикодон анықтайтын аминқышқылы орналасатын бөлік болады. Әр т-РНҚ АТФ энергиясын жұмсай отырып, арнайы ферменттің көмегімен өзінің аминқышқылын тауып, онымен байланысып, рибосомаға алып келеді. Цитоплазмадағы рибосома а-РНҚ-ның бір ұшына келіп орналасып, нәруыз синтезіне бастайды. 

Транскрипция – энергияны жұмсай жүретін процесс. Түзіліп жатқан полипептидтік тізбекке бір аминқышқылының жалғануы үшін 4 молекула АТФ АДФ-ке дейін ыдырауы тиіс. Осы кезде босап шыққан энергияның тек 10%-ға жуығы ғана т-РНҚ-ның өзінің аминқышқылын танып, оны тізбекке пептидтік байланыс арқылы жалғауына жұмсалады, қалғаны жылу ретінде ортаға тарап кетеді. Бұл процеске энергия жеткіліксіз жұмсалса, трансляция баяулап, қателіктері бар, сапасыз тізбектер түзіледі. 

IV. Жаңа сабақты бекіту. 

Б.Ү.Ү. кестесі. 

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді 


V. Қорытындылау, бағалау. 
VІ. Үйге тапсырма беру. Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет