Файл:
Айдар:
Тақырып:
“Жаулығымның ұшына жұпар түйдім”
Шымкент қалалық “Отырар” ғылыми-əмбебап кітапханасында
Қазақстан жазушылар
одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лаулеаты, Отырар
ауданының “Құрметті азаматы”, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Əселхан Қалыбековамен
“Жаулығымның ұшына жұпар түйдім” атты тақырыпта оқырмандармен кездесу кеші болып өтті.
Поэзиялық кешке елге белгілі зиялылар Бекет Тұрғараев, Нармахан Бегалыұлы, Мархабат Байғұт, Баян
Тіленшина қонақ болып, өткен күннің естеліктерін қайта жаңғыртып, жас өрендермен өнегелі өмір
жолыда кезіккен қиын-қызық сəттерін бөлісті. Кешті тізгіндеген аталмыш кітапхананың директоры
Күлия Айдарбекова шығармашылық кештің шымылдығын ашу үшін құттықтауды Еркінбек Тұрысовқа
берді. Сонымен қатар, ақынын іздеген Отырар ауданының əкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы да арнайы
келіп, жүрек жарды лебізін білдіріп, ақын апамызға арнаған сый-сияпатын табыстады. Қазақтың арқалы
айтыскер ақын қызының ізін басып, жолын жалғап жүрген шəкірттері Анар Жаппарқұлова, Маржан
Есжановалар арнау мен құттықтауларын айтып, өздерімен бірге апамыздың немере шəкірттерінің
шығармашылығын қос алып келген.
Кеш аясында Əселхан апамыздың сөзіне жазылған əндері орындалып, Б.Өтепов атындағы өнер
мектебінің оқушылары дайындаған қыз бен жігіт айтысы ұсынылды.
Жиынның соңында кештің басты кейіпкерінің сөзіне жазылған “Шəуілдір вальсі” шырқалып, əдемі
сазды əуенмен бірге елігіп би билеп тарасты.
Камила Бұғыбаева,
ОҚМПУ-дің филология
факультетінің 2 курс
студенті