А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет32/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап

10.4 Қолданбалы ландшафттық карталар

Ландшафт туралы ілім өзінің бүкіл тарихында халық шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Ландшафттанушылармен жүргізілген бірқатар далалық және камералдық жұмыстар өндіріс мекемелері тапсырмасымен жүргізілді. Сол жүргізілген жұмыстар негізінде ландшафтты карталар құрастырылды. Мазмұнды мақсатта құрастырылған карталар және осы аумақта қандай да болмасын геожүйенің физикалық-географиялық өзгеру мүмкіндіктерін бағалап, әр түрлі ұсыныстар жасалды.


Ландшафттардың қолданбалы зерттелуі екі бағытта қарастырылады: 1) халық шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларды табиғи кешендер туралы қажет мәліметтермен қамтамасыз ету; 2) табиғи кешендердің игеру, пайдалану және өзгеруінің ғылыми негізін дайындау. Барлық қолданбалы ландшафты-географиялық жұмыстардың негізінде геожүйені объективті талдауы болуы керек. Немесе қолданбалы жұмыста іргелі ландшафттық зерттеулер нәтижесі қажет, өйткені геожүйені тиімді пайдалану үшін теориялық нәтижелерді пайдалану керек.
Ландшафттық картаны құрастыру, жалпы ғылыми картаны құрастырудағы қолданылатын тәсілдер мен әдістердің ешқандай айырмашылығы жоқ. Бірақ құрастырылатын картаның мазмұны қосымшама сипаттамалармен толықтырылады. Мысалы, инженерлік тәжірибеде қолданылатын ландшафттық картада изогипстер немесе бірдей еністеу, грунтардың инженерлі-геологиялық қасиеттері, аймақтың гидрогеологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер қолданылады. Қолданбалы ландшафттық зерттеулер карта құрастырумен аяқталады, олар келесі ретпен орындалды: инвентариза­ция, бағалау, болжам, ұсыныс. Бірінші кезеңде ландшафттанушымен орындалатын ландшафттық картографиялау негізгі әдіс болып табылады. Екінші кезеңде – шаруашылық немесе ғылымның сәйкес саласындағы маман және ландшафттанушымен бірге орындалатын қолданбалы мақсат үшін табиғи кешендерді бағалау. Болжам мен ұсыныста әр бағыттағы мамандар қатысу қажет. Картографиялаудың масштабы қолданбалы зерттеулер мақсатына сәйкес келу қажет.
Соңғы жылдары ТАК химиялы элементтер миграциясын көрсететін қолданбалы ландшафттық-геохимиялық карталарды құрастыру кеңінен дамып келеді. Бұл карталар геология, ауыл шаруашылық, медицина және табиғи ортаны қорғау қажеттілігі үшін ландшафттық негізінде құрастырылады.
Пайдалы қазбаларды іздестіру үшін ланшафттық-геохимиялық карталарда кешендік құбылыстар көрсетіледі. Мұнда геологиялық жағдайды, жергілікті жыныстардың литологиясы және химизмі және борпылдақ шөгінділердің сипаты мен оның қалындығы көрсетіледі. Аумақтың табиғи жағдайының өзгешелігі, ізденіс әдістердің тиімділігін негіздеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да карталар құрастыру пайдалы қазбаларды іздестіру жұмыстардың ең маңызды бөлігі болып табылады және ол барлық геологиялық өндіріс аумақтарында жүргізіледі. Карталарда негізгі геохимиялық және қарапайым ландшафттарды көруге болады.
Ландшафттық-геохимиялық (жалпығылыми және қолданбалы) карталарды құрастыру үшін келесі негіздер алынады: жалпыгеографиялық және тақырыптық карталар, Жер қабатындағы химиялық элементтер мазмұнының заңдылықтарын, олардың түрлерін және жылжу бағыттарын көрсететін арнайы геохимиялық карталар.
Ауылшаруашылық бағыттағы карталар биологиялық айналымда қатысатын геохимиялық элементтер туралы мәліметтер береді.
Медициналық-географиялық картада биохимиялық эндемиктердің таралуы, эндемикті аурулардың табиғи ортаның факторларымен байланысы көрсетіледі. Бұл карталарда адам және жануарлардың ауруларымен байланысты табиғи ортаға керекті тіршілікке маңызы зор құрамдардың аз мөлшерде кездесетін аумақтар көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет