А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#10579
1   2   3

Өзім туралы

Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен он сегіздемін. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші курсының студентімін.



Біздің университетімізде студенттер бірлестігі бар. Мен сол бірлестіктің мүшесімін. Біз университет және қала көлемінде өткізілетін шараларды ұйымдастыруға және жастар мәселесін шешуге ат салысамыз. Бірлестік мүшелері - әр түрлі факультеттің 1-4 курс студенттері.

Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, апам, қарындасым және мен. Ағамнан басқасы Павлодардамыз. Атам мен әжем – егде адамдар, олар – зейнеткерлер. Әкем – кәсіпкер. Шешем – дәрігер. Ағам Астанада министрлікте жұмыс істейді.. Апам тұрмыста. Қарындасым мектепте оқушы. Біз үлкен жекеменшік үйде тұрамыз.



Біздің үйіміз қаланың шетінде орналасқан. Отбасымыз жақсы және тату.

5-Сабақ

5.1 Фонетика: Ң дыбысы, ерекшелігі, дыбысталуы. Буын түрлері.

5.2 Грамматика: Сын есім, дара, күрделі түрлері.Синонимдер.

5.3 Лексика: Досым туралы.

1-жаттығу. Төмендегі сөздерді оқып, айтылуына көңіл аударыңыз.

ең - «самый» ен - «ширина»

оң - «правый» он - «десять»

тоң - «мерзлота» тон - «шуба»

мең - «родинка» мен - «я»

сең - «льдина» сен - «ты»

шың - «вершина» шын - «действительный»

кен - «руда» кең - «просторный»

таңу «завязывать» тану «опознавать»
2-жаттығу. Оқып шығып, жуан және жіңішке буынды сөздерге бөліңіз. Екпіннің үнемі соңғы буынға түсетінін есте сақтаңыз.

Аң, таң, шаң, жең, оң, маң, мың, шың, тең, тың, алаң, аңду, шапшаңц, кеңсе, жаңбыр, маңдай, каңтар, маңыз, елең, саңырауқұлақ, жеңілдік, еңбек, ертең, таңертең, сараңдық, тереңдету, тоңазытқыш, жаңалық, меңгерді, коңырау, теңіз.
Сын есім қазақ тілінде мағынасына қарай сапалық (негізгі) және қатыстық болып бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың сапасы мен сынын білдіреді:


Заттың сапасы мен сыны



Мысалдар

1. Түс

ақ «белый», қара «черный», қызыл «красный», сары «желтый», көк «синий», жасыл «зеленый», қоңыр «коричневый, сұр «серый»

2. Көлем, мөлшер

үлкен «большой», кішкене «маленький», кең «широкий», тар «узкий», биік «высокий», қысқа «короткий»

3. Характер или свойство

жуас «смирный», тентек «озорной», сұлу «красивый», жалқау «ленивый», қатты «твердый»

4. Вкус

ащы «горький», тәтті «сладкий», дәмді «вкусный», тұщы «пресный», қышқыл «кислый»


5. Форма



домалак, «круглый», жалпақ «плоский», томпақ «выпуклый», кисъқ «кривой», тузу «ровный», сопақ «продолговатый», қырлы «граненный», дөңгелек «круглый»


Қатыстық (туынды) сын есімдер келесі жұрнақтар арқылы жасалады:


Жұрнақтары мен мағынасы

Негізгі түбір

Туынды сын есімдер

-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті указывает на отношение одного предмета к другому

тау «гора» куш «сила» ен «ширина»

тау-лы «горный» күшті «сильный» енді «широкий»

-дай/-дей, -тай/-тей указы­вает на качество предмета от­носительно другого предмета

бала «ребенок» сут «молоко» к;ыз «девушка»

бала-дай «как ребенок» сүт-тей «как молоко» қыз-дай «как девушка»

лык/-л1к, -дык/-д1к, -тык/-тж образует прилагательные от слов, заимствованных из русского языка

инженер компьютер математика

инженер-лік «инженерный» компьтерлік «компьютерньй» математика-лык, «математи­ческий»


-сыз/-сіз

образует отрицательные

прилагательные


бұлт «облако» су «вода» тіс «зуб»

бұлт-сыз «безоблачный» су-сыз «безводный» тіссіз «беззубый»

-қы/-кі, -ғы/-гі указывает на отношение во времени

күз «осень» жаз «лето» қыс «зима» көктем «весна»

күзгі «осенний» жазғы «летний» қысқы «зимний» көктемгі «весенний»

Шырай дегеніміз - бір сынды әртүрлі дәрежеде көрсету арқылы заттардың бір-бірінен не артық, не кем екендігін білдіретін сапалық көрсеткіш. Ол келесі түрлерге бөлінеді:
Салыстырмалы шырай




Жұрнактар

Мысалдар

1

1


-тау/-теу

-лау/-леу

-дау/-деу


ақ-тау, көк-теу,- биік-теу, суық,-тау, бос-тау, шикі-леу, сары-лау, қара-лау, нашар-лау, қу-лау, боз-дау, қызыл-дау, кең-деу, жуан-дау, жасыл-дау

2

2


-рақ/-рек; -ырақ/-ірек

үлкен-ірек, аласа-рақ, кіші-рек, биіг-ірек, жақсы-рақ, жиіек; әдемі-рек, таза-рақ


Күшейтпелі (асырмалы) шырай




Сөздер

Мысалдар

1) путем сочетания

положительной

степени

с наречиями



өте «очень»

аса «наиболее»

тым «слишком»

ең «самый» и др.

өте жақсы «очень хорошо» аса қара «слишком черный» тым биік «слишком высокий» ең әдемі «самый красивый»

2) путем удвоения первого слога прилагательного и добавления соединительного-п

-п

қап-қара «пречерный» сап-сары «прежелтый» аппақ «пребелый» қып-қызыл «красный-прекрасный»


3- жаттығу. Оқыңыз және сын есімнің жасалу тәсілін көрсетіңіз.

1. Бай – бір жұрттық, батыр - бір оқтық. 2. Ойлы, арлы адамға бір сөз де жетеді, ойсыз, арсыз адамға мың сөз де жетпейді. 3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 4. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. 5. Бейнетсіз рақат жоқ. 6. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. 7. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар. 8. Тіл буынсыз, ой түпсіз. 9. Үндемеген үйдей пәледен құтылады. 10. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 11. Білімді өлсе, қағазда аты қалар, ұста өлсе, істеген заты қалар. 12. Өнерлі өрге жүзеді. 13. Аш адам ұрысқақ, ақсақ қой тырысқақ.


4- жаттығу. Мына сын есімдерге қарама – қарсы мәнді сын есім тауып, екеуін де салыстырмалы және асырмалы шырайларға қойыңыз.

а) кір, ащы, алыс, көп, биік, ақ, суық, үлкен, жақсы, кең, қисық, ауыр, жалпақ, арық;

ә) жаман, жақын, аз, кіші, ыстық, тұщы, тар, аласа, қара, таза, түзу, жіңішке, жеңіл, семіз.
5- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

плохой хуже очень плохой

синий синее синий- пресиний

дорогой дороже очень дорогой

прохладный прохладнее очень прохладный

кривой кривее совсем кривой

веселый веселее очень веселый

легкий легче совсем легкий

молодой моложе совсем молодой

старый старше очень старый

новый новее самый новый

серый серее очень серый

красивый красивее очень красивый

сильный сильнее самый сильный

мягкий мягче очень мягкий

далекий дальше очень далекий


Синонимдер – айтылуы, естілуі, жазылуы әркелкі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер. Синонимдер кем дегенде екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы да мүмкін. Синонимдердің сыртқы формалары мынадай болып келеді:

1) екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келіп синонимдер жасалады: адам-кісі, ел-халық, алыс-қашық, әдейі-қасақана, үлкен-зор, надан-топас, нану-сену, т.б.;

кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлұмат-мәлімет;

түбірлерге қосымшалар қосылып, негізгі түбір мен туынды түбір біріне-бір синоним болады: жара-жарақат, ағын-ағыс, ық-ықтасын, қап-қапшақ, келін-келіншек.


6-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар.
Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, жорта, қарғу, көп, тоқтау, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, секіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштау, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сарай, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, алап, майда, торығу, болдыру, тағым, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасына, жай, желеу, ұлпа.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді жазып алыңыз. Өз досыңыз туралы әңгімелеңіз.
Менің досым

Достық – адамдардың бір- бірімен жаны қалап, шын жақын көріп, қалтықсыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Бұрынғы халық даналығы айтқандай: «Көп ақшаң болғанша көп досың болсын».

Әрине, достық- әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір – бріне пейілі ықыласы түскен, жан- жүрегі қалаған, көз қарасы мен ой- ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Ал мен өз досым туралы айтатын болсам, ол адам менің жүрегімде ерекше орынды иеленді. Оның ол орынды иеленуі, оның адамгершілігі мол, сыпайы, тәрбиелі, инабатты, қарапайым, ақылды, өзіне не тілесе басқаға да соны тілейтін адам болғаны үшін. Қиналған шағында әрдайым қасынан табылып, ақылын айтып, қолынан келгенінше көмегін аямайтын сондай керемет жан. Ата бабамыздың «Аққуды атпа, досынды сатпа» - деген керемет мақалы бар. Дос деген әр уақытта сені жаманнан қорғаймын деп, өз жанын құрбан ететін адам.
8-тапсырма. Мына сөздердің синонимдерін өздеріңіз ойлап табыңыздар.

Абайлау, абырой, адал, аласа, абыржу, қомсыну, қадір, жол, ынта, икемдік, жомарт, жақын, батыл, қиын, жұмсақ, шелек, әдет, үлкен, жиын, пысық, болжал, ылғал, сабырлы, көлем, арман, әрең, өте, кінә, кедергі, дұғал, күңгірт, дауыс, тамақ, лас, бұйрық, мінез, реніш, құрбы, төңірек, белгі, жайдары, құрғақ, ақырын, ақыл.



9-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді аударыңыз, осы сөздерді қолдану арқылы көршіңізді суреттеңіз
Ұзын бойлы, мейірімді, ақжарқын, жуас, жігерлі, тапал, көңілді, қатыгез, қабағы қатулы, азулы, сүйкімді, жайдарлы. Қой көзді, момын, ұзын шашты, қысқа шашты, бұйра шашты, сымбатты, орта бойлы, толықша, арықша, келбетті, аққұба, қараторы, еңбекқор, жалқаулау, әзілқой, үндемес, сөзуар, алғыр, тапқыр, елгезек, пысық.
10-тапсырма. Мақалдардың мәнін ашыңыз. Жаттап алыңыз.
Аттыға жаяу жолдас болмас.

Жақсы дос үшін жан пида.

Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Өз басынды жауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.


6-Сабақ

6.1 Фонетика: Ң дыбысы, ерекшелігін қайталау

6.2 Грамматика: Зат есім. Дара, күрделі зат есімдер. Жалпылау есімдігі. Омонимдер.

6.3 Лексика: Отбасы.(Туыстық қатынастар)
1-жаттығу. Сөздікті пайдалана отырып, келесі сөздерге қарсы мәнді сөздерді тауып жазыңыздар.
Ауыр, ескі, жарық, тар, жомарт, жеңіліс.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, түрлерін ажыратыңыз.
Сен бала емес..., сендер үлкен... ..., сендер университетте... ..., сен он сегізде..., Сенің ін... мектепте. Менің ағам... жеке фирмасы бар. Сенің аға... жиырмада. Ол студенттік кеңес... төрағасы. Мен экономика факультеті... студентімін. Сіз... әпке..., біз дәрігер...
Зат есім (заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?)




Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

Мысалы:


тау, ат, ант, бата, құдық, жапырақ т.б.

Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғауы арқылы жасалған зат есім.

Мысалы:


біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, бала-лық т.б.


Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.

Мысалы:


от, ара, қант, оқушы,баспалдақ т.б.

Кемінде екі сөзден (біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады.

Мысалы:


кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ мәдениет үйі т.б.


Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

Мағынасына қарай

Біртектес заттардың жалпы атауы.

Мысалы:


қала

өзен


тау

қісі


кітап

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары.

Мысалы:


Алматы

Ертіс


Алатау

Абылай


«Абай жолы» романы


Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыс- тардың атауы.

Мысалы:


ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б.

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы.

Мысалы:


өмір,арман, сана,қуаныш, жақсылық, реніш т.б.


Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары

Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар


Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар



-й, атай, әкей, шешей, жездей;

– еке, -ке, -қа, -а, -е: атеке (атке), ағеке (ағке), әпеке (әпке), Мұқа (Мұқан, Мұхтар), Исеке (Иса), Жәке (Жамбыл), Нүке (Нұрпейіс).

-тай ағатай, апатай, әкетай, шешетай.

–жан, ағажан, атажан, апажан, Абайжан.

–қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -н: балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен (Дәріқұл)

–шақ, -шек: құлыншақ, інішек

–шық, -шік: қапшық, төбешік.

–ша, -ше: сандықша, күрекше.

–ш, ыш, -іш: қалқаш, Нұрыш (Нұртай)

–сымақ: қорасымақ, таусымақ.

–екеш: Тас екеш тас та өзгереді.



–шы, -ші: қойшы, күйші

–шылық, -шілік: шаруашылық, кеңшілік.

–лык, -лік, дық, --дік, -тық, -тік. балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік

–кер, -гер: айлакер, саудагер

–кеш, -хана, -паз, -қой, -стан, -қор: шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор.


–м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.

–ма, -ме, ба, -бе, па,-пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе

–қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.

–с, -ыс, іс: талас, айтыс, жүріс.

–қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ,күрек қызық, түкірік.

–ыш, іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

–н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.

–у: сабау, жамау, көсеу.

–ынды, -інді: шайынды, үйінді, үгінді.

–ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

–уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.

–ыр, ір, -р, -ар,-ер: үңгір, шұқыр.




3-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз.
Почтальон, дружба, наследник, зло, современник, спокойствие, политик, тезка, готовность, художник, представительство, ответчик, учебник, соус, детство, ювелир, ученик, отцовство, литератор, целостность, абитуриент, геройство, служащий, ошибочность, юрист, родство, портной, сокурсник, словарь, материнство, секретарь, легкость, солдат, тишина, товарищество, охотник, телефонист, начальник, журналист, близость, одногруппник.
4-жаттығу. Оқыңыз. Зат есімдердің қандай тәсілмен жасалғанын көрсетіңіз. Оларды орыс тіліне аударыңыз.
а) Ата-ана, әке-шеше, бала-шаға, азық-түлік, қыз-келіншек, жеміс-жидек, асқазан, бас киім, аяқ киім, іш киім, сырт киім, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, баспасөз, қант, сауыт, оңтүстік, солтүстік, ыдыс-аяқ, аяқ-табақ, көзқарас, қолхат, күншығыс, қолжазба, көкөніс, аты-жөні, қолшатыр, күнбатыс, шай сауыт, кәсіподақ, телекөрермен, қонақ үй, мерейтой, мөртабан, мүшелтой, мұражай, отбасы, пікірталас, өнертапқыш, автотұрақ, аспансерік, ақжайма, әуежай, балабақша, жолдорба, құлаққап, телекөпір.

ә)Талдықорған, Қызылорда, Жезқазған, Ыстықкөл, Көктөбе, Ақбұлақ, Ақсай, Қызылту, Алатау, Теміртау, Кентау, Алмагүл, Екібастұз, Ақтау, Ұзынағаш, Ақтасты, Жаңатас, Көлбастау, Қарағаш, Жетіғара, Қандыағаш, Торғай, Үштөбе, Қаратау, Ақтас, Жетісу, Жаңаөзен, Таугүл, Қаракөл, Күнту, Көкшетау, Баянауыл, Кеңсу, Ақтөбе, Сарытау, Жетісай, Сарыағаш, Бірлік, Ұлытау, Айсары, Атбасар, Құсмұрын, Төменарық, Қаржал, Қарабұтақ, Жалқамыс, Қызылжар, Сарыарқа, Алмалыбақ.


5-жаттығу. Cөйлемдерді аударып, есімдіктің түрін ажыратыңыз.

1. Все люди гуляют на улице. 2. Пусть каждый расскажет о себе. 3.Вы все говорите по –казахский? 4. Это упражнение может выполнить каждый. 5. Вся страна изучает казахский язык. 6. Все кроме нас, идут в гости. 7. Все здесь. 8.Весь город голосовал за него. 9. Давайте все что-нибудь сделаем.
Омонимдер - дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей, ал мағыналары басқа-басқа сөздер. Мысалы: 1) жаз – зат есім, жаз – етістік; жаз – жай (дастарқанды), жаз – емде, сауықтар; 2) ер – батыр, жомарт, ер – еркек, ер адам, күйеу; ер – атқа салатын әбзел, ер; ер – етістік.

Омонимдер түрі қазақ тілінде өте мол. Сондай-ақ, олардың жасалуы да алуан түрлі. Сонын кейбіреуне ғана тоқталып өтейік.

1. Түбір сөздерден болған омонимдер. Мысалы: жүз, түс: 1) жүз: Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай); 2) жүз: Мен өскелі жүз жыл болды, әлі жүз жыл жасаймын (С.Е.); 3) жүз: Не болайын, тез болайын, ақ жүзіңді көрейін (Абай); 4) жүз: Екі аққу ақ күмбездей суда жүзіп, сұңқылдап қанатымен суды сызып (С.М.);

1) түс: Күн түс болды. 2) түс: Түсінде самолетке отырды. 3) түс: Поездан жүгін құшақтан, жас жігіт түсті. 4) түс: Үсті-басы ақ қырау, түсі суық (Абай).


6-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысы омоним болатындай етіп сөйлем құрыңыздар.
Ер, асау, жақ, жан, жарық, қорық, қырық, саз, қой, сый, түс, қал, шаш, ірі.
7-жаттығу. Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар.
Ақ, асау, толық, ой, той, қою, қызық.
8-жаттығу. Төмендегі туыстық атауларды жаттап, өзіңіздің туыстарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Адамның өз жұртының атаулары



АТАУ

АУДАРМА

ТҮСІНІК

1.

АТА

ДЕДУШКА

ӘКЕНІҢ ӘКЕСІ, БЕРГІ АТА

2.

АРҒЫ АТА

ПРАДЕДУШКА

АТАНЫҢ ӘКЕСІ

3.

ӘЖЕ

БАБУШКА

ӘКЕНІҢ ШЕШЕСІ, ҮЛКЕН ӘЖЕ

4.

ӘКЕ

ОТЕЦ

ӨЗІНІҢ ТУҒАН ӘКЕСІ

5.

АНА

МАТЬ

ӨЗІНІҢ ТУҒАН ШЕШЕСІ

6.

ӘПКЕ

СЕСТРА

ӨЗІНен ЖАСЫ ҮЛКЕН ҚЫЗ

7.

ҚАРЫНДАС, СІҢЛІ

МЛАДШАЯ СЕСТРА

ӨЗІНен ЖОЛЫ КІШІ ҚЫЗ

8.

АҒА

БРАТ

ӨЗІНен ҮЛКЕН ҰЛ БАЛА

9.

ІНІ, БАУЫР

МЛАДШиЙ БРАТ

ӨЗІНен КЕЙІНГІ ҰЛ БАЛА

10.

АҒАЙЫН

БРАТЬЯ

БАУЫРЛАС, АТАЛАС АДАМДАР

11.

АПА

1.МАМА 2.Сестра

1. ШЕШЕ 2.әпке

12.

БАБА

ПРЕДКИ

АРҒЫ АТА, ҮЛКЕН АТА

13.

ЖЕҢГЕ

сноха

АҒАНЫҢ ӘЙЕЛІ

14.

КЕЛІН

НЕВЕСТА

ІНІНІҢ ӘЙЕЛІ

15.

ЖИЕН

ПлЕМЯНИК

ӘПКЕДЕН НЕ ҚАРЫНДАСТАН ТУҒАН БАЛА

16.

ЖИЕНШАР

внучатый племянник

ЖИЕННЕН ТУҒАН БАЛА

17.

ЖЕЗДЕ

зять

ӘПКЕСІНІҢ КҮЙЕУІ

18.

КҮЙЕУ БАЛА

ЖЕНИХ

СІҢЛІСІНІҢ КҮЙЕУІ

19.

НЕМЕРЕ

ВНУК

АТА-АНАНЫҢ ҰЛЫНАН ТУҒАН БАЛА

20.

ШӨБЕРЕ

ПРАВНУК

НЕМЕРЕДЕН ТУҒАН БАЛА

21.

ШӨПШЕК

4-поколение

ШӨБЕРЕДЕН ТУҒАН БАЛА

22.

НЕМЕНЕ

5-поколение

ШӨПШЕКТЕН ТУҒАН БАЛА

23.

ТУАЖАТ

6-поколение

НЕМЕНЕДЕН ТУҒАН БАЛА

24.

ЖүРЕЖАТ

7-поколение

ТУАЖАТАН ТУҒАН БАЛА

25.

ЖЕГЖАТ

8-поколение

ЖүРЕЖАТТАН ТУҒАН БАЛА

Адамның нағашы жұртының атаулары



АТАУ

АУДАРМА

ТҮСІНІК

1.

нАҒАШЫ АТА

ДЕДУШКА

ШЕШЕНІҢ ӘКЕСІ

2.

нАҒАШЫ ӘЖЕ

БАБУШКА

ШЕШЕНІҢ ШЕШЕСІ

3.

нАҒАШЫ

ДЯДЯ

ШЕШЕНІҢ АҒАСЫ

4.

НАҒАШЫ АПА

ТЕТЯ

ШЕШЕНІҢ ӘПКЕСІ НЕ СІҢЛІСІ

5.

НАҒАШЫ ҚАРЫНДАС, СІҢЛІ

ДОЧЕРИ ДЯДИ

НАҒАШЫНЫҢ ӨЗІНен ЖОЛЫ ҮЛКЕН НЕ КІШІ ҚЫЗЫ

6.

НАҒАШЫ ІНІ, БАУЫР

СЫНОВЬЯ ДЯДИ

НАҒАШЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ

7.

нАҒАШЫ ЖЕҢГЕ

ЖЕНА ДЯДИ

НАҒАШЫНЫҢ ӘЙЕЛІ

8.

БӨЛЕ

ДЕТИ СЕСТЕР

АПАЛЫ-СІҢЛІНІҢ БАЛАСЫ

Адамның қайын жұртының атаулары



АТАУ

АУДАРМА

ТҮСІНІК

1.

ҚҰДА

СВАТ

КЕЛІННІҢ НЕ КҮЙЕУ БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ

2.

ҚҰДАҒИ

СВАХА

КЕЛІННІҢ НЕ КҮЙЕУ БАЛАНЫҢ ШЕШЕСІ

3.

қАЙЫН АТА

СВЕКР

КҮЙЕУІНІҢ (ӘЙЕЛІНІҢ) ӘКЕСІ

4.

қАЙЫН ЕНЕ

СВЕКРОВЬ

КҮЙЕУІНІҢ (ӘЙЕЛІНІҢ) ШЕШЕСІ

5.

қАЙЫН АҒА

СТ. БРАТ МУЖА ИЛИ ЖЕНЫ

КҮЙЕУІНІҢ (ӘЙЕЛІНІҢ) АҒАСЫ

6.

ҚАЙЫНБИКЕ

СТ. СЕСТРА ЖЕНЫ

ӘЙЕЛІНІҢ ӘПКЕСІ

7.

қАЙЫН ІНІ

МЛАДШИЙ БРАТ МУЖА

КҮЙЕУІНІҢ ІНІСІ

8.

қАЙЫН СІҢЛІ

МЛАДШАЯ СЕСТРА МУЖА

КҮЙЕУІНІҢ ҚАРЫНДАСЫ

7.

БАЛДЫЗ

МЛ.СЕСТРА ИЛИ БРАТ ЖЕНЫ

ӘЙЕЛІНІҢ БАУЫРЫ НЕ СІҢЛІСІ

8.

БАЖА

АПАЛЫ-СІҢЛІНІҢ КҮЙЕУЛЕРІ

МУЖЬЯ СЕСТЕР

9.

АБЫСЫН

ЖЕНЫ БРАТЬЕВ

АҒАЛЫ-ІНІЛІНІҢ ӘЙЕЛДЕРІ

10.

ҚҰДА БАЛА

қҰДА ЖАҚТАҒЫ ҰЛ БАЛА

СЫНОВЬЯ СВАТЬЕВ

11.

ҚҰДАША

қҰДА ЖАҚТАҒЫ ҚЫЗ БАЛА

ДОЧЕРИ СВАТЬЕВ

12.

тӨРКІН

ұЗАТЫЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ӨЗ ТУЫСТАРЫ

рОДСТВЕННИКИ ЗАМУЖНЕЙ ЖЕНЩИНЫ


7-Сабақ

7.1 Фонетика: Жуан, жіңішке негізге бағынбайтын жұрнақтар, ерекшеліктері. Һ дыбысынның айтылуы.

7.2 Грамматика: Сан есім. Есептік, реттік, жинақтық сан есімдер. –нікі,

-дікі, -тікі жұрнақтары. Меншіктілік. Мекен үстеуі. Антонимдер.

7.3 Лексика: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем)
Түбірдің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарамай, өз қалпын сақтап тіркесетін қосымшалар: -гер, -кер;-бен, -мен, -пен;-дікі,-нікі,-тікі; -дар,-паз,-хана, -қор; Мысалы: саудагер, айлакер, іскер, қолмен, жермен, әжемдікі, баланікі, білімдар, аспаз, өнерпаз, емхана, еңбекқор, жалақор.

Х әрпіне біткен сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жуан болады. Мысалы: цехта, цехқа.
1-жаттығу. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Асанның кітабы үстелде жатыр. Бұл кітап – Асандікі. 2. Әселдің үйі үлкен. Үлкен үй - Әселдікі. 3. Сәуленің бөлмесі кішкентай. Кішкентай бөлме – Сәуленікі. 4. Меруерттің қаламы жақсы. Жақсы қалам - Меруерттікі. 5. Даниярдың оқулығы таза. Таза оқулық - Даниярдікі. 6. Мынау - кітапхананың кітабы. Мына Кітап - кітапхананікі. 7. Анау - Жанардың суреті Ана сурет - Жанардікі. 8. Мынау - институттың жатақханасы. Мына жатақхана -институттікі. 9. Әкемнің газеті креслода жатыр. Мына газет - әкемдікі. 10. Сәбиттің ағасы аулада. Аға – Сәбиттікі. 11. Гауһардың әжесі -тамаша адам. Әже - Гауһардікі. 12. Ақынның өлеңі керемет. Мына керемет өлең - ақындікі.


2-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
а) 1. Это мой дом. — Этот дом — мой. 2. Та моя тетрадь. — Та
тетрадь — моя. 3. Это институтское общежитие. — Это общежитие —
института. 4. Это папина газета. — Эта газета моего папы. 5. Тот мой
компьютер, — Тот компьютер — мой. 6. Это стихи Абая. — Эти
стихи - Абая.


б) 1. Это чья комната? - Наша. 2. Этот учебник чей? - Моего
друга. 3. Чьи это бумаги? - Армана. 4. Это книги Карлыгаш? - Нет,


Салтанат. 5. Чей тот компьютер? - Моего товарища. 6. Этот красивый ковер чей? – Моей мамы. 7. Чья книжная полка? – Марата. 8. Чья кровать? – Ваша. 9. Чьи книги? – Их. 10. Та парта чья? – Его. 11. Чья машина? – Моя. 12. Это чья работа? – Меруерт. 13. Этот словарь чей? – Вашего учителя. 14. Чьи пиалы? – Наши.
3-жаттығу. Сөздерді оқи отырып, айтылуына көңіл бөліңіз. Дәптерлеріңізге жазып, орыс тіліне аударыңыз.
Мәшһүр, шаһар, гауһар, қаһарман, уһ, жиһаз, іждәһәт, шаһзада.
Сан есім - заттың санын, қатарын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.

Басқа сөз таптарынан сан есім жасалмайды, негізгі сан есімдерге ғана қосымша қосылып, оны түрлендіреді. Сан есімдер құрамына қарай – іштей дара, күрделі болып бөлінеді. Сан есімдер негізінен анықтауыш қызметін атқарады.

Сан есімдер мағыналық, тұлғалық, синтаксистік қызметі жағынан іштей бірнеше топқа бөлінеді:
Мағынасына қарай (По значению)

Түрлері

(Типы)


Сұрақтары

( Вопросы)



Жасалу жолдары

(Способы образования)



Мысалдар (Примеры)



I. Есептік сан есімдер (Количественные числительные)

Қанша? Неше?

(сколько?)

-


Бір (один), екі (два), үш (три), төрт (четыре), бес (пять).

II. Реттік сан есімдер (Порядковые числительные)

Нешінші?


Қаншасыншы?

(который?)



-ншы,

-нші,


-ыншы,

-інші


Бір+інші (первый)

он+ыншы (десятый) жеті+нші (седьмой)

алты+ншы (шестой)


III. Жинақты сан есімдер (Собирательные числительные)

Нешеу?


(сколько?)

-ау


-еу

Бір+еу (один), ек+еу (двое), алты+ау=алтау (шестеро)

Жеті+еу=жетеу (семеро)



IV. Болжалдық сан есімдер (Приблизительные числительные)



Қанша? Неше?

(сколько?)

Қаншадай? Нешеге жуық? (приблизительно сколько?)




–дай, -дей,

-тай, -тей,

-лаған, -леген,

-даған, -деген,

-таған, -теген,

-лап, -леп,

-дап, -деп,

-тап, -теп, -ер.

2) көптік жалғауы + септік жалғауы (окончание мн. Числа + падежное окончание)


Отыз+дай (около тридцати) елу+дей, елу+леген (около пятидесяти) қырық+тай, қырық+таған (около сорока) жетпіс+тей, жетпіс+теген (около семидесяти)

Жиырма+лаған (около двадцати)

Он+даған (около десяти жүз+деп (сотнями) бір+ер (несколько)

Мәдина он тоғыз+дар+да (Мадине – около девятнадцати) Сабақ үш+тер+де басталады (Занятия начнутся около трех часов)


3) есептік +

есептік

(количественные

+

количественные)



Бес-алты (пять-шесть) отыз-қырық (тридцать-сорок) екі-үш мың (две-три тысячи)



V. Топтау сан есімдер (Разделительные числительные)

Нешеден?

Қаншадан?

(по сколько?)


-дан –ден

-тан –тен

-нан -нен


Бес+тен (по пять)

Он+нан (по десять)

Жүз+ден (по сто)

Отыз алты+дан (по тридцать шесть)

Екі-екі+ден (по два)


VI. Бөлшектік сан есімдер (Дробные числительные)

Қанша? Неше?

(сколько?)



1) есептік+

Шығыс септік

(количественные + исходный падеж)


Оннан бір

(один десятых)

Бір бүтін бестен үш (один целых три пятых)


2) жарты, жарым

(половина) ширек (четверть)



Мың жарым (полторы тысячи)

Жүздің жартысы (половина ста)

Ширек ғасыр (четверть века)



4- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Нас пятеро. 2. Скажи этим двоим. 3. Они трое собираются поехать на Памир. 4. Спроси у этих семерых. 5. Одна из них – Асель, а вторая Асем. 6. Моих книг четверо. 7. У всех сегодня шестерых нет тетрадей. 8. У тебя сколько детей? – Трое. 9. Сколько человек в Вашей семье? – Пятеро. 10. Сколько языков знаешь? – три. 11. Сколько профессий имеешь? – две.
5- жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің туған жылыңыз қай жыл? 2. Бір мың тоғыз жүз алпысыншы жыл кімнің туған жылы? 3. Сен оқуды нешінші жылы бітіресің? 4. Сіз қай жылы үйленесіз? 5. Қай жылдан бастап жұмыс істеп жүрсіз? 6. Қай жылдаң бері осы қалада тұрасыз? 7. Алматыға қай жылдан бері бармай жүрсіз? 8. Астанаға қай жылдан бастап барып жүрсіз? 9. Сіз әке-шешеңізбен қашаннан бері бірге тұрмайсыз? 10. Сіз жолдасыңызбен қай жылдан бастап жолдас болып жүрсіз?
6-жаттығу. Мына есептерді шығарыңыз да, сөзбен жазыңыз.
18+22= 35-13= 13х3= 63: 7=

36+25= 63-28= 25х4= 45: 5=



71+39= 76-47= 31х2= 39: 3=

15+45= 58-41= 41х2= 24: 6=

69+21= 78-68= 59х1= 56: 8=

24: =8 42+ =50 12 15=27 45 15=3

39- =4 24х = 48 13 3=39 94 90=4

7-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет