А. Х. Темірбеков атындағы педагогика және психология кафедрасы «Жалпы педагогика»


ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау



бет19/25
Дата25.10.2022
өлшемі68,21 Kb.
#154815
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
А. Х. Темірбеков атында ы педагогика ж не психология кафедрасы « (1)

ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау.
1.Білім беру мазмұнының құрылымын мен олардың өзара байланысын сызба арқылы сипаттау.
2.Білім мазмұнының негізгі компоненттерін кесте арқылы негіздеу.
3.Жалпы орта білім беретін мектептің базистік оқу жоспарының үлгісін жасау.
4. Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттарын кесте арқылы мазмұндау.
5.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын даярлау.
6. Проект жұмыстарын қорғау.
7.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.


19-тақырып. Қазіргі оқыту әдістері мен құралдары.
І – Теориялық сипаттағы тапсырма.
1.Оқыту әдістері туралы ұғым. Оқыту әдістері, амалдары мен құралдары, олардың өзара байланысы.
2.Оқыту әдістерінің көптүрлігі, оларды топтастыру.
3.Оқыту әдістеріне сипаттама, сабақта оларды пайдалану ерекшеліктері.
4.Оқытуда компьютерлерді және техникалық құралдарды пайдалану маңыздылығы.
5.Оқытуда ойын әдістерін таңдау және қолданудың тиімділігін арттыру.
ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар.
1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру.
2.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін жіктеудің (классификация) И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант және Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйесіне педагогикалық-психологиялық талдау жасау.
3.Озат педагогтардың тәжірибесі арқылы әдістерді тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру.
4.Әдіс, бір жағдайда, педагогикалық міндеттерді шешудің жолы ретінде сипатталса, ал, екінші бір жағдайда, жекелеген тәсіл ретінде қарастырылады. Сіз қалай ойлайсыз? Дәлелдеңіз.
5.Сіз «оқыту процесінде мұғалім әдістерді қолдану барысында оқушыларға іс-әрекеттің тәсілдерін түсіндіреді, білмеуден білуге қарай жүру жолдарын көрсетеді» – деген пікірді қалай түсіндіресіз? Дәлелдеңіз.
6.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін жіктеудің 20-дан астам түрі бар екенін жазады (2, 6). Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне қарай жіктеу. Мұндай көзқарастың ерекшелігі неде? Негіздеңіз.
7.Білім берудің қазіргі заманға сай әдістемелерін талдайтын болсақ, жаңашыл педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетіне айрықша мән береміз. Олардың педагогикалық тәжірибелерінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеңіз.
8.Н.К.Крупская оқыту әдістерін таңдап алуда оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуды талап етеді. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Дәлелдеңіз.
9.Бүгінгі таңда оқыту жүйесінде компютерлік және техникалық құралдарды көптеп пайдалану қажеттілігін немен түсіндіресіз? Дәлелдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет