ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау.
1.Оқыту әдістері, амал-тәсілдері және құралдарын сызба арқылы мазмұндау.
2.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін жіктеудің (классификация) И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант және Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйесін кесте арқылы сипаттау.
3.Әдістерді “білім алу көзіне” сай топтастырудың үлгісін құру.
4.Көрнекілік әдістерін сызба арқылы ситаттау.
5.Практикалық әдістерді сызба арқылы сипаттау.
6.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын әзірлеу.
7.Проект жұмыстарын қорғау.
8.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.
20-тақырып. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары.
І – Теориялық сипаттағы тапсырма.
1.Оқыту жұмысын ұйымдастыру туралы ұғым. Оқыту әдістерімен олардың арақатынасы.
2.Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оған қойылатын дидактикалық тапсырмалар.
3.Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа да формалары, оларға сипаттама.
4.Сабақтың түрлері, дидактикалық міндеттері және құрылымы.
5.Сабақта оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудағы ұжымдық, жеке және топтық формалары.
6.Сабақта оқушылардың үй тапсырмасын ұйымдастырудың маңыздылығы және оның тәсілдері.
7.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, сабақтар жүйесін жоспарлау.
ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар.
1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру.
2.Озат педагогтардың тәжірибесі арқылы оқыту жұмысын нәтижелі ұйымдастыру жолдарын анықтау.
3.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды мұғалімдер тәжірибесімен ұштастырып, педагогикалық мерзімді басылымдар материалдары негізінде талдау жасау.
4.Сабақтың даму тарихын педагогиклық еңбектер арқылы талдау.
5.Әр түрлі типті сабаққа сипаттама беру.
6.Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетерін ұйымдастыруды негіздеу.
7.Мұғалімнің сабақтар жүйесінің жоспарын талдау.
8.Оқытудың бейдәстүр түрлелерін негіздеу.
9.Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді – деген пікірмен келісесіз бе? Дәйектеме жасау.
10.Кеңестік дәуірдің 30-жылдарынан бастап оқыту жұмысын ұйымдастырудың “сатылы” немесе “өзара оқытудан ”, “сыныптық-сабақ” формасына жаппай көшуді немен түсіндіруге болады?
11.Бүгінде мұғалімнің сабақтар жүйесінде оқытудың дәстүрлі және бейдәстүр формаларын қолдану ерекшелігі неде?
12.Қазіргі сабақ проблемалары туралы пікіріңіз қалай? Фактлер, деректер келтіру.
13.Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты – деген қорытындыға сіздің көзқарасыңыз қалай? Фактлермен дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |