А. И. Бегимтаев



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.02.2020
өлшемі453,46 Kb.
#58597
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Төреқұлов   Н.,  Қазыбеков   М.     Қазақтың   би  -  шешендері.   1,2   -  кітап-
Алматы: Жалын 1993. – 400 бет.
2.Үш   жүздің   билері.   (Қазақтың   атақты   Төле   би,   Қазыбек   би,   Әйтеке
билерінің шешендік өнері мен нақыл сөздері жайында) Қызылорда қаласы, 1998
жыл.
№12 Дәріс сабағы
Тақырыбы: Әйтеке  Бәйбекұлы (1683 – 1722) 
Жоспары:
1.Әйтеке бидің өмірі 
2. Әйтеке бидің шешендік сөздері
3. Әйтеке бидің тапқырлығы
Әйтеке (шын аты Айтық) Бәйбекұлы (1683 – 1722). Кіші жүзден шыққан
қазақтың атақты шешен биі.
Қазақ шежіресінде Жаңарыстың  бір аталарынан  Алшын одан  Сарыбас,
Пұсырман,   Шеңгір,   Төртқара   шығады.   Төртқарадан   Қарашы,   одан   Сейтқұл.
Сейтқұлдан   сегіз   бала   болған.   Соның   бір   кезінде   Самарханды   билеген
Жалаңтөс батыр еді. 
Әйтеке   сол   Жалаңтөстің   немересі.   Ақшаның   үшінші   баласы   Бәйтектен
туған. Ақша Жалаңтөс батырдың әкесі бір, шешесі бөлек туысы екен.
Әйтекенің  шыққан  тегі жөнінде тағы  бір шежіре  бар. Оны Қызылорда
облыстық   тарихи   және   мәдениет   қоғамның   төрағасы   Шайхислам   Серікбаев
(«Егеменді Қазақстан», 8 ақпан 1992 жылы) жазыпты: 
«Әлімнің   алты   баласының   біреуі   Қарамашақ.   Одан   Оразгелді   Ораз,
Жаншұқыр Қараш деген төрт бала туады. Қараштан екі бала – Ақпан, Тоқпан.
Тоқпаннан   үш   бала   –   Тоғамыс,   Шобан,   Сейтқұл.   Сейтқұлдың   бәйбішесінен
(Сырым   кемпірден)   Сейтмәмбет,   Төлеш,   Ақша.   Тағы   бір   әйелінен   (қара
кемпірден) Жалаңтөс Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туады. Бұларды «сегіз
Сейтқұл»   дейді.   Ақшадан   алты   бала   -   Шал,   Бәйбек,   Қонысбек,   Жоламан,
Бекпенбет,   Бөкенші   туады.   Бәйбектен   үш   бала   -   Кешубай,   Қашқын,   Әйтеке
тарайды». 
Әйтеке   бидің   қай   ауылда,   қай   жылы   туғаны   әзірше   анық   емес,   әркім
әртүрлі жазып жүр.

Әйтеке   би   жөнінде   белгілі   жазушы   Әбіш   Кекілбаев   өзінің   «Егеменді
Қазақстан»   газетінің   арнайы   тапсыруы   бойынша     жазған   «Әйтеке   би»   атты
(1991 жылы 23 қараша) жан-жақты зерттеп толғана отырып, Әйтеке би қақында
көптеген  жайларды  анықтай  түскен.  Бүкіл   қазақ  сахарасын   таңыртқан  әйгілі
«Елім-ай»   әнінің     дастанының   авторы   атақты   Толыбай   сыншының   баласы
Қожаберген:
«Өткен жылы Әйтеке би дүниеден өтті
Келгенде елу алты жасқа ажал жетті.
Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп, 
Боларын осы апаттың болжар етті
Өткен күн ойлағанмен қайта оралмас,
Ұшқан бақыт басыңа қайта қонбас.
Өсиетін Әйтекенің естеріне алып,
Қазыбек,Төле, Ақсуат шайқады бас, -деп жырлапты.
Бұл жерде Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би болса бүкіл қазақ жұртына
атағы белгілі бас билер. Ал Ақсуат би Әйтеке би қайтыс болғаннан кейін соның
орнына сайланған Кіші жүздің аға биі.
Әйтекеге шешендік тапқырлық өнер бала кезінен дарыса керек.
Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады.
-
Ассалаумағалейкум, ағалар?
-
Әликімүссалам.
-
Кімнің баласысың?
-
Бәйбек баласымын.
-
Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы
қайсы?
-
Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
-
Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамның аты теуіп өлтіріп,
соған құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
-
Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада
тепсе бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар.
Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар жолдарыңыз болсын, -
депті, әлгілі бала.
 Үш жолаушы Қосуат бидің үйіне түседі. Әңгіме билік сөз бастайды. Би
айыпкерді алдырады. Бүтін құн алмақ болған баланың әкесі:
-
Баламды ат босағада тепті, - десе, екінші даукес:
-
Жабықта тепті, -депті. Би айыпкерге «сөйле» дейді. Сонда айыпкер
кісі:
-
Атым босағада да, жабықта да тұрған жоқ. Анадай жердегі кермеде
байлаулы тұр еді. Біз үйде шай ішіп отырсақ, апыл-тапыл басып жүрген жас
бала аттың артына барып, құйрығынан ұстай бергенде, ат теуіп өлтіріпті. Бұған
мен кінәлі емеспін. Баланың шешесі кінәлі. Айдалада байлаулы тұрған аттың
астына баласын неге жібереді? – депті. Сонда Қосуақ би:
-
Баланы ат босағада да, жабықта да емес, түзде тепкені анықталды.
Айыпкер   құнның   төрттен   бірін   төлесін,   -   деп   билік   айтыпты.   Сонда   өлген
баланың әкесі:

-
Япырым-ай,   осы   билікті   бізге   жолда   кездесіп,   жөн   сілтеген   бір
қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қаратқан би болар, - деген
екен.
*   *   *
-
Айтық Бәйбекұлы әлі Әйтеке аталмаған жас кезінде Қазыбек биге
жолығыпты дейді ел. Сонда ел билегеніне араласып, атағы жайылып қалған аға
би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Келінің соңы болады. –
деген,   сен   сол   ұлдың   қайсысы   боласың?   –   депті.   Сонда   оның   алдына
жүгініп отыра кеткен Айтық:
  Ораздының кәрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Аразданың кәрісі,
Қартайғанда   қазымыр   болады,-   демекші,   сіз   өзіңіз   соның   қайсысы
боласыз? – деп қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Қаражігіттің батылдығына риза болыпты:
-
Е, е, жігітім, халық сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді
Қаражігіт:
-
Мен де, халқым, қаласа, елімнің оң сөйлер ұлы болармын, - деп,
орнынан тұрып Қазыбек ағасына қайта сәлемдесті, - дейді.
Әйтеке билікті мақал – мәтелмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп
кесе-кесе   сөйлейтін   өте   әділетті,   білгір,   би   болған.   Сондықтан   да   ол   аға   би
атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек
би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат.
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, мақала жазған білгір
ғалым Балтабай Адымбаев ол жөнінде былай жазады:
«Қазақ   руларының   басын   біріктіріп,   бір   орталыққа   бағындырған   және
туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ
шапқыншылығына   қарсы   бірыңғай   халық   майданын   құрған   Тәуке   ханның
кеңесші,   көмекшілерінің   бірі   Әйтеке   болған.   Сайып   келгенде,   Әйтеке
шешендігімен   бір   кезінде     ел   басқарған,   заң   жасасқан   феодалдық   қазақ
мемлекетін құрысып нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері (Б.Адамбаев, Ел
аузынан. 1989, 48 бет)
Әйтеке   бидің   артында   қалған   қайсыбір   шешендік   мұраларды   алып
қарасақ, одан ел қамын, өзінің туған халқының зар мұңын жеп айтқан ой пікірін
аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәлел:
-Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!..

Әдебиет,   өнер   тарихында   рухани   таза   болмысы   мен   турашылдығымен,
даналығымен,   күйлі   қуатты   әрі   сымбатты   сөздерімен   аты   аңызға     айналған
ақыл-ой   алыптарының   бірі   -   Алшын   Әйтеке   би.   Ол   ұлттың   біртұтастығын
сақтаған   мемлекеттің   ірге   тасын   көркейте   қалаған,   елінің   есендігімен   еңсесі
биік болуы үшін қайраткерлік, санаткерлік - мәмлегерлік, батылдық шешендік
өнерінің күш қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті тұлға.
Әйтеке биді Үйсін би мен Қаракесек Қазыбек биден кіші деп айтып та,
жазып   та   жүр.   Алайда   ол   жайлы   ХYІІІ   ғасырдың   басында   болған   ұлы
оқиғаларда,   атап   айтқанда,   «ақтабан   шұбырынды»   жылдарында   я   болмаса
Әбілхайыр   ханды   Барақ   сұлтан   өлтірген   шақта,   әйтпесе   орыс-қазақ
қатынастарында бір де бір жазылған  нақты дерек көрсетілмейді.
Әйтеке бидің үлкендігі турасындағы мынадай бір жәйтті Мәшһүр Жүсіп
«Даналар» атты өлеңінде келтірген:
Қазыбек, Әйтекедей көсем өткен,
Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен.
Жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің,
Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен.
Қазақ   халқының   білгір   шежіресі   Қожаберген   жыраудың   «Елім-ай»
дастанында (ХYІІІ ғ.) Әйтекенің елу алты жаста дүниеден өткені келтірілген.
Әйтеке   би   артына   сөз   қалдырған,   есімі   ел   жадында   сақталған   қазақ
шешендерінің бірі. Шоқан Уәлиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің
есімін Төле бимен қатар атайды.
Қазақ   руларының   басын   біріктіріп   бір   орталыққа   бағындырған   және
туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып жоңғар-қалмақ
шапқыншылығына   қарсы   біріңғай   халық   майданын   құрған   Тәуке   ханның
кеңесшісі,   көмекшілерінің   бірі   Әйтеке   болған.   Сайып   келгенде,   Әйтеке   –
шешендігімен   бірге   кезінде   ел   басқарған,   заң   жасасқан,   феодалдық   қазақ
мемлекетін құрысып нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.
Өрелі өркениетті бір тұтас мемлекет болу үшін ынтымақ, бірлік ауадай
қажет   екені   ежелден   белгілі.   Өйткені   ел   ішінде   ауыз   бірлік   болса,   берекелі
мағыналы   істер   мол   болады.Адамның   жүйкесі   тозбайды,   жұмысқа   ерекше
қабілеті   артады,   өмірін   кеңейтеді,   елін   есейтеді.   Бұл   орайда   халық   қазанын
қайнатқан   Әйтеке   бидің   мәні   мен   сәні   үйлескен   мына   бір   күйлі   қуатты
лебіздерінде дүниетаным тереңдігі, алысты болжар көрегендігі айқын көрініс
тапқан.
1.
Ағасы келсе ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе,  құрметтеп жайлағандай.
Тындырымды інісі болса,
Қанат құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса.
Інінің міндеті - басқару, 
Ағаның реті – бас бағу емес пе?
2.
Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ.
3.
Біз-үш жүз керіспейік, келісейік.

Ал керісе қойсақ үшеуімізге де бірдей – 
Хандық түгел, ондық та жоқ.
Мен – 29 рудан құралған кіші жүзбін, 
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін.
Керісер болса, осы үшеуі маған – жайсыз,
Сендерге жоқ.
Енді   бір   аңызда   ауылына   келіп   отырған   Төле   би   мен   Қазыбек   Әйтеке
баладан «жігіттің жақсысы қандай болады?» - деп сұрапты. 
-
Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген, - дейді
Әйтеке.
  Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Төреқұлов   Н.,  Қазыбеков   М.     Қазақтың   би  -  шешендері.   1,2   -  кітап-
Алматы: Жалын 1993. – 400 бет.
2.Үш   жүздің   билері.   (Қазақтың   атақты   Төле   би,   Қазыбек   би,   Әйтеке
билерінің шешендік өнері мен нақыл сөздері жайында) Қызылорда қаласы, 1998
жыл.
№ 13 Дәріс сабағы
Бұқар жырау шығапмаларының зерттелуі
Жоспар:
1. Бұқар жыраудың өмірі
2. Бұқар шығармаларының зерттелуі
3. Бұқар жыраудың тіл шеберлігі
Бұқар   жырау-әдебиетімізде   аты   әйгілі   ірі   тұлға.Оның   өмірі   мен
шығармалары туралы деректер тым шағын. Ең ақыры туған, өлген жылдары да
әр зерттеушіде әр қилы түсіндіріліп келеді.Тек жыраудың жыр толғаулары, ақын
әрі жинаушы М.Ж.Көпеевтің жазып қалдыруымен бізге жетуінің өзі аса елеулі
жайт. Соңғы жылдары Пекин қаласының кітапханасынан табылған отыз алты
толғау   да   үлкен   үлес   болып   қосылды.   Бұдан   тыс   әйгілі   жазушымыз
С.Мұқановтың   «Қазақтың  18-19 ғасырдағы   әдебиетінің  тарихынан  очерктер»
(Алматы,   1942)   атты   кітабындағы   мән-мағынасы   зор   бір   топ   жырлары   да
жыраудың жаңа бір қырларын ашуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ Бұқар
жыраудың туған, өлген жылдары жөнінде де тың талпыныс, ізденістер бар.
Бұқар   жырау   шығармашылығы   ертеден   бері   үздіксіз   зерттеліп   келеді.
Бұған   М.Әуезов,   С.Мұқанов,   Ә.Марғұлан,   Е.Ысмаилов,   Қ.Жұмалиев,
Б.Кенжебаев,   Х.Сүйінішалиев,   М.Мағауин,   Ы.Дүйсенбаев,   Қ.Мұханбетжанов,
М.Жармұхаммедов   секілді   зерттеушілер   айтарлықтай   үлес   қосты.Аталған
зерттеушілердің бір тобы жырауды өзі айтқан тоқсан үште қайтыс болды деп
көрсетсе,   енді   бір   тобы   жүзден   асып   өлді   деп   жазады.   Алайда   бұлардан
өзгешелеу тұрған бір дерек Е.Ысмаилов кітабында келтірілген. Бұл бойынша
жыраудың   туған   жылы   1685   деп,   ал   қайтыс   болған   мерзімі   1777   деп
көрсетілген. Дәл осы деректердің дұрыстығын әдебиетші Қ.Мұхамбетжановтың
«Семей таңы» газетінде (13 май 1977жыл) жарияланған мақаласы да дәлелдеп
берді. Бұқар жырау ұрпағын Қабыкен Қазиевтен жазып алған А.Сейдімбеков

деректері   де   толық   растайды.Сол   себепті   жыраудың   туған,   өлген   жылдары
туралы, айтқан да осы мәліметтерді негізге алған жөн.
Бұқар   жырау   өмірінің   ел   тарихында   «ақтабан   шұбырынды,   алқа   көл
сұлама» аталған қатерлі заманда халық көсемі Абылайдың қасында жүріп, оны
қиын   сәттерде   ақыл   -   кеңес   беретін   қабырғалы   биі   аталған.   Ел   тағдыры
шешілер   ауыр   күндерде   жырау   ханға   дұрыс   бағыт   беріп,   азаттық   пен
тәуелсіздіктің   қорғаны   болып   отырған.   Бұқар   жырау   18   ғасырдағы   қазақ
әдебиетінің   ең   көрнекті   өкілі.   Арқалы   жырау,   қабырғалы   би   Бұқар   өз
тұсындағы, қазақ хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де
Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің
берік болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға
қарсы   күресте   айрықша   қайрат   көрсеткен   қайтпас   батыр,   ел   қамын   жеген
көреген көсем ретінде бейнелейді.Алайда ханға орынсыз бас ұрудан ада жырау
қажетті жерінде ащы шындықты айтудан тайынбайды,оны сынау, шенеуге дейін
барады.   Сонымен   қатар,   жырау   өз   шығармаларында   Россиямен   жауласпау,
онымен   тату   көршілік   сақтау   керектігін   насихаттаумен   айналысады.   Алайда,
Бұқар патша өкіметінің түпкілікті мұратында, нақты пайымдаған еді.
Бұқар   шығармаларынан   жыраудың   өзі   өмір   сүрген   қилы   заман   келбеті
айқын танылады.  Хан-сұлтандардың,  ірі феодалдардың әр жүзде,  тіпті кейде
жекелеген   руларда   өз   билігін   жүргізбек   болған,   ұлттық   мүддеге   қайшы,
баққұмар   саясаты,   руаралық   тартыстың   күшеюі,   заманның   өзгеруіне
байланысты адамдардың санасындағы құбылыстар  міне, осының бәрі белгілі
мөлшерде   жырау   өнер   намысынан   көрініс   тапты.   Бұқар   қазақ   қауымының
ежелгі   тұйықтықтан   арылуға   бет   алғанын,   көне   патриархалдық   қатынастар
бұзыла   бастағанын   көреді,   осының   бәрі   болашақта   жүзеге   асар   түбегейлі
өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді. Алайда жырау мұндай құбылыстардың
көбін ұнатпайды, сенімсіздікпен қарайды. Тіпті, туған халқының болашағына
күманданып писсимизмге берілетін тұстары да бар.
Бұқар жыраудың  әкесі Қалқаман батыр  сірә, ел билеуші шонжар емес,
жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың қайда
оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек
оның ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі
болғанын білеміз.
Алайда Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағандығы
аңғарылады.
Жырау   кедейшілікке   ұрынады.   Тұңғыш   биографы   Мәшһүр   Жүсіптің
айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей. Бұқардың, тіпті
сауып ішер малы, мініп түсер аты болмайды. Жырау  алпыстан асқанша осы
жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай
ғана   арқалы   жырау,   ақылшы   аға   емес   мемлекет   істеріне   елеулі   ықпал   етіп
отырған,   қабырғалы   биге   өз   заманының   ұраншысына   айналады.Жырау   бір
ғасырдан астам жасап,1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда
Далба тауының етегіне жерленген. 

Қазыбек пен Бұқар
Бұқар   жыраудың   өте   қартайған   кезінде   көңілін   сұрамақ   болып   Қаз
дауысты Қазыбек би  келеді. 
Төсекте жатқан Бұқар жырау: 
-
Бірден   онға   дейінгі   санның   мағынасын   маған   ешкім   айтып   бере
алмады.   Қазыбек,   сен   айтып   берші,-   деген   екен.   Сонда   Қазыбектің   берген
жауабы:
-
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз – егесіп өткен
ер   жаман.   Үш   дегеніңіз   –   үш   бұтақты   шідерден   шошыған   ат   жаман.   Төрт
дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. Бес дегеніңіз – берекесіз ел
жаман. Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз –
жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған
қой жаман. Тоғыз дегеніңіз – толғанғаның. Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге
жеткеніңіз, - болған екен.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ   ССР   Ғылым   Академиясы   М.О.Әуезов   атындағы   әдебиет   және
өнер институты 2 томдық.
2.Бес ғасыр жырлайды, Алматы. «Жазушы»1980
3.Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармалары,Алматы 1992.
№ 14 Дәріс сабағы
Тақырыбы:  Жарапазан кезінде айтылатын тапқыр сөздер мен
шешендік нақыштар
Жоспары:
1) Жарапазан өлеңдері дегеніміз не?
2) Жарапазан өлеңдерінің қазақтың әдет-ғұрпына байланысы
3) Жарапазан өлеңдеріндегі діни ұғымдар
Қазақтың өткен кезде дін салтына  байланысты туған шығармаларының
бір   түрі   –   жарапазан   өлеңдері   деп   аталады.   Жарапазан   айту   салты   қазақ
арасында ислам діні  енгеннен кейін туған.
Ислам діні бойынша оны қабылдағандар үшін жылына отыз күн ораза
ұстау,   күніне   бес   рет   намаз   оқу,   қайыр-садақа   беру   міндет   саналған.   Олай
етпеген жағдайда адам өлгенде жұмаққа бармай, тамұқтың отына күйіп жанады
деп   уағыздаған.   Осының   бәрін   үгіт-насихат   түрінде   айту   үшін   дін   иелері
поэзияны пайдаланған.  
Өйткені   дін   сөзі   деп   қожа-молдалар   айтатын   араб   тілін   қазақтар
түсінбеген.   Біріншіден,   өз   сөздерін   халыққа   ұғындыру   үшін   өлеңді   қолайлы
көрген. Екіншіден,қазақ халқының сауықшыл, өлеңшіл, үгіт сөзге құлақ түргіш
келетінін   ескерген.   Жарапазан   өлеңдерді   ораза   кезінде,   құрбан   айт   кезінде
садақа сұраушылар айтатын болған. 
Айтамын байлар сізге жарапазан,
Молдалар ертең ерте айтар азан.
Айтқа жарапазан қайыр берсең,

Барғанда   ақыретке   болмас   жазаң   -   деген   сияқты   сөздермен   жарапазан
айтушылар әндетіп, құдайды мақтап үгіт-насихат айтатын болған.
Жарапазан   айтушылар   өздерінің   тұрмыс-тіршілігін,   ауыр   халін   айтып
садақа сұрап бір елден екінші елге жағалап жүріп айтқан.
Ассалаумағалайкүм, ақтан келдік,
Ауылы Арғын-Найман жақтан келдік.
Жарапазан айтумен үміт қылып,
Балалардың азығы жоқтан келдік.
Жарапазан   өлеңдеріндегі   көркемсөз,   мұңлы   зар,   әртүрлі   ақындық
шеберлікпен айтылған өлеңдер адамдарға өте әсер еткен. Кей кезде жарапазан
өлеңін айтушылар үй иелерін құттықтап, тілек айтып, сыйлық алатын болған. 
Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз бір орамал белімізге.
Байласаң бір орамал белімізге,
Барамыз мақтап-мақтап елімізге.
Жарапазан өлеңдерінен халықтың көне дәуірдегі ҮІІ-ҮІІІ ғасырдағы әдет-
ғұрыптарының айшықтарын көруге болады. Жарапазан әндерінде отбастарына
денсаулық, мал-жанының көбеюі туралы, сәттіліктер мен жақсылықтар тілеп,
адамдарға ізгі ниет білдіреді. Жасы үлкен кісілер жарапазан-бата береді. 
Жарапазан батасы, 
Сөзімнің жоқ қатасы.
Ораза тілеп айтамын,
Көрші үйдің атасы, - деп көрші-көлемге айтатын болған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: Санат, 1996-
68-69 б.
2.
 Байқадамова Қ., Темірбекова А. Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт
әндері.   Оқу   құралы,   Алматы:   Ы.Алтынсарин   атындағы   Қазақтың   Білім
Академиясының республикалық баспа кабинеті. 2001-298 б.
Шешендік өнердегі отбасы сипаты
  Бала   өмірдің   жалғасы   деп   қараған   халқымыз   ұрпағына   өнеге   үйретіп
үлкен азамат етіп өсіруге үнемі көңіл бөлген. Ертедегі қоғамнан бастап баланы
еңбек   сүйгіш,   шынайы   қасиеттерге   баулыған.   Отбасының   жеміс   берер   гүлі,
алтын діңгегі – бала. Сондықтан  бесіксіз үйде береке жоқ деп түйіндеген. 
Отбасының түтіні сөнбеуі үшін өмірдің мәні де, сәні де, жалғасы да бала
деп есептелінген. Баланың көп болуын қалаған. 
Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,
Көп баласы бардың үйінде шамы бар.
Бала адам болса, мұратыңа жеткенің,
Бала өліп атасы қалса, арманда кеткенің,
Артында қызы бардың көзі бар,
             Артында ұлы бардың өзі бар - деп бала дүниеге келмей жатып
қамқорлық жасаған. Аяғы ауыр әйелге жүк көтертпеген. Әйелдің жерік асын

тауып берген. Жас босанған әйелге мал сойып, қалжа тартып, сорпа ішкізіп, жас
еттен қуатты тамақ берген. Атам қазақ: 
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – қу мазар, - деген.
Нақыл сөз
Нақыл сөз дегеніміз - өнеге-өсиет ретінде айтылатыын аталы сөз. Ерте
заманнан келе жатқан нақыл сөздің сыйқырлы күші бар. Нақыл сөзде аурудан
айықтыратын, төніп келген бәледен сақтандыратын, қауіп-қатерден құтқаратын
қасиет   бар.   Қазақта   батыр   көп   болған.   Шешен   аз   болған.   Ертедегі   адамдар
билер саусақпен санардай деп деп айтатыны да сондықтан. 
Төле бидің: «Батыр деген – Барақ ит: екі долы қатынның бірі табады. Би
деген – бір бұлақ:қатынның ілуде біреуі ғана табады, - деген қанатты сөзі бар.
Билер   шешендік   өнердің   болмыс-бітімін,   дара   табиғатын   терең   таныған.
Шешендік өнердің басқа өнер түрлерінен, ғылым салаларынан айырмашылығы
– оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде де ешқандай шекара болмайды, қысқа да
нұсқа айтылады. Шешендік өнерге қойылатын шекара – ол ақыл-ой, ар-ождан,
абырой шекарасы.
Ақыл   ойдан   тыятын,   ар-ожданнан   аттайтын,   абыройдан   ажырататын
межеден арғы жерде шешендік өнер де болмайды.
  Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық
«Адам аласынан сөз анасы жаман, от шаласынан, сөз шаласы жаман» дегенде,
ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың
қойыртпақ   тіліне   қарап,   қынжылып   айтса   керек.   Тіл   тазалығы   дейтініміз,   -
дейді   А.Байтұрсынұлы,   -   ана   тілдің   сөзін   басқа   тілдің   сөзімен   шұбарламау,
ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу».
 Шешендік өнерде тіл тазалығы жоғарыдағы айтылғандардан өзгешерек.
Әрине, шешендік сөйлеу мәдениетінің талаптарын ескереді, өйткені ол – тіл
мәдениетінің жоғарғы формасы. Шешен болып қалыптасу жолында сөйлеуші
тіл мәдениеті талаптарын меңгермейінше, оның шешен сөйлеуге төселуі пайым
нормаларын сақтай  алмаған адам көпшіліктің алдына  шығып сөйлеп, береке
таппайды.
Тіл мәдениетінде тіл тазалығы оның өзге тілдік элементтерден арылуы
деп түсіндірілсе, шешендік сөздердегі тіл тазалығын ойдағы екіұштылыққа жол
бермеушілік,   сөздерді   уәжсіз   қолданбаушылық,   ойды   дәл   білдірмейтін
«жылтыр» сөздерді қуаламаушылық деп түсінуіміз керек.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет