Екінші сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді:
«енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп
қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке – үке» десіп, шығып кетсе,
қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп.
Ноғайды көрсе, оны да боқтап, күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай атқа
мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңізші, түкке
ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, «башалшік» ноғай деп.
Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс»
деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын
құлақты тауып бер депті» - деп.Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай – ай, бізден
басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз
деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері
жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. өзімен өзі әуре болып бірі мен бірі ешбір
жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда, қазақтың өлісінің ақыреттігін, тірісінің
киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды айдап кетіп тұрды
ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті.
Үлкен байлар да, үлкен молдаларда, ептілік, қырмызылық сыпайылық – бәрі
соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды,
қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек
қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат әсем де соларда. Оның
малдыларына құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз.
Оның бәрі бірін бірі қуып, қор болмай шаруа қуып, өнер тауып, мал
тауып, зор болғандық әсері.
Төртінші сөз
Әрбір байқаған адам білсе керек. Күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас
кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас
ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не
ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек, осындай
ғафилдік көп өткізіп елемеген кісінің не дүниеде, не ақыретте, басы бір
ауырмай қалмаса керек. Әр бір уайым қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына
не ақырет шаруасына өзгеден жинақырық болса керек. Әрбір жинақылықтың
түбі кеніш болса керек. Енді олай болғанда үнемі уайым қайғыменен жүре
аламыз ба? Үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре
аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жан шыдайма екен? Жоқ, мен үнемі уайым -
қайғыменен бол демеймін. Уайым – қайғысыздығына уайым-қайғы қыл-дағы,
сол уайым қайғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек, һәм қылу
керек. Әрбір орынды харекет өзіде уайым қайғыны азайтады, орынсыз
күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым қайғының ішіне кіріп алып қамалып,
қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсе
оған рақаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де қайғы. Ондай
күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына
рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат
көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей уақытымен
тоқтатады.
Көп күлкінің бәрінде мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау.
Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты
менен бет аузын түзеп бай-бай күлкінің әнін сәндеп әдемішілік үшін күлетін
бояма күлкі. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің
рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып есіл
өмірді ескерусіз босқа жарамсыз қылықпен қор еткізіп өткізеді де таусылған
күніңде бір күндік өмірде бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі
құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң,
қара жер де береді, құр тастамайды.
Бесінші сөз.
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып
буынды құртып, я көзден жас болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай
қайғысыз қыла көр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі
есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы
не десең мақалдарынан танырсың : «түстік өмірің болса, күндік мал жи»,
«өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «мал – адамның бауыр еті», «малдының беті –
жарық, малсыздың беті – шарық», «ер азығы мен бөрі азығы жолда», «ердің
малы елде, еріккенде қолда», «берген перде бұзар», «алаған қолым-береген»,
«мал тапқан ердің жазығы жоқ», «байдан үмітсіз- құдайдан үмітсіз», «қарның
ашса – қаралы үйге шап», «қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без»
деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін,
ғылым үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен. Ол
малды қалайша табуды білмейді екен. Бар білгені малдыларды алдап, мақтап
алмақ екен, бермесе, оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, әкесін
жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық, сұмдық, тіленшілік,
соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып, мал тапса, жазалы демесек
керек екен.
Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ жас бала қызыл
ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, өле
жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны
қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ , біз де өзіндей болмасақ безеді екен.
Іздеген еліміз сол ма?
Алтыншы сөз
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды – тірлік» дейді.
Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды:
бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ, болса екен дейді. Олай
болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай, мал
іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес.
Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, күні басқалар да жалданып, бірлік
қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай,
бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, шаруа іздемейді.
Әуелі біріне бірі пәле іздейді. Не түсін не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол
болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін бірі алдаудың амалын
іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды –тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден
шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп,
бұлдаған адам өлімді жау көріп, ақыретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып,
жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек
атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің
тірі болсаң да көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен
ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың – пысық, ішің – нас,
Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген
ақ бұйрықтың өзі артық.
Абай мен Әбіш
Наушабай атты кісі жол жүріп келе жатып, Абай үйіне түсіпті. Жайғасып
отырған соң ол:
-
Абайжан өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? – деп
сұрапты.
Абай сәл ойланып, отырыпты да мына бір әңгімені айтып береді:
-
Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Он тоғыз жасында
Семейдегі орыс мектебіне түсірдім. Оны бітірген соң, Петерборға жібердім.
Қыс оқып, жазда демалысқа үйге келді. Баламның алымдылығын сынап білейін
деген оймен әңгіме үстінде:
-
Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат
асыл ма? – деп сұраған едім. Ол іркілместен:
-
Ақ зат асыл ғой ,- деді.
-
Неге қара зат асыл емес пе? Әбіш бетіме қарап күліп:
-
Қараны қалай асыл дейсіз?- деді.
-
Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен
көреді емес пе? – дедім мен.
-
Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана
көреді. Екіншіден қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара
сиямен жазғаннан өнер-білім алады. Үшіншіден жас шақта адамның сақал
шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл білім, қайрат,
көп болады. Қартайғанда адамның шаш сақалы ағарады. Ал адамда ақыл білім
қайрат та азаяды, сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
-
Оның бәрін қалай білдіңіз?
-
Ақылмен білдім
-
Олай болса, ақыл мида болмай ма, ақыл-нұр, жарық зат. Ал жарық
Ол да аққа ұқсамай ма? – деді Әбіш.
Ұлымның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан сипадым.
* * *
Абай:
Жамандықты кім көрмейді. Үміт үзбек – қайратсыздық. Дүниеде
ешнәрсеге де баян жоқ екені рас. Мәңгілік ештеңе жоқ. Жамандық та қайдан
баяндап қалады дейсің? Қары қалың қыстың артынан көгі мол, шөбі шалғын
жақсы жаз келмеуші ме еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Абайдың үш билігі». Жалын №7,8 1998ж
2.Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы мен түркология. Алматы 1987ж
3.Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
4.Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж
5.М.Тілеужанов «Ел әдебиеті»
№ 13 № Тәжірибеліқ сабақ
Бұқар жырларындағы мәнді сөздер
Сабақтың мақсаты: Атақты Бұқар жыраудың шығармашылығымен
таныстыру.
Тапсырма
1.
Бұқар шығармаларын зерттеушілер туралы айтыңыз
2.
Бұқар шығармаларын оқып, мазмұнын айтыңыз
3.
Бұқардың тіл шеберлігін дәлелдеңіз
Бұқардың ақылдылығы мен көріпкел, сәуегейлігі туралы сан алуан аңыз-
әңгімелері бар.Бұл жөнінде М.Ж.Көпеев: «заманындағы сыншылар ол кісіні-
«көмекей әулие»дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара
сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлауменен шығады екен» деп жазады.
Бұған қарағанда, жыраудың бізге жеткен толғаулары есепсіз көп жырлардың
шет жағасы ғана болса керек.
Бұқар жырау шындықты тіке бетке айтатын батылдығымен де
дараланады. Кейбір тығырыққа тығылған саяси мәселелерге орай хан алдында
ешкім батып сөйлей алмағанда, жырау ғана қиялдан қисын, қиыннан жол тауып
беретін болған.
Бірде Абылай хан көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда,
Бұқар жырау мұның немен тынатынына болжап халық үшін жаулық жолынан
сақтап қалады. Мұндай жағдай тек ханмен ғана емес, басқыншы жауды жеңу
жолындағы әр қилы талас-тартыс кезінде де болып отырған. Сондай сәттерде де
жырау қара қылды қақ жарып тек қана, шындықты бетке басып айтатын болған.
Осы талаптарға сәйкес олардың көптеген жырлары Абылай ханға арнау түрінде
айтылып үлкен саяси әлеуметтік мәселелерді қозғайды.
Жырау бұл толғауларында азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай
ханның асқақ тұлғасын жасуға да мол үлес қосты. Ел тағдыры таразыға түскен
ауыр кездерде ханның әділдігі мен ақыл-парасатына көрегендігіне ден қойып
оның ерлігімен еңбегін жоғары бағалайды. Мыс.:
Отыз жасқа келгенде,
Дүниедей кең едің,
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде сығылып,
Аққан сел едің,
Қырық жасқа келгенде
Алтынды таңның желі едің...- деп, ерлерді мадақтайды.
Жыраудың жұртты татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген үгіт-насихат
жырлары да сан алуан.
Бұқар да ол халқымыздың ертеден келе жатқан жөн-жоралғысы мен салт-
дәстүрді негізге ала отырып мұсылман дінінің қағида-шарттарын үлгі ете білді.
Бұқар жыраудың айтуға тиым салынып келген бір қыры орыс
отаршылдығына қарсы қажырлы күресі. Ол шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерді
біртіндеп басып алған, отаршылардың бұзық пиғылдарын жұрттан гөрі бұрын
сезіп содан сақтануға шақырды, тіпті сол кіндік кесіп, кір жуған ата қонысты
аттап, бұрынғы Асан қайғы айтатын Жиделібайсынға қоныс аудау қажет деп
тапты. Жырау туған халқының сол тұстағы ауыр халін былайша сипаттайды.
Шүршітпенен құлақтас,
Қырғызбенен жұбатпас,
Ортасында ұйлығып
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып
Бүйірінен шаншу қадалып,
Сорлы қазақ қамды ойла.
Бұқардың көрегендігі мен кемеңгерлігі, алдын болжағыш білгірлігі оның
әйгілі. «Ханға жауап айтпасам» деген толғауынан аңғарылады.
Мұнда ол Асан қайғысының «Қилы-қилы заман болар, Қарағай басып
шортан алар»- деген жұмбақ сөзінің мәнін ашуға байланысты болашақ орыс
боданындағы жұрттың, әсіресе жастардың жай-күйін қандай болады деген
күрделі мәселені жан-жақты қамтып суреттейді.
Жырау алдағы сол заманды бейнелегенде адамның рухани күйреп, азып
тозатынын, аяусыз қырылып зобалаңға ұшырайтынын тап басып сипаттайды.
Бұқар жыраудың өзіндік өрнек мәнерін, оның аз сөзге көп мағына
сыйғызатын шеберлігін бөліп атаған жөн. Мұндай жолдардың мақал-мәтел
іспеттес болып құрылатынын көреміз. Бұлар осы сипаттарымен үлкен ойды
қорытып жинақтау дәрежесіне көтереді.
Өмір көріністерін кеңінен қамтып бейнелеуі жағынан ол жазба әдебиетке
бір табан жақын тұрды. Өзінен кейінгі ұлы Абайға да игі әсер етті. Қазақ
өлеңдерінің мазмұны жағынан байып көркеюіне елеулі үлес қосқан жырау
адамның болашақ тағдыры туралы айтып кеткен:
Балалық он жасыңыз балғын өскен құрақтай,
20-деген жасыңыз жарда ойнаған лақтай.
Отыз деген жасыңыз таудай аққан бұлақтай.
Қырық деген жасыңыз ерттеулі тұрған құр аттай.
Елу деген жасыңыз ол да бір үлкен бел екен
Алпыс деген жасыңыз күзгі соққан жел екен.
Сексен деген жасыңыз қараңғы тұман күн екен,
Тоқсан деген жасыңыз ажалдан босқа жоқ екен.
* * *
Бұқар жырау:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден қол табылады
Қол бастау қиын емес .
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиын – деген екен.
Бұқар жырау шығармалары
Бір күні Абылай мен Бұқар жырау ат үстінде келе жатқанда Абылай
жырауға Асанқайғының айтқан сөзі туралы сұрақ қойған:
«Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар- деген сөздің шешуін айтшы депті.
Сонда Бұқар: «Заман азып, заң тозып, жаман болар,
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тәмам болар.
Ол күнде қарындастан қайырым кетер,
Қатыннан күш, қарағайдан шайыр кетер.
Ұл мен қызың орысқа бодан болып,
Қайран ел, есіл жұрттың сәні кетер - деген екен.
* * *
Алла деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас.
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.
Білем деген құтылмас,
Берік байлаған шешілмес.
Қазулы жолдар көмілмес,
Қартайсаң қарт бабыңды сайлай бер,
Күндердің күні болғанда,
Кімдер белі бүгілмес.
* * *
Жақын жерде шөп жесе,
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы ,
Ауыл сәнін кетірер.
* * *
Мырзалық қонаққа пайда,малға қас.
Батырлық жолдастыққа пайда , жанға қас,
Өтірік сөз адаға пайда,иманға қас
Өтірік пышақ қолға пайда,қанға қас.
* * *
Арту-арту бел келсе,
Атан өрлер бүгіліп
Алыстан қара шаң көрсе,
Тұлпар шабар тігіліп.
Ел шетіне жау келсе,
Ерлер шығар түріліп
Ел ішіне дау келсе,
Шешен сөйлер жүгініп
Тентектен ел бүлінсе,
Билер шешер жүгініп.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Сыздықова. «Сөздер сөйлейді». Алматы 1980ж
2.З.Қабдолов. «Сөз өнері.» Алматы 1984ж
3.Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы 1961ж
4.Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж.
№ 14 № Тәжірибеліқ сабақ
Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері
Сабақтың мақсаты: Ежелгі түркі заманынан бері шешендік өнердің
дамуын түсіндіру.
Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз жазыңыз.
1. Қазақ шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары. Түркі халықтарына
ортақ Орхон-Енисей ескерткіштері мен көне жазба мұралары
а) М.Қашқари еңбектері.
ә) А.Иүгінеки еңбектері
б) Р.Хорезми еңбектері
в) С.Сарайи еңбектері
Тапсырма. Грек-Рим шешендерінің өмірі туралы (ауызша)
Перикл заманы (б.д.д. Ү ғасыр)
Софистер (б.д.д. Ү ғасыр)
Платон (б.д.д. 427-347жж)
Аристотель (б.д.д. 384-322жж)
Цицерон (б.д.д. 106-43жж)
Квинтилиан (б.д.д. 100-36 жж)
Ежелгі түркі шешендерінің қатарында шамамен біздің дәуірімізге
дейінгі 620 – 555 жылдары өмір сүрген Анақарысты мақтанышпен айта аламыз.
Платон шығармаларында Анақарыс туралы мынадай пікір келтірілген:
«Анахарсис – аңызға айналған скиф, өзінің Грецияға жасаған саяхаты кезінде
даналығымен даңққа бөленді және Салонның ықпалымен өмірін философия
ғылымына арнады». Скифтердің есімі тарихта тек әскери жобамен ғана қалған
жоқ, ұлы даналардың Отаны ретінде де мәлім болды, - дейді Т.Жұртбаев. Бұл
пікірдің шындығына атақты Геродот пен Страбонның философ, шешен
Анақарысты «жеті ғұламаның бірі» деп мойындауының өзі де жеткілікті! Бір
өкініштісі кезінде аты аңызға айналған ғұламаның өмірбаяны туралы
деректердің сақталмағандығы. Геродоттың айтуынша, «Анақарыс – скиф
патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы».
Анақарыс скифтерді билеген хан тұқымынан. Шешесі – грек қызы.
Сөз өнерін жетік меңгеріп, билердің кеңесіне қатысып, шешендікті тыңдап, өзі
де билік айтып ер жеткен. Біздің дәуірімізге дейін де ежелгі түркілерде билер
кеңесі болғандығы жайлы Дьяконовтың дерегінен білуге болады: «Геродоттың
жазуы бойынша, мидиялықтарда халық кеңесі болғандығын білеміз, сондай –
ақ, ең ардақты ақсақалдар кеңесінің болғандығы да даусыз. Мұнда кеңестер мен
мәжілістер «Авестадағы» «ханиаман» және «биаха», «биахман» деген сөздер
арқылы белгілі», - дейді. «Ханиаман» мен «биаханның» түбірін «хан ием»,
«биеке» деген сөздерінен шығарып, Т.Жұртбаев хан кеңесі мен би кеңесі деп
түсіндіреді. Олай болса тарихшылардың Анақарысты «билер кеңесіне
қатысып, өзі де билік айтқан» деген сөздеріне сенуге болады. Анақарыс әскери
өнерді де жетік білген, әскери қолбасшы болған. Ел іші бейбіт өмір кешіп
немерелес бауыры Сабыл хандық құрған кезде дүниенің сырын білмек болып,
жан-жағына үңіледі.
Әйгілі философтармен тарихшылардың шежіресі ғалымдардың
еңбектерін оқып, білімін кеңейтеді. Скифтердің тұрмыс тіршілігіне өзгеріс
енгізуді армандап, элладалықтардың мемлекеттік құрылымы мен заң арқылы
басқару жүйесіне қызығып, білмек болады.
Осы мақсатпен «әлемнің жеті ғұламасының бірі» Солонды іздеп, скиф
даласынан Афинаға аттанады. Геродоттың жазуынша, «элладалықтардың өнер –
білімін үйреніп келу үшін, Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің
патшасы» көрінеді. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда көшпелілер
көсемнің мұрагері жігіт шағында қол бастап, жаугершілік өнерін шайқаста
сынамай, алыс сапарға шықпаған. Оның үстіне тақ мұрагерлерін әскери өнерге,
шешендікке, тапқырлыққа жасынан баулыған. Сондықтан Анақарыс та әскери
өнердің қыр – сырын жетік меңгерген. Анақарысты ұлы екі өнерге - әскери
өнермен сөз өнеріне ұмтылуы тегін емес еді, өйткені бұл екі өнер қоғамдық
қажеттіліктен туды, құлиеленушілікке қарсы әлеуметтік даму өрістеп, азат өмір
сүруге, демократиялық қоғамның өрістеуіне қозғаушы күш болды.
Ерте заманда гректермен римдіктер де, көшпелі түркілерде әскери
өнермен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену
әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс
ретінде қабылданаған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде
халық мәжілістерінде суырылып сөйлеуге де әрқайсысының басты парызы
саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге
баулитын тәлімгер ұстаз мамандығы пайда болды. Шешендік өнердің
теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгері Кампанелла мен Томас
Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега
шеберлігі зор әсер етті.
Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған.
Біріншісі, б.э.д.V-IV ғасырлар, Афина елінде отты шешен Периклден бастап
даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе
Цицерон заманы. Сол дәуірлердің сипатынан шығарып, Цицерон: «Адамды ең
жоғарғы құрметке жеткізетін екі өнер бар: бірі – жақсы қолбасшылық өнер,
екіншісі - жақсы шешендік өнер», - деген еді. Осыны түсінген скифтің әскер
басшысы Анақарыс бұл екі өнерді жан тәнімен жақсы көрді және шешендік
өнермен әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ
Диогеннің: скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудың бауыры
еді, оның шешесі – грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол
скифтермен элладалықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы
жазды және әскери айла – тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше
шешендігімен көзге түсті, «Скифтік сөйлеу мәнері», - деген еңбегі дәлел бола
алады. Анақарыстың әйелі шешен Солонмен сөз жарыстырып, шешендігін
сынау үшін Грецияға аттануы да осы даналық ілімге деген құмарлығы еді.
Анақарыс келген уақыт Солонның егде тартқан кезі еді. Анақарыстың ұтқыр
ойы, тапқыр сөзі, әрі қысқа, әрі нұсқа сөйлейтін ділмарлығы Солонның өзін
қабылдауға мәжбүр етеді. Анақарыстың шешендігін дәлелдейтін деректерді
Т.Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан алдық, Анақарыс сөздерінің қазақша
аудармасы да осыдан.
Солон мен Анақарыстың достығы өле-өлгенше жалғасады.
Анақарыстың даңқты ойшылы Солоннан ділмарлықтың тәсілдерін үйреніп қана
қоймаған, ол Солонның өзіне де түйінді мәселелерді шешуге ақыл қосып,
ескерту жасап отырған, яғни Солон да Анақарыстан көп нәрсені үйренген.
Әсіресе, заңға, философияға қатысты мәселелерге өзара пікір алысып отырған.
Анақарыстың ойлау жүйесі, шешендік өнері талай ғұламалардың ғылыми
еңбектеріне негіз болған. Бұл жөнінде ежелгі грек тарихшысы Плухтарх
«Өмірнама жинағы» деп аталатын кітабында көп деректер келтіреді. Анақарыс
Солонның мемлекеттік басқару жүйесіне арналған еңбегімен танысқаннан кейін
заңға қарсы шығады: «Сіздің арманыңыз – адамдарды заң арқылы қылмыстан
сақтандырып, қиянаттан қорғау. Оныңыз өрмекшінің торы сияқты заңның
қарамағына ілінген. әлсіздер мен кедейлер тұтылып, әлділер мен қалталылар
құтылып кетеді,» - депті. Бұл пікірдің дұрыстығын көп жағдайда өзі растап
береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғаралұлы, А.Сейдімбек Елтұтқа. Алматы
2001ж.
2.
Қыраубайқызы Ежелгі дәуір әдебиеті Алматы: Мектеп 2002ж. 85
бет. (63-65б.)
Тапсырма
Сұрақтар
1.
М.Қашқаридың өмірбаяны туралы айтыңыз
2.
М.Қашқаридың шығармаларын талдаңыз
3.
Әл-Баласағұни туралы не білесіз?
Махмуд Қашқари, Әл-Баласағұни шығармаларындағы шешендік
сөздер
Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі
Махмұт Әл-Қашқари. Ол Жүсіптің тұстасы, замандасы өкінішке орай күні
бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. В.В.Бортольд, С.Е.Малов, А.Б.
Хамидов, И.В.Стеблева оның атақты шығармасы»Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі
сөздерінің жинағы) 1072 жыл немесе 1078 жыл жазылған деп жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бірақ неге
екені белгісіз өте жас кезінен бастап туған мекенінен шығындап шығып,
түркілер уалаятын аралап кетеді. И.В.Стеблева «Махмұт саяси жазадан
қашқандықтан түркілер елін паналап жүрген дегенді айтады. Бұл ретте ол қазақ
ауыз әдебиетіндегі өз елінде отандас бір батырды өлтіріп, қазақ даласына
қашып кеткен.
Махмұт Қашқари саман әулетінен Орта Азияны тартып алған бектің де
аты Хамир Тегін екендігін көрсеткен. Осындай пайымдаулардың бәрі автордың
оғыз тайпаларының бірінен шығуы мүмкін екендігіне меңзейді» - дейді. Әмір
Наджибтің мұндай бұлтартпас уәжін жоққа шығару, оған күмән келтіруге
болмайтын секілді. Сондықтан да Махмұт Қашқари тегі жағынан ұйғыр емес,
оғыз, қыпшақ тайпаларынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанда мекендеген
түркі халықтарының ортақ перзенті.
Махмұт өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп
аралаған. Көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген. Кейінен ол бір
кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Оның да себебі
бар. Белгілі Шығыстанушы, профессор Анас Халидов Махмұт Қашқаридың
«Диуани лұғат, ат-түркін» құрастыру кезінде Исхақ Әл-Фарабидің «Диуани Әл-
адабын» басшылыққа алғаны өзіне үлгі еткені жайлы айтады. Оны ол нақтылы
мысалдармен дәлелдей алған. А.Хамидов әуелі екі еңбектің құрылыс,
құрылымы да бірдей екендігіне көңіл аударады. Махмұттың түрік пен тайпасы
мен Талас, Баласағұн өңіріндегі қазіргі Шу шаһары жайлы айтқан деректері
оқушылар үшін қызық болғандықтан, оны үзіп жармай түгел келтірді.
Қашқаридың ХІ ғ 70 жылдары жазған бұл шығармасы Ү-ҮІІ ғасырға
жататын «Күл Тегін», «Тоны көк», байланысты қайталайды.
Күні бүгінге дейін біз Баласағұн қаласынан шыққан «Құдатғу біліктің»
авторы атақты Жүсіп хас-хаджиб Баласағұниді ғана білуші едік.
Баласағұни «Сырдарияның арғы жағында Қашқарға жақын» екендігін
тілге тиек етсе профессор Уахит Шолекенов «Ұлы Жібек жолының үстіндегі
отырықшы мәдениетінің, ірі орталықтарының бірі Баласағұн қаласы осы күні
Ақтөбе деп аталатын орын деп жазады. Ғалымның өз аты - Әбу Абу Алла
Мухаммад, әкесінің ныспысы – Мұса Баласағұни –оның Баласағұн қаласында
туылғандығын білдіреді.
Халқымыздың тарихына үңілсек ХІ ғасыр басында Қазақстан жерінде
Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі құрылғанын, қалалар мен қоныстар қайта
жаңғырып, рухани өсіп, сауда саттық артқанын байланыс арқылы көреміз.
Жүсіп Баласағұн өз дастанында өнер білімге қажырлы еңбек пен зор
талаптылық қана жеткізетінін ескерген. Ол өзінің ақыл кеңестерінде Абай
Құнанбаевқа ұқсас түйіндер айтқан.
Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас.
Еңбекпен барлық қажетің табылар,
Еңбексіз ер қызықтан да жалығар.
Біліммен адам толығар,
Білімі оны зор қылар.
Ақылмен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылмен ғана ер - әділет үшін құрбандыққа шалынар.
Өмірдің қасиетті парызы адамның адамға жақсылық жасауы деп
ескертеді.
Өмір жолы көрген түспен тең,
Ғажайып, бірақ ұзақ емес.
Өмір қымбат болса да өлшеулі,
Жақсылық жаса қайырымды бол.
Ұлыққа да, құлға да өлім болар қақ.
Түбінде бәрімізге тағдыр ортақ.
Құмарлық, махаббат, сұлулық, туралы ойларында да толып жатқан
ұқсастықтар бар.
Әркім де білер бұл дүниеде,
Сүйген жардың мінсіз боларын.
* * *
Ғашықтың көзі көр болар
Көрмейтін өзге дүниені
* * *
Ашулы адамды ақылдан айырады,
Ашу үстіндегі мейірімді адамның өзі зұлым.
Зұлым адам ұзақ өмір сүре алмас,
Өзінің зұлымдығы оны жұтар .
Зұлым адам бақытты да, қуанышты да білмес,
Тек мейірманды адам ғана дегенге жетер.
Жастық шақ өмірдің ең жақсы өрнегі,
Шындық пен мейірімділік болсын көргені.
Жастықты мәңгі бермеген,
Ақылсыз ер өтерін оның білмеген.
Махмұт Қашқари ІІ ғасырдағы түркі ғалымы. «Диуани лұғат ат-түрік»
атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшысы,
этнографы, географы ретінде танылды.
«Құтты білік» дастаны 85 тараудан тұрады, негізінен төрт салада тәлімдік
мақсаттар орындалады.
Ақын ұлттық әдепке әсіресе тіл әдептілігіне көңіл аударған.
Тіліңді бақ, басың аман болады
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
Әділеттік туралы
Есте сақта, сөзімді қабыл ет
Пайда мінез, ұят пен әділетте.
Еңбек туралы:
Көз берді алла зат көріп құндау үшін
Құлақ берді үн естіп тыңдау үшін
Қос қол берді тірлікті қолдау үшін
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін
Ақыл дос туралы:
Ақылдыға қосылсаң бақытты боп өтесің
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің
Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды
Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қыдыршаев А.С. Шешендіктану. Орал: «Ағартушылық лингвистикалық
орталық». МКК. 2004ж. 154 бет
2.Мырзатай Жолдасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек,
Астана: 2001 ж 348 бет.
№ 15 № Тәжірибеліқ сабақ
Төле бидің шешендігі
Сабақтың мақсаты: Төле бидің шешімдерін, ұлағатты сөздерін үйрету
арқылы шешендікке тәрбиелеу.
Тапсырма
Сұрақтар:
1.
Төле би жолда келе жатып кімді кездестірді?
2.
Ол Досай ауылына неге барды?
3.
Төле би Данагүлге құлағын, тілін, таңдайын беріп, қандай тілек
айтты?
4.
Төле бидің жазған хатының мазмұны қандай?
5.
Ол хаттағы сұрақты келіні қалай шешеді?
6.
Төле би қарақшылардың қолынан босаған соң оларға не деді?
Атың Даналы болса...
Таздар мен Сүлгетай елінің арасында біраз жылдан бері бітімін таппай
созылып келе жатқан жесір дауын шешіп, ауылына қайтып келе жатқан Төле би
қасындағылармен Бөген өзенінен өте бергенде, анадай жерде келе жатқан бір
топ қыз-келіншектер аттарынан түсіп, олардың алдын кесіп өтпей ізет қылып,
тұрып қалады. Төле би оларға жақындап барады:
-
Бәрекелді, өркендерің өссін, қай ауылдың балаларысыңдар? –
Қыздардың біреуі:
-
Досай ауылынанбыз,- деп жауап береді. Төле би тағы да:
-
Әлдеқашан өтіп кететін едіңдер, аттарыңнан түсіп бізді неге
тостыңдар, бір шаруаларың бар ма еді?-деп сұрайды.
-
Шаруамыз жоқ, ата, - дейді әлгі қыз, - Үлкен кісілер айтушы еді,
кісінің алдын кесіп өтпе, оларға ізеп қылып, сәлем бер деп, сіздердің
жастарыңыз үлкен, араларыңызда қасиетті қариялар бар шығар, жолын
кеспейік, аттан түсіп сәлем берейік деп, сіздерді сыйлап тұрғанымыз ғой.
Жауабына риза болған Төле би, енді қыздың аты-жөнін білгісі келеді:
-
Рахмет қызым, көп жаса, кімнің қызысың, атың кім?
-
Алакөздің қызымын, атым – Данагүл.
-
Бәрекелді қызым, өркенің өссін! Атың даналы болса, ақылың
саналы болар түбі, - дейді де Төле би жүріп кетеді. Былай шыққан соң оған ой
келеді, қасындағыларға:
-
Аттың басын қыз ауылына бұрыңдар. Алакөз қандай адам екенін
білейік. – сөйтеді де, бәрі Төрткүлдің жазық даласымен жүріп отырып, бір
ауылға жетеді. Шеткері бір үйден «Алакөздің үйі қайсы?» деп сұрайды. Ақ
қалпақты жас жігіт:
-
Алакөз жәкемнің үйі анау тұрған қараша үй. – деп сілтеп жібереді.
Момақан ғана Алакөз байдың жылқышысы еді. Топ аттылыны көргенде
сасқалақтап, қалбалақтап қалады. Көршісінен бір қой қарыз алып сояды,
алдына барын жайып күтіп алады. Сол заматта «Алакөздің үйіне бір топ аттылы
кеп түсті. Ішінде атақты Төле би бар» деген сөзді естіп, жылқылы бай
Алакөздің үйіне барып, Төкеңе сәлем береді.
-
Ау, биеке, менің сегіз қанат ақ үйім тұрғанда, жылқышының қара
лашығына түскеніңіз қалай? Мен сіздерді шақырып келіп тұрмын. Тай соямын,
қымыз сапырамын. Алакөздің үйінде жағдайларыңыз болмайды, кәне
жүріңіздер! – дейді. Сонда Төле би:
-
Байеке, әуре болмаңыз. Сіздей байлардың үйіне түсіп жүрміз ғой.
Бір жолы Алакөз сияқты кедейлердің де үйін көріп қойғанымыз теріс болмас, -
деп оған көнбейді.
Ет пісіріп, кісілердің алдына табақ тартылыпты. Төле бидің алдына бас
қойылыпты. Би «бисмиллаһир» деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де:
-
Алакөз інім, балаң бар ма?
-
Балам жоқ, Данагүл деген қызым бар.
-
Сол қызыңды бері шақыршы!
Ошақ басында самаурын қайнатып, қолғабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге
енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір құлағын, тілін,
таңдайын алып қызға береді, мынадай тілек айтады:
-
Шырағым, құлақ бергенім – екімнің бірі, бас ие бол дегенім. Тіл мен
таңдай бергенім – іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен
бол дегенім – депті.
Қыз:
-
Рахмет, ата, тілегіңіз қабыл болсын, - деп шығып кетеді. Бата
беріледі, дастархан жиылады. Енді Төле би Алакөзге қарап:
-
Сенімен құда болғым келіп отыр, бұған қалай қарайсыз?-дейді.
Жаппарқұлда жан бар ма, бүкіл елді аузына қаратып жүрген Төле бидей кісі
солай деп қолқа салып отырған соң, Алакөз мақұлдап, ризашылығын білдіреді.
Көп ұзамай ақ екі жақ тойын жасап Данагүл Төле биге келін боп түседі.
«Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» демекші, Данагүл өзінің ақылды,
әдептілігімен бір ғана би атасына ғана емес, бүкіл ауылға жағады. Атасы
билікпен, ел қамымен жүргенде, Данагүл ауыл адамдарын, өзінің құрбы-құрдас,
абысын-ажындарына ақылшы, бас көз болып жүреді.
-
Данагүлдің ақылды, сезімталдығын, Төле би атасының ішкі ой
сезімін, емеурін-тұспалдарын айтқызбай түсінетін ел былай аңыздайды:
Бір жолы Төле би Мойынқұм елінің дау дамайын шешіп жүріп, ауылына
қайтпақ болып, қасындағы жігітіне:
-
Қай жолмен жүрсек екен? – депті де сөзін қайта жалғапты. – бір жол
бар ел жағалап жүретін. Онымен жүрсек ауылға он күнде жетеміз. Бір жол бар
шөл аралап жүретін. Ол жол төте, ауылға бес ақ күнде жетеміз. – Жігіті:
-
Ел жағалап, қона жатып жүргенше, төтесінен күн-түн демей жүріп
отырып, елге ертерек жеткен дұрыс ау, би-еке. Ауылда сізді күтіп тұрған шаруа
да аз емес шығар, - депті.
-
Сенің айтқаның жөн екен, олай болса тарт сол төте жолмен, - дейді
би. Сонымен екеуі бұйрат-бұйрат құмды кешіп жүріп кетеді. Үшінші күні құдық
басында отырған жалғыз үй түйешіге кездеседі. Одан сусындап, аттарының
белін босатып, жемдеп алады да тағы ілгері жүреді. Түнделетіп саймен келе
жатқанда бір топ қарақшылардың қолына түсіп қалады. Өздері аш бөрідей шөл
кезіп, жол торып жүрген қарақшылар екеуін аясынба, аттарын аударып,
киімдерін тонап алады. Екеуін екі түп сексеуілге матап тастайды. Олар
өздерінің кім екенін қарақшыларға айтпайды. Төле қарақшыларға былай дейді:
-
Әй жігіттер, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек
пе? Егер жан керек болса, азаптамай өлтіріңдер, ал мал керек болса мәмілеге
келейік, бізде сендерге жететін мал бар. Алдарыңа айдатып әкеп берейік, бізді
босатыңдар?
-
Әрине, бізге мал керек, - дейді қарақшылар бастығы. – Біз осы шөл
далада мал табу үшін жүрмегенде, не үшін жүрміз? Бірақ, сендер малды қайдан
тауып бересіңдер? Бізді алдап кетіп жүрмесеңдер.
-
Менің ауылымда, - Төле, - сендерге жететін мал табылады. Мен бай
адаммын. Бірақ мені ауылға жібермейсіңдер, әрине, сенбейсіңдер. Олай болса,
былай етіңдер. Біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып
берейін. «Кенже ұлыма құда түстім, соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас
атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы
жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса беріп жіберіңдер!»
- деп жазамын.
Қарақшылар орталарынан екі жігітін шығарып, мыналардың киімін
кигізіп, аттарына мінгізіп, қолдарына хатты беріп жіберіңдер. Екеуі салып
ұрып, Төле бидің ауылына жетеді. Хатты табыс етеді. Екі жігітті «біз
малымызды жинастырғанша тыныға тұрыңдар» деп бір оңаша үйге түсіреді.
Ауыл адамдары хатты олай оқып, былай оқып, ештеңе түсінбейді. Сенбейін
десе, хатты өз қолымен жазыпты, киімін кигізіп, атын мінгізіп жіберіп отыр.
Сенейін десе, «40 құнан атын, 20 бура, 8 ақбас атын, оң босағадағы алтын, сол
босағадағы күміс дегені несі?» деп, бәрі дал болып отырғанда, Данагүл келіп
атасының хатын оқиды:
-
Сіздер, атамның бұл хатына түсінбей отырсыздар. Мен білсем «ол
кісі 40 қарақшының қолына түсіп қалған болу керек. «40 құнан атын» дегені -
40 мықты жігіт, «20 бура» дегені – 20 палуан, «8 ақ бас атан» дегені – 8 ақсақал
кісіні балам мен келінім ертіп келсін» дегені ғой.
Алтын дегені – баласы, күміс дегені – келіні мен шығармын. Қой тезірек
аттанып барып, құтқарып алайық.
Данагүлдің тапқыр даналығына ауыл адамдары риза болып, оның
айтқанын орындайды. Хатта көрсетілген малды екі қарақшыға айдатып, Төле
бидің баласы мен келіні бірге жолға шығады. Олар ұзай берген соң артынан 40
жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал көрінбестен ертіп отырады. Жақындай бергенде
Данагүл екі қарақшыға:
-
Сіздер озып барып хабар беріңіздер, біз малды жая жүріп, кешке
қарай жетеміз, -дейді. Екі қарақшы шабуылдап барып, «мал келе жатыр» дейді.
Өзге қарақшылар «мал олжаға кенелетін болдық» деп, аттарын қоя беріп,
жайбарақат жата береді. Ел жатып, олар ұйқыға кіріскенде, 40 жігіт, 20 палуан
бәрі сау етіп, қарақшыларды сойылдап, байлап қолға түсіріп алады. Сонда Төле
би пенде болған қарақшыларға:
-
«Келер кезек, өмір-біреу, кезек-екеу» деген осы жігіттер! Кеше мені
тұтқындап едіңдер, бүгін сендер қолға түстіңдер. Дүние кезек деген осы.
Сендер шөліркеп келе жатқан жалғыз-жарымды тонайсыңдар. Елді зар
жылатып, малын талайсыңдар. Біреудің бермесін тартып аласыңдар. Шөл
далада қаңғырып, қатын жоқ, бала жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер? Қанша
жыл қарақшылық қылсаңдар да құтаймайсыңдар. Істегендерің ұрлық, ал ұрлық
– түбі қорлық. Қойға шапқан қасқырды ұрып алар болар. Сендер де бір –
қасқыр да бір. Сендердей ұры қары қарақшыға не істесе де болар еді, әттең!
Амалым қанша, сендерге өлім сыйлағанша, өмір сыйлағым келіп тұр. Мен Төле
би деген билерің боламын. Тілімді алсаңдар тәубаға келіңдер. Қарақшылықты
қойыңдар! Адал еңбек етуді ойлаңдар. Бала-шағаға қарап, ел қатарлы тірлік
етіңдер, ұрпақ өсіріңдер. Үйлі-жайлы болып, мал жинап, егін егіп күн көрейік
десеңдер көмектесемін, қамқор боламын, жер беремін мал беремін. Егер менің
айтқаныма көнбесеңдер өз обалдарың өзіңе! Қане, не істейсіңдер! Өлім керек
пе, өлім керек пе?
Төле би осылай дегенде, қарақшылардың бастығы қар шойтпақ, бұжыр
бет, нардай жігіт бидің алдына келіп басын иеді.;
-
Айналайын би-аға, сіздің бұл сөзіңізге түсіндік, біз көндік. Рас
айтасыз, ұрлық қылғаннан тапқан пайдамыз жоқ. Тек қана елдің қарғысына
қалдық. Осы қырық жігіт туғаннан қарақшы боп туған жоқ. Біріміз ойдан,
біріміз қырдан, жоқшылық зомбылықтың салдарынан жиналып, ұры-қары боп
кетіп едік. Сөйтіп елден, үйден безіп, аш бөрідей шөл даланы кезіп, ұрлық
зорлықпен күнімізді өткізіп жүрдік енді міне сіздей қамқор, әділ кісіге кездесіп
тұрмыз. Лайым, айтқаныңыз келсін. Біз сіздің соңыңыздан ердік. Сіз не десеңіз,
соған көндік. Жанымыз қолыңызда, бар шынымыз, сізден тілегіміз осы, би-аға.
Басшыларының осы тілегін мақұлдап өзге жігіттер шу етіп, биге тұс-тұсынан
өтініш алғыстарын жаудырды.
Төле би сөйтіп, өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп,
еліне ертіп барады. Біріне қой баққызады, біріне түйе баққызады. Бірі егін егіп,
диқаншылықпен айналысып кетеді. Ұста, етікші, зергерлік қолынан
келетіндеріне дүкен тұрғызып, жағдай жасайды. Бәрі де адал еңбекпен
шұғылданып, Төле бидің ел жұрты атанып кетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы мен түркология. Алматы 1987ж
2.Ө.Айтбаев. Мақал-мәтелдердің жазуымызбен сөйлеуіміздің қызметі
3.Р.Сыздықова. «Сөздер сөйлейді». Алматы 1980ж
4.З.Қабдолов. «Сөз өнері» Алматы 1984ж
5.Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы 1961ж
8 Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
«Саяси риторика» пәнінен эссе тақырыптары
«Саясатта із қалдырған тарихи тұлға»:
1) Усама бен Ладен деген Кім: террорист номер бір не өз дінінің фанатигі.
2) Команданте Че Гевара. «Че» феномені
3) Муаммар Каддафи «күнәсі»
4) «Темір ханым» саясаты (Маргарет Тэтчер)
5) «Өліп бара жатқан Конституциямен ант». (Клятва умирающей
конституцией. Уго Чавес)
6) Фидель Кастро
7) Болаттан жасалған адам (Сталин И.В.)
8) Ұлы жанды Махатма Ганди
9) Саддам Хусейн
10) Адам құқығы үшін күрескер – Нельсон Мандела
11) Шыңғысхан! Шыңғысхан? Шыңғысхан...
12) Ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын
13) Мартин Лютер Кинг – Атланта армандаушысы
14) Қытай реформаторы – Дэн Сяопин
15)Адольф Гитлер –Европа Фюрреры
16) Сэр Уинстон Черчиль
17) Коммунизм орнатушы практигі В.И.Ленин
18) Симон Боливар – Тәуелсіздік үшін күресші
19) Күллі Еуропа Императоры – Наполеон Бонопарт
20) Осман империясының сұлтаны – Сүлейман І
21) Гай Юлий Цезарь «Келдім. Көрдім. Жеңдім.»
22) Конфуций – Қытай идеологы
Эссе шағын жазбаша, шығармашылық жұмыстың бірі болып табылады.
Ең басты мақсаты аргументтерді, дәлелдерді, мысалдарды пайдалана отырып
ұсынылған тақырыпты ашу. Эсседе автор өз пікірін, сезімін, ойларын көрсету
керек. (тақырыпқа стандартты жауап берудің қажеті жоқ. Мысалы: ... 1906
жылы туылған..., мына университетте оқыған..., Билік – бұл ..., оның келесі
түрлері ... т.б.). Эссе берілген тақырып бойынша орындаушының ғылыми
біліміне, өз ой-пікірін дербес, ерікті түрде айта білу және фактілер мен
оқиғаларды пайдалуына сүйенеді және бұл қабілеттерін көрсетіп, пайдаланады.
Эссені рәсімдеу талаптары
Эссе көлемі: 1 – 1,5 бет.
Парақтың форматы: А4.
Барлық жақтардан (үстінгі, төменгі, оң және сол жақтар) 2 см.
Шрифт (кегль): - 14; тип – Times New Roman.
Жоларалық интервал - 1,0.
Абзац – 1,25.
Кенінен мәтінді түзету.
Бағалаудың критерийлері:
- Материалды логикалық түрде айта білу
- автордың қорытындысын негіздеу
- Автордың қорытындыларының ерекшелігі
- Қажет емес материалдарының, тақырыппен байланысы жоқ ақпараттың
болмауы
- Автордың өзіндік позицияны жасау және дәлелдеу қабілеті
- Аргументтер арқылы, жиналған материал негізінде тақырыпты аңық
ашу
10.СӨЖМ кеңес кестесі
№ Сабақ түрі
дүйсенбі
сейсенб
і
сәрсенб
і
бейсенбі жұма
сенбі
1.
Шығармашылық
тапсырма бойынша
кеңес
12.35
13.25
13.40
14.30
12.35
13.25
13.40
14.30
2.
Тәжірибелік
сабақтардың
сұрақтары бойынша
кеңес
14.45
15.35
14.45
15.35
3.
СӨЖ
сұрақтары
бойынша кеңес
16.55
17.45
16.55
17.45
4
Тестік тапсырмалар
бойынша кеңес
18.00
18.50
18.00
18.50
11. Білім алушылардың білімдерің тексеру кестесі
СОӨЖ, тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
Жұмыс
түрі
Тапсырманың
мазмұны,
тақырыбы мен мақсаты
Ұсыныл
атын
әдебиет
Орында
у
уақыты
Бақылау
түрі
Тапсыру
мерзімі
1
2
3
4
5
6
7
1
Конспект Тақырыбы: Саясаттану ғылым
ретінде.
Мақсаты:
Студенттерге
«Саясаттану» ғылымы туралы
алғашқы түсінік беру. Саяси
ғылымының зерттеу аясын
түсіндіруді қамтамасыз ету.
Берілген тақырыпты оқыту
соңында:
1 деңгейлік тапсырма
терминдерге анықтама беру
2 деңгейлік тапсырма
Топпен кберілген сұрақтарды
талқылап, оларға жауап қайтару.
2,3,4,5
3 күн
Ауызша
жауап
2
Конспект
Тақырыбы: Саяси ғылымның
дамуы және негізгі қалыптасу
этаптары
Мақсаты: Студенттердің
«Саясаттану» пәнің оқу
2,3,4,5
1апта
Ауызша
жауап
2-апта
барысында білімдерін кеңейту.
Саяси ғылымының қалыптасуы
мен дамуының негізгі
кезеңдерін мұқият жетік
ұғынуын қамтамасыз ету.
1 деңгейлік тапсырма
Терминдерге анықтама беру
2 деңгейлік тапсырма
Н.Макивеллидің
Патшаға
берген
ұсыныстарымен
танысып сұраққа жауап қайтару.
Мысал келтіру.
3
Конспект Тақырыбы: Қоғамдық өмір
жүйесіндегі саясат
Мақсаты: Саясаттың пайда
болу табиғатын қарастыру.
1 деңгейлік тапсырма
терминдерге анықтама беру
2 деңгейлік тапсырма
Саясаттанудың басқа қоғамдық
ғылымдармен байланысының
Аристотельдің, Пифагордың,
Ибн Сина (Авиценна) ой-
пікірлері арқылы (ауызша).
1,3,4
2 апта
Ауызша
жауап
3-апта
4
Конспект
Тақырыбы: Билік саяси феномен
ретінде.
Мақсаты:
Саясаттанудың
кілтті сұрағы ретінде саяси
билік
туралы
білімді
қалыптастыру. Саяси биліктің
мәні туралы түсінікті орнату.
Биліктің легитимділік типтерін
айқындау.
1 деңгейлік тапсырма
Сұраққа жауап беріңіздер
2,3,4,5
3 апта
Ауызша
жауап
4-апта
5
Конспект
Тақырыбы: Ұлттық саясат
және әлеуметтік-этникалық
қаумдастықтар
Мақсты: Ұлттық қатынастар
мен ұлттық саясат туралы
түсінікті қалыптастыру. Ұлттық
саясат
қызметтерімен
таныстыру
1 деңгейлік тапсырма
Терминдерге анықтама беру
2 деңгейлік тапсырма
сұраққа жауап беру
2,3,4,5
4 апта
Ауызша
жауап
5-апта
6
ауызша
Тақырыбы: Қоғамның саяси
жүйесі.
Мақсаты: Студенттерді саяси
жүйе
институттарымен
2,3,4,5
5 апта
Ауызша
жауап
6-апта
таныстыру. Салыстыру мен
жалпылау қабілеттерін дамыту.
1 деңгейлік тапсырма
Конфедерация
терминің
түсіндіріңіз
2 деңгейлік тапсырма
Конфедерацияға
мысалдар
келтіріңіз. Сұраққа жауап
қайтарыңыз
7
Кестені
толтыру
Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық
қоғам.
Мақсаты:
Мемлекет және
мемлекет құрылымы туралы
көзқарас жүйесін қалыптастыру
1 деңгейлік тапсырма
Кестені толтырыңыз (10
мемлекет).
2,3,4,5
6 апта
Ауызша
жауап
7-апта
8
Конспект
Тақырып № 8.Саяси партиялар және
қоғамдық қозғалыстар.
Мақсаты: Саяси партиялар
мен қоғамдық қозғалыстар
табиғаты туралы білімді
кеңейту.
1 деңгейлік тапсырма
Терминдерге анықтама беру:
2 деңгейлік тапсырма
Қазақстан тарихында болған не
қазіргі күні де әрекет ететін
партия не қоғамдық қозғалысты
сипаттау, оның негізгі мақсаты
мен тарихына қысқаша шолу
жасау.
2,3,4,5
7 апта
Ауызша
жауап
8-апта
9
Межелік
бақылау
Бірінші межелдік бақылау
сұрақтары
1,2,3,4,5,
6,7
8 апта
Тесттік
тапсырма
8- апта
10
Конспект
Тақырыбы: Саяси режимдер..
Мақсаты: Саяси режимдердің
алуандығы туралы түсінікті
қалыптастыру. Аналитикалық
мәдениетті дамыту.
1 деңгейлік тапсырма
Саяси режимнің қай типтерімен
келесі
қызмет
ету
функцияларының
қағидаттарымен
сәйкестендіресіз:
«бұйрық
етілгеннің бәріне рұқсат
берілген»,
«саясаттың
басқасынан бәріне рұқсат
берілген» «Заңмен тиым
салынғанынан басқа бәріне
рұқсат
берілген».
Өз
көзқарастарыңызды дәлелдеп
2,3,4,5
8 апта
Ауызша
жауап
9- апта
негіздеңіз.
11
Сипаттам
а жасау
Тақырыбы:
Қоғамды
демократияландыру және саяси
жаңғырту (модернизация).
Мақсаты: Қоғамның саяси
модернизациясы туралы түсінік
беру. Белсенді азаматтық
позицияны тәрбиелеу..
1 деңгейлік тапсырма
Сұраққа жауап беру
2 деңгейлік тапсырма
Бір мемлекетті таңдап, сол
мемлекеттің саяси сипаттамасын
жасау. Яғни таңдап алынған
мемлекеттің басқару формасын,
құрылым формасын, саяси режимін
көрсету. Мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатына қысқаша шолу.
2,3,4,5
9 апта
жазбаша
10- апта
12
Конспект
Тақырыбы: Саяси сана және
саяси мәдениет.
Мақсаты: саясат мәселелері,
құқық пен мәдениет жөнінде
білімді ортақтандыру, саяси
мәдениет
қабілеттерін
қалыптастыру.
1 деңгейлік тапсырма
терминдерге анықтама беру
2,3,4,5
10 апта
Ауызша
жауап
11-апта
13
Конспект Тақырыбы: Саяси элита және
саяси көсемдік.
Мақсаты: Саяси элита мен
саяси көсемдік туралы білімді
қалыптастыру.
1 деңгейлік тапсырма
Саяси көсемдік типологиясы.
Саяси көсемге мысал келтіріңіз
2,3,4,5
11 апта
Ауызша
жауап
12-апта
14
Кестені
толтыру
Тақырыбы:
Саяси
технологиялар.
Мақсаты:
Заманауи саяси
әлемде саяси технологиялар
қажеттілігі туралы білімдерді
қалыптастыру.
1 деңгейлік тапсырма
Сұрақтарға жауап табу
2 деңгейлік тапсырма
Кестені толтыру
2,3,4,5
12 апта
жазбаша
13- апта
15
Конспект Тақырыбы : Дүниежүзілік
саясат және халықаралық
қатынастар.
Мақсаты: Әлемдік саясат пен
халықаралық
қатынастар
туралы түсінікті қалыптастыру.
2,3,4,5
13 апта
ауызша
14- апта
1 деңгейлік тапсырма
Қазақстан мүше болып енетін 8
халықаралық ұйымды атаңыз.
16
Эссені
қорғау
Тақырып №
15.Егемен
Қазақстанның
саяси
мәселелері
Мақсаты:
Рассмотреть
политическую
систему,
внутреннюю и внешнюю
политики
Казахстана.Қазақстанның саяси
жүйесін, сыртқы және ішкі
саясатын қарастыру.
1 деңгейлік тапсырма
Келесі
сұраққа
жауап
қайтарыңыз: Қазақстан неге
егеменді ел деп саналады?
3 деңгейлік тапсырма
Эссені қорғау
1,2,3,4
14 апта
жазбаша
15-апта
17
Межелдік
бақылау
Екінші межелік бақылау
сұрақтары
1,2,3,4,5,
6,7
14 апта
Тесттік
тапсырма
15-апта
13 Оқытушының талабы және саясаты
Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың
ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.
Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық сабақтарға дайындалып,
сабақтарда белсенді болсаңыз және барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде
орындасаңыз бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максималды
балды аласыз.
Сіздердің сабаққа дайындықтарыңыз ауызша сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен
жұмыс істеу арқылы тексеріледі
Негізгі талаптар:
1) Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды және белсенді болуды
білдіреді. Пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына
әсер ету. Жұмыс бағдарламасына енгізілген өзіндік жұмыстың тапсырмаларымен танысу.
Тапсырмаларды орындау үшін, алған білімдерін меңгеру үшін қажетті әдебиеттерді іріктеу.
2) Міндетті оқу сабақтарына қатысуға, оқу жоспарында, бағдарламада көрсетілген
тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға. Себепсіз сабақ босатуға болмайды.
Босатқан әр сабақ үшін студент факультет деканына, пән оқытушысына түсініктеме береді
және сабақтан тыс уақытта босатқан сабағын тапсырады. Сабаққа қатысуы қорытынды
аттестацияға әсерің тигізетің туралы ескеруі керек.
3) Тақырып оқу кезінде орындалатын негізгі жұмыстарды (жазбалар, кестелер)
анықтау керек және оларды орындау үшін қажеттілікті талап ететін материалдарды
уақытымен дайындау (бақылау түрі бойынша ағымдық үлгерімнің ұпайларының кестесі).
4) Аудиториялық сабақтарына себепсіз кешігуге болмайды. Сабақ басталуынан кейің
тек оқытушы рұхсатымен ғана, нақты себеп арқылы кешіксеніз, аудиторияға кіруге болады.
5) Аудиторияда сабақ барысында рұхсатсыз сөйлесуге болмайды. Пәнді жүйелі түрде
өткізуге кедергі жасау - аудиториядан шығарылумен жазаланады.
6) Міндеті түрде орындалуы және бекітілген мерзімде өткізілуі керек. Кешіктіріліп
өткізілген жұмыстардың бағасы автоматты түрде төмендетілген бағамен бағаланады.
7) Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу
жасайды. СӨЖ графигі бойынша аудиторлық бақылау жұмысын орындайды.
8) Сабақ уақытында мобильдік байланыс құралдарын қосуға болмайды. Мобильдік
байланыс құралдарын рұхсатсыз пайдалану үшін студент 10 баллынан айырылады.
9) Аудиторияда сабақ барысында сағыз шайнауға тыйым салынады.
Диктофоны және плеер қосуға болмайды.
10) Сонымен қоса бір семестрде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды баллы
анықталады (рейтинг). Егер студент 49 және төмен балл алса, қанағаттанарлықсыз бағасына
сәйкес келеді, қорытынды емтиханға жіберілмейді.
Межелік бақылау өткізү нысаны
Әрбір семестрде екі межелік бақылау қарастырылған. Уақыты бақылау шараларының
күнтізбелік кестесінде белгіленген. Межелік бақылау жазбаша жұмыс түрінде, билет арқылы
жүргізіледі. Межелік бақылаудың максималды баллы – 100 баллов. Білімдерді бақылау үшін
билеттерде өткен тақырыптар бойынша он сұрақтан беріледі. Дұрыс жауап бойынша студент
10 балл алады. Сонымен, студент жалпы 100 балл алуы мұмкің.
Қорытынды емтихан өткізү нысаны
«Саясаттану» пәні бойынша үшінші семестрде емтихан өткізіледі. Емтихан екі
бөлімнен түрады. Бірінші бөлім – тест тапсырмаларын тапсыру түрінде жүргізіледі
(максималды балл – 60). Екінші бөлім – жазбаша жұмыс түрінде, билеттерде елу сұрақтан екі
сұрақ беріледі (максималды балл – 40). Жазбаша емтиханға 50 минут бөлінеді.
Емтихан кезіндегі тәртіп
1. Жауаптарды алған билет арқылы беру.
2. Билеттің бірінші сұрағынаң жауапты бастау керек.
3. Жауап парағында студент өзінің жауабын толық ашуы керек.
4. Емтихан аяқталумен жауап парағы емтихан қабылдаушыға тапсырылады.
5. Келесі жағдайларға тыйым салынады:
- емтихан билеттерің айырбастау;
- емтихан билеттерің аудиториядан шығару;
- жауап парағын айырбастау;
- мобильдік байланыс құралдарын қосу;
-емтиханда анықтамалық әдебиетті, калькуляторды, дәрістер конспектісін және т.с.с.
қолдануға рұқсат етілмейді. 5 пункт бойынша тәртіпті бұзған жағдайда студенттің баллы 0-ге
теңестіріледі.
Емтиханда келесі өлшемдер есепке алынады:
емтихан билетінің сұрақтары бойынша негізгі аргументтерді айқындап, түсініктеме
бере алса, қойылған мәселе бойынша қарама қарсы пікірге сынды сараптама жүргізе алса,
дұрыс құрастырылғаң, терең, толық жауап үшін студент 40 балл алады;
Тақырыпты және нақты мәселені білетің, бірақта қосымша сұрақтарға толық жауап
бермеген студент 25-30 балл алады;
Негізгі тақырыпты, мәселені білетің, негізгі мәлеметтерді айқындап, түсініктеме бере
алмаса, емтихан билеті бойынша сұрақты талқылағанда аса білімділік көрсетпесе студент 10-
24 балл алады;
емтихан билетінің сұрақтарында қойылған мәселе бойынша сараптама жүргізе алмаса,
билет арқылы дұрыс, толық жауап бермесе студент 5-9 балл алады.
Сонымен, емтиханда студент 5-40 балл көлеміңде алады.
Пән бойынша қорытыңды рейтинг (Қ), 4 кесте бойынша, балдың сандық баламасына,
әріптік жүйедегі бағаға және дәстүрлі жүйедегі бағаға айналады, студенттердің оқу
жетістіктерінің журналымен қорытынды емтихан парағына еңгізіледі. Егер студент
емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз (50 баллдан төмен), онда пән бойынша
Сіздің қорытынды бағаңыз анықталмайды.
Осы жағдайда студент курсты қайтадан тәмәмдайды.
Ағымдағы үлгерім және межелік бақылаудың бағаларының қорытындысы негізінде
пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады. Мұғалім студентті бағалайтын
жұмыс түрлері: сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға
қатысу; өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;
курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау; сабаққа қатысу және
басқа.
Пән бойынша қорытынды емтихан парағына және сынақ кітапшасына дәстүрлі
жүйедегі баға еңгізіледі.
Емтихан бағасының өлшемдері
Университеттің Ғылыми Кенесімен ағымды үлгерім мен межелік бақылауды
анықтауда жібері рейтингісі мен қорытынды бақылаудың салмақтық бөлшегі белгіленген.
Олар кестеде көрсетілген:
Қорытынды бақылаудың
түрі
Бақылау түрлері
Салмақтық бөлшегі
Емтихан
Емтихан
0,6
Жіберу рейтингісі
0,4
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и
Р2) анықталады. Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР=(Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да)
студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР
және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық
үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.
Толық мәліметтерді студенттерге арналған анықтамалық - бағыттауыштан алуға болады.
Табыстар тілейміз!
Әдебитеттер тізімі
11
Курс саясаты
Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп
ережелеріне сәйкес келеді.
Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға
тиіс.
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық
сабақтарға дайындалып, сабақтарда белсенді болсаңыз және
барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындасаңыз
бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген
максималды балды аласыз.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесін, сабақтардағы
белгіленген тәртіпті бұзу және сабаққа кешігу балды
жоғалтуға әкеледі.
Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды
және белсенді болуды білдіреді.
Дәріс және тәжірибе сабақтарында С.Торайғыров
атындағы ПМУ-нің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға болмайды:
дәріс сабақтарында кешігуге, ұялы телефондарды қосуға,
рұхсатсыз сөйлесуге, аудиторияда өз бетінше жүруге, сағыз
шайнауға, сырт киім және бас киіммен кіруге, оқытушыға дәріс
оқуға кедергі келтіруге тыйым салынады.
Сіздердің тәжірибелік сабаққа дайындықтарыңыз ауызша
сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен жұмыс істеу арқылы
тексеріледі. Тәжірибе сабағына алдын-ала дайындалу қажет.
Егер Сіз кешікпей, ешқандай ескертусіз сабаққа қатыссаңыз 1
балл аласыз, ал сабаққа дайындалмасаңыз тек қатысуыңызға
ғана балл қойылады.
Оқытушы тәртіп талаптарын бұзғаны үшін студентті
сабақтан шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда сабаққа қатысу
баллы қойылмайды. Егер Сіз себеппен сабақты босатқан
болсаңыз, босатылған сабақты мұғалімнің қабылдау
уақытында тапсыруыңызға болады.
Әрбір семестрде екі межелік бақылау 8 және 15 аптада
қарастырылған, олар тест тапсырмаларын тапсыру түрінде
жүргізіледі. Сонымен қоса бір семестрде екі рет ағымдағы
үлгерімнің қорытынды баллы анықталады (рейтинг). Егер ол 50
баллдан төмен болса, қанағаттанарлықсыз бағасына сәйкес
келеді.
Егер Сіз ағымдағы тапсырмаларды орындауда 50 баллдан
төмен алсаңыз, межелік бақылауды тапсыруға жіберілмейсіз.
Егер межелік бақылауға қатыспасаңыз, Сіздің рейтингіңіз
анықталмайды.
Егер Сіз емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз
(50 баллдан төмен), онда пән бойынша Сіздің қорытынды
бағаңыз анықталмайды.
12 Әдебитеттер тізімі
Негізгі:
1. Молдабеков Ж. Шешендік: оқу құралы. – Алматы:
«Қарасай», 2009. - 432б.
2. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және
тілдік танымы. – Алматы: «Ғылыми» ғылыми баспа орталығы,
2005. – 296 б.
3. Кузнецов И.Н. Риторика или ораторское искусство.
Учебное пособие для студентов вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004,
431 с.
Қосымша:
4. Ивин А.А. Риторика: искусство убеждать. Учебное
пособие. М.: ФАИР-ПРЕСС, 2003. 304 с.
5. Ипполитова Н.А. Риторика. Учебник. М.: ТК Велби, Изд-во
Проспект, 2006. 448 с.
6. Каверин Б.И., Демидов И.В. Ораторское искусство:
Учебное пособие для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. 255с.
Document Outline - ОӘК төрайымы _____________ Ш.Қ.Сулейменова 20__ж. «___»___________
- тел. 67-36-87 (ішкі 1124)
- Қорытынды емтихан өткізү нысаны
- Әдебитеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |