А. Ж. Сисенбердиева


Сабақ  ӛткізетін  орынның,  киімдердің,  құралдардың  сақталу  жағдайлары



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Сабақ  ӛткізетін  орынның,  киімдердің,  құралдардың  сақталу  жағдайлары. 
Дәрігер,  меңгеруші  медициналық  орынның,  киімдердің,    дене  жаттығулары 
сабағы  жүргізілетін  бӛлмелердің  санитарлық  жағдайын,  бӛлмелердегі,  сондай-

 
308 
ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы дене тәрбиесі құралдары мен жабдықтарының 
гигиеналық  жайын  бақылауды  жүзеге  асырады.  Дене  жаттығуларының  сабағы 
ӛткізілетін  бӛлмелердің  температурасы  18-17
0
-тан  тӛмен  болмауы  керек, 
сабақты  ӛткізер  алдында  бӛлменің  ауасы  тазартылып,  шаң-тозаңдары  сулы 
шүберекпен сүртіледі. Балалар 2 жастан бастап спорт формасымен (труси, май-
ка,  футболка),  спорт  тәпішкесімен  (чешки)  ойнауы  қажет.  Қыстың  күні 
шаңғымен  жүргенде,  коньки  тепкенде  спорт  костюмдері  мен  аяқ  киімін 
пайдаланған дұрыс. Жылдың әр мезгіліндегі серуен кезінде балалар киетін киім 
гигиеналық  талаптарға  қатаң  түрде  сай  болуы  керек.  Балалармен  сабақ  ӛткізу 
кезінде тәрбиешілердің де спорт формасында болуы қажет. Дәрігер, мейірбике 
(сестра)  тәрбиешілер,  ата-аналардың  гигиена,  дене  тәрбиесі  мәселелері 
бойынша және оның балаларды дамытудағы рӛлі жӛніндегі білімдерін кӛтеруді 
жүзеге  асырады.  Дене  шынықтыру  құралдарын  қолданғанда  қауіпсіздік 
шаралары қатаң сақталуы керек. Құралдардың бала қолдануына жарамдылығы  
тексерілуі 
тиіс. 
Балалардың  отбасында  дене  тәрбиесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері. 
Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы және мемлекеттік мекемелердегі 
дене  тәрбиесінің  міндеттері  біртұтас,  сондықтан  ол  ата-аналар  мен  балабақша 
қызметкерлерінің  бірлескен  күш-жігерімен  шешіледі.  Жұмыс  аптасының 
қысқаруына  орай  ата-аналар  балалар  тәрбиесіне  кӛп  кӛңіл  бӛлуге  мүмкіндік 
алды.  Қозғалыстың  күрделі  түрлеріне  (шаңғы,  коньки,  велосипед,  жүзу,  т.б.) 
шеберлік  пен  дағдыны  балаға  жастайынан отбасында  қалыптастыруға  болады. 
Дене  жаттығудың  бұл  түрлері  тікелей  әрбір  балаға  жекелеген  кӛмек  пен 
қамсыздандыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Міне, сондықтан қозғалыстың 
бұл түрлерін оқытуды балабақшада ұйымдастыру, жоғары кӛрсеткіштерге жету 
отбасындағыдан әлдеқайда қиын. Дене тәрбиесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін 
ата-аналар  балаларының  балабақшада,  сондай-ақ  спорт  мектебінде  дене 
жаттығуының қай түрімен айналысқандығын және бір күнде немесе бір аптада 
оған  қандай  физикалық  күш  түсетіндігін  білуі  қажет.  Денеге  түсетін  күшті 
есептей  отырып,  баланың  балабақшадан  келгеннен  кейін,  сондай-ақ  демалыс, 
мереке күндері жасайтын дене жаттығуларының жоспары жасалынады. Мектеп 
жасына  дейінгі  мекемелер  ата-аналарға,  балаларға  дене  тәрбиесін  жүргізу 
туралы  білім  беруде  үлкен  кӛмек  кӛрсете  алады:  ата-аналарға  арналған 
бұрыштар  ұйымдастырылады,  кеңес  берулер,  әңгімелер,  дәрістер,  ашық 
сабақтар  ӛткізіледі.  Ата-аналар  дене  тәрбиесін  ұйымдастырудың  әртүрлі 
формаларын  мектепке  дейінгі  мекемелердің  тәжірибесінен  алып  пайдалануы 
мүмкін.  Осыған  орай  оларды  дене  тәрбиесі  жӛніндегі  арнаулы  әдебиеттермен 
таныстыру,  сонымен  қатар  ата-аналарға  арналған  әдебиеттерді  ұсынған  жӛн. 
Балалары  мектепке  дейінгі  мекемелерге  бармайтын  ата-аналар  оларды  дене 
тәрбиесімен ӛздері толық қамтамасыз етуге міндетті. Дене тәрбиесінің барлық 
құралдарын  отбасында,  сондай-ақ  балабақшада  кешенді  түрде  пайдаланған 
маңызды. Ата-аналар анағұрлым гигиеналық жағдайларды жасауға, табиғаттың 
табиғи  факторларын  (күн,  ауа,  су),  әртүрлі  дене  тәрбиесі  жаттығуларын 
пайдалануға  тырысуы  қажет;  балалардың  қол  еңбегінің  жеңіл  түрлерімен 
шұғылдануын,  күнделікті  ӛмірге  және  еңбектің  әртүріне  кіретін  (сурет  салу, 

 
309 
мүсін жасау, музыкалық аспапта ойнау,т.б.) қозғалыстардың дұрыс орындалуын 
қадағалайды.  Балалардың  тұлғасы  ерекше  кӛңіл  бӛлуді  талап  етеді.  Дене 
жаттығулары  отбасында  әртүрлі  формаларда  ӛткізіледі:  дене  шынықтыру
сабақтар  (жекелеген,  ұжымдық),  қимыл-қозғалыс  ойындары,  шынықтырғыш 
процедуралар,  сергіту  минуттары,  орманға  серуендеу,  демалыс  кештері, 
мерекелер.  Баланың  дене  тәрбиесін  отбасында  дұрыс  ұйымдастыру  үшін 
балалардың денсаулығын, бала денесінің дамуы мен дене тәрбиесі дайындығын 
ескере отырып, нақты міндеттерді белгілеп, дене жаттығуларын іріктеп, оларды 
бүкіл  жыл  бойына  бӛлген  маңызды.  Сабаққа  қажетті  киімді,  аяқ  киімді,    дене 
тәрбиесі  құралдарын  (велосипед,  шаңғы,  шана,  самокат,  спортроллер, 
шығыршықты коньки, бадминтон, стол теннисі, городки, доп, секіргіш жіп т.б.) 
ерте  әзірлеп,  бұған  балаларды  үйрету  керек.  Мектепке  дейінгі  балаларға  ата-
аналары  олармен  бірге  шаңғымен  жүргенде,  коньки,  шана  тепкенде,  теннис, 
бадминтон, городки ойнағанда, жүзгенде зор ықпал жасап, үлгі кӛрсетеді. Ата-
аналар  жаттығуды  қалай  жасау  қажеттігін  түсіндіріп  кӛрсетеді,  қозғалыс 
шеберлігі  мен  дағдыны  меңгеруде  кӛмектесіп  жеңілдетеді,  балалардың  кӛңіл 
күйін  бақылайды.  Денсаулық  жағдайын,  дененің  дамуын,  дене  дайындығын 
жылына 2-3 рет  есепке  алып отыру  ұсынылады.  Бұл  мәліметтер дене  тәрбиесі 
бойыша  жүргізілген  жұмыстарға  талдау  жасауға  және  алдағы  кезеңнің 
жоспарын  белгілеуге  кӛмектеседі.  Сӛйтіп,  мемлекеттік  мекемелер  отбасымен 
бірге  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі  міндеттерін  жүзеге 
асыра  отырып,  балалардың  денсаулығын,  денесінің  ӛсуін,  дене  дайындығын 
дамытуда неғұрлым жоғары нәтижелерге жете бермек. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі жұмысына басшылық жасауға 
жауапты адамдар, олардың негізгі міндеттері қандай?. 
2.  Дәрігерлік бақылау жасау дегенді қалай түсінесіз?.  
3.  Балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық 
мүмкіндіктеріне баға беру.  
4.  Сабақ ӛткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары.  
5.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  табан  қалыптасуы  туралы    процесін 
қалай анықтайды? 
6.  Бала тұлғасын тексеру қалай және неше жағдайда ӛткізіледі?  
7.  Балалардың отбасында дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі бойынша барлық 
ұйымдастыру жұмысына кім жауапты? 
А.  Ата-аналар комитетінің тӛрағасы 
Ә.  Аудандық (қалалық)оқу бӛлімінің меңгерушісі 
Б.  Дәрігер 
В.  Меңгеруші 
2.Омыртқаның бір жағына қисаюы: 

 
310 
А.  Лордоз 
Ә.  Еңкіштік 
Б.  Сколиоз 
В.  Кифоз 
3.Дене шынықтыру, спортпен шұғылданатын әртүрлі жастағы адамдардың 
денсаулық жағдайын, дамуын тексеретін дәрігерлік білімнің арнаулы саласы: 
А.  Дәрігерлік бақылау 
Ә.  Мектепке дейінгі тәрбие 
Б.  Педиатрия 
В.  Гигиена 
4.30 секундта 20 рет отыру (терең), қабырғаларды сынау-тест 1 минутта 30 
баспалдаққа шығу, сынақтың ұзақтығы -2 минут. Бұл сынау қалай аталады? 
А.  Мартине-Кушельский сынауы 
Ә.  Лесгафт жүйесі 
Б.  Аркин сипаттамасы 
В.  Қол-аяқ сипаттамасы 
5.Балалармен дене тәрбиесі жұмысын тікелей жүргізуші: 
А.  Тәрбиеші 
Ә.  Дәрігер 
Б.  Психолог 
В.  Ата-ана 
6. 3-7 жастағы балаларда бұлшық ет тонусын неғұрлым обьективті  
әдіспен зерттеуге болады. Бұл үшін не қолданылады? 
А.  Спидометр 
Ә.  Диномометр 
Б.  Тонусометр 
В.  Танометр 
7. Бӛлмелердің, спорт залының тазалығы мен ауасының тазаруын кім қадағалап 
отырады? 
А.  Балалар 
Ә.  Күтуші 
Б.  Тәрбиеші 
В.  Әдіскер 
8.Тәрбиешілердің білімдерін жетілдіру, олардың жұмыстарын бақылау сияқты 
кӛрсетілген шаралардан басқа әдістемелік кабинетті керекті әдебиеттермен, 
құжаттармен жабдықтауға кім кӛп кӛңіл бӛледі? 
А.  Инспектор 
Ә.  Меңгеруші 
Б.  Әдіскер 
В.  Қоғамдық мекеме 
9.Жүрек-қан тамырлары жүйесінде шамалы ғана функционалды 
ауытқушылығы бар, жалпы ӛзін жақсы сезінгенмен де дене дамуында 
елеусіздеу артта қалушылығы бар балаларды қай топқа жатқызады? 
А.  Дайындық топқа 
Ә.  Негізгі топқа 

 
311 
Б.  Кіріспе топқа 
В.  Шектеулі топ 
10.Егер тобық, табан қосылып, ал тізе қосылмаса: 
А.  Онда «О» тәрізді аяқ 
Ә.  Онда «П» тәрізді аяқ 
Б.  Онда «Х» тәрізді аяқ 
В.  Онда «Т» тәрізді аяқ  
11.Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкендерден айырмашылығы, бас алға 
шамалы иілген, иық белдеуі кеуде қуысы деңгейінен аспай алға аздап 
жылжыған болады (қырынан қарағанда), кеуде қуысы сызығы одан 1-2 см 
шығыңқылау іш сызығынан біртіндеп ӛтеді, омыртқа жотасының бүгілісі әлсіз 
кӛрінеді, жамбастың еңкіштігі онша үлкен болмайды. Бұл кімнің деректері? 
А.  Н.И.Пирогов деректері  
Ә.  Е.Н.Водовозова деректері 
Б.  П.Ф.Каптеров деректері 
В.  JI.П.Африканованың деректері 
12.Баланы тексеру неше жағдайда ӛткізіледі? 
А.  2  
Ә.  3 
Б.  4 
В.  1 
13.Дененің отырған, тұрған, жүрген кездегі дағдылы жағдайы: 
А.  Дене 
Ә.  Тұлға 
Б.   Келбет 
В.   Сымбат 
14.Омыртқаның құныстығы: 
А.  Лордоз 
Ә.  Еңкіштік 
Б.  Сколиоз 
В.  Кифоз 
15.Егер тізе қосылып, тобық пен аяқтың басы қосылмаса онда қандай аяқ деп 
сипатталады (белгісі)? 
А.  «О» тәрізді 
Ә.  «Х» тәрізді  
Б.   «Г» тәрізді 
16. Омыртқа қатарының алға қарай иілуі: 
А.  Лордоз 
Ә.  Еңкіштік 
Б.  Сколиоз 
В.  Кифоз 
17.Омыртқалардың табиғи еңкіштілігі: 
А.  Жалпақ омыртқа 
Ә.  Жалпақ арқа 

 
312 
Б.   Жалпақ жауырын 
В.   Жалпақ тӛс 
18.Баланың тамыр соғысы мен тыныс алуы  қай кезде есептеледі? 
А.  Сабақтың алдында және сабақ аяқталған соң есептелінеді 
Ә.  Сабақ үстінде 
Б.  Сабақ ортасында 
В.  Сабақ басында 
19.Тізе мен ӛкшенің ішкі жағы түзу тұрғанда бір-бірімен түзу жанасса, аяқ 
қандай деп есептеледі? 
А.  Жақсы аяқ 
Ә.  Түзу аяқ 
Б.  Қалыпты  аяқ 
В.  Дұрыс аяқ  
20. Ірі (типтік) балалар бақшасында (8-10 топқа дейінгі) дене тәрбиесі бойынша 
тәрбиешілердің жұмысына кім тікелей басшылық жасайды? 
А.  Меңгеруші 
Ә.  Әдіскер 
Б.  Психолог 
В.  Оқу бӛлімінің меңгерушісі 
 
21-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдардың  отбасы, мектеппен дене 
тәрбиесіндегі сабақтастығы 
1. 
Сабақтастық ұғымы  
2. 
Мектеппен дене тәрбиесі мазмұнымен сабақтастығы 
3. 
Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмыс 
 
Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  сабақтастық  дегеніміз  –  сабақтастықтың 
оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу қажеттілігі мақсатында 
оның аралас буындары арасында ӛзара байланыс орнату. Балалар бақшасы мен 
мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының, 
оны жүзеге асыру әдістерінің ӛзара байланысты болуын кӛздейді. Н.К.Крупская 
балалар  бақшасы  мен  мектептің  негізгі  байланысын  кӛрсете  келіп:  «Eгер  біз 
балалардың  мектепке  дейінгі  тәрбиесін  дұрыс  жолға  қойсақ,  сол  арқылы  біз 
мектепті неғұрлым жоғары сатыға кӛтереміз...», - деп айтты. Балалар бақшасы 
мен  мектеп  арасындағы  сабақтастықтықтың  қажеттігі  біздің  еліміздегі 
мектепке  дейінгі  қоғамдық  тәрбие  рӛлінің  едәуір  артуына  байланысты  да 
мықтап  күшейіп  отыр.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  -  халыққа  білім  берудің 
біртұтас  жүйесінің  бірінші  буыны.  Балалар  бақшасы  мен  мектептің 
сабақтастығы,  бір  жағынан,  балаларды  мектепке  жалпы  дамуы  мен  тәрбиелік 
дәрежесі  жӛнінде  мектептегі  оқу  талаптарына  сай  келетіндей  етіп  даярлап 
беруді,  екінші  жағынан,  мектептің  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  алып 
үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты 
дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын кӛздейді. 

 
313 
Мектепке  дейінгі  мекемелердің  қызметкерлері  1-сыныпта  балаларға  
қойылатын  талаптарды  жақсы  білуге,  сол  талаптарға  сәйкес  мектепке  дейінгі 
ересектерді жүйелі оқуға дайындауға тиіс. 
Балалар  бақшасы  мен  мектептің  арасындағы  сабақтастық  оқыту  мен 
тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, 
ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің 
мұғалімі  оқудың  тиімділігін  арттыру  үшін  балалар  бақшасында  жиі 
қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасының тәрбиешісі 
оқыту  процесіне  арнаулы  оқу  тапсырмаларын,  жаттығулар  енгізіп  біртіндеп 
оларды  күрделендіреді,  сол  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  оку  іс-
әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу оқыту 
формасы  ретінде  мектептегі  сабаққа  негіз  даярлайды.  Балалар  бақшасына 
бармайтын  алты  жастағы  балаларды  мектептегі  оқуға  дайындау  мектептердің 
жанында  ұйымдастырылатын  дайындық  сыныптарында  жүзеге  асырылады. 
Еліміздің  кішкентай  азаматтарын  тәрбиелеу  мен  оқыту  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  үкіметіміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда  «Жалпы  білім 
беретін  мектептер  жанындағы  мектепалды  сыныптары  мен  балабақшаның 
мектепалды  топтарына  балалар  қабылдау  ұлғайтылсын»,  деген  міндет 
қойылды. Мектепке дейінгі мекемелердің практикасында балалар бақшасы мен 
мектеп  байланысының  белгілі  тәжірбиесі  қалыптасқан.  Бұл  байланысты 
орнатудың екі жолын бӛліп кӛрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагог 
ұжымдарының  тығыз  байланысы  және  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен 
бірінші  сынып  оқушыларының  тікелей  жақындасуы.  Тәрбиешілер  мектептің 
бастауыш  сыныптарындағы  оқу-тәрбие  жұмысының  мазмұны  (дене 
шынықтыру  бағытындағы)  және  ӛзіндік  ерекшелігімен  танысады,  сӛйтіп 
балалардың  даму  перспективасын  анықтайды  және  оның  мектеп  талап  ететін 
дәрежеде болуын камтамасыз етеді.  Ӛз тарапынан, мұғалімдер де балалардың 
мектепке  дейін  алған  білімі  мен  тәжірибесіне  сүйену  үшін  балалар 
бакшасындағы  жүзеге  асырылған  тәрбиелеу,  жалпы  білім  беру  жұмысының 
мазмұны туралы мағлұмат алады. Сабақтастық ұғымына берілген анықтамалар 
ӛте  кӛп.  Әйтсе  де,  барлық  анықтамалар  бір  мазмұнғы  келіп  тоғысады.  Оған 
кестеден кӛз жеткізуге болады (1- кесте). 
Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектеп  педагогтары  арасындағы 
байланыс формалары алуан түрлі: 
 
1-сынып  бағдарламасы  мен  «Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту 
бағдарламасын»  бірлесіп  талқылау  және  зерттеп  үйрену,  олардың 
сабақтастығын терең түсіну;  
 
мұғалімдерді  мектепке  дайындайтын  топтағы  жұмыс  формаларымен 
сондай-ақ  балалардың  мектепке  дейінгі  ересек  шақтың  аяғына  қарай  алған 
білімінің,  іскерлігінің  дәрежесімен  таныстыру;  осы  мақсатпен  бастауыш 
сыныптар  педагогтарының  балалар  бақшасындағы  сабақтарға  (жылдың 
басында,  ортасында  және  аяғында)  катысқаны,  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды  қадағалап  отырғаны,  олардың  ішіндегі  жекелеген  балалармен 
әңгімелескені,  мектепке  дайындайтын  топтардағы  жұмыстың  қорытындылары 

 
314 
бойынша балалар бақшасында ӛткізілетін педагогикалық кеңестерге қатысқаны 
жӛн; 
ӛз шәкірттерінің жаңа ұжымда ӛзін қалай кӛрсеткенін, 1-сынып бағдарламасын 
қалай  меңгергенін,  қандай  қиыншылықтарға  кездескенін  білу  үшін  мектептегі 
оқытудың алғашқы айларында тәрбиешінің ӛз шәкірттерін қадағалауы; бірінші 
сынып 
оқушыларының 
үлгерім 
қорытындысы 
бойынша 
ӛткізілетін 
педагогикалық  кеңеске  қатысу;  мектепке  дейінгі  балалардың  мектепке  жан-
жақты дайындалу проблемалары бойынша конференциялар мен педагогикалық 
оқулар  ӛткізу;  педагогикалық  және  психологиялық  әдебиет  жаңалықтарын 
бірлесіп  талқылау,  мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  мектептердің  балаларды 
мектепке оқытуға бірлесіп дайындау жӛніндегі жұмысының озат тәжірибесімен 
танысу.  Балалар  бақшалары  мен  мектептердің  осындай  байланыстары 
нәтижесінде олар ӛзара түсінісетін болады. Тәрбиешілер мектептің талаптарын, 
балаларды  оқуға  дайындау  міндеттерін  айқынырақ  сезінеді  де  табысты 
орындайды.  Ал  мұғалімдер,  ӛз  тарапынан,  балалар  бақшасының  міндеттеріне, 
оның  жұмысының  мазмұны  мен  әдістеріне  тереңірек  үңілетін  болады,  мұның 
ӛзі  олардың  тәрбиелік  ықпал  ету  әдістерін  сабақтастыруға  мүмкіндік  береді. 
Мектепке  дайындайтын  топтағы  балалар  мен  мектеп  оқушыларының 
арасындағы байланыс оқу жылы бойына үзілмейді. Мектепке дейінгі балаларды 
мектеппен, оқушылардың оқуымен және қоғамдық ӛмірмен таныстыру балалар 
бақшасы  шәкірттерінің  тиісті  ұғымын  кеңейтіп,  олардың  мектепке  ыкыласын, 
күшейтеді.  Бұл  жұмыстың  формалары  алуан  түрлі:  мектепке  экскурсия  жасау 
мектеп  мұражайына,    кітапханаға,  шеберханаға  бару,  оқу  сағаттарын, 
ертеңгіліктерді, музыкалық-әдеби кештерді, спорт жарыстарын бірлесіп ӛткізу, 
суреттер  мен  бұйымдар  кӛрмелерін,  балалар  бақшасының  бұрынғы 
шәкірттерімен  кездесулер,  әңгімелер  ӛткізу.  Балалар  бакшасы  мен  мектептің 
арасында  байланыс  пен  шығармашылық  ынтымақ  орнату  -  балаларды  жүйелі 
оқытуға дайындау міндетін ойдағыдай шешудің кажетті шарты. Білім беру және 
ғылым  саласына  елеулі  ӛзгерістер  енгізіп  жатқан  қазіргі  кезеңде  мектепке 
дейінгі  ұйымдар  мен  бастауыш  білім  беру  ісін  жаңа  сапалық  деңгейге  кӛтеру 
міндеті  бүгінгі  күннің  кӛкейкесті  мәселесі.  Осы  ӛзгерістер  білім  саласының 
алғашқы  сатысы  болып  саналатын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  болашақ 
ұрпақтың  дене  қимылын,  дүниетанымын  дамытуға,  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауға, салауатты ӛмір 
салтын қалыптастыруға, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты 
міндет  етіп  қойып  отыр.  Аталған  міндетті  шешуде  кезек  күттірмейтін 
мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің 
сабақтастығын  қамтамасыз  етудің  жолдарын  айқындаудың  маңызы  зор. 
Ӛйткені,  сабақтастық  туралы  мәселе  ӛткір  қойылуда.  Бұл  мәселені  ғалымдар, 
білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да кӛтеріп отыр. 
Сондықтан, 
бұл 
мәселе 
мектепке 
дейінгі 
тәрбиелеу 
мен 
оқыту 
бағдарламаларында,  құжаттарда  кӛрініс  тауып,  білімді  игеру  кӛлемі,  жеке 
тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілуде. Сабақтастық үрдісін 2 жақтан 
қарауға  болады.  Мектепке  дейінгі  буын  сатысында  мектепке  дейінгі  балалық 
шақтың  ӛзіндік  құндылығы  қысқартылады  және  балалардың  жеке  тұлғалық 

 
315 
сапасының  негізі  қалыптасады.  Мектеп  ӛз  жұмысын  жоқтан  құрмайды. 
Мектепке дейінгі балалардың жетістігін алып, балалардың жинақтаған әлеуетін 
педагогикалық  практиканы  ұйымдастыра  отыра  дамытады.  Сабақтастықтың 
осындай  түсінігі  балалардың  дамуы  мен  оқып  үйренуін  үздіксіз  іске  асырып 
отырады. 
Бұл: 
 
мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектептегі  білім  үрдісінің  мақсатын, 
міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;  
 
әр  баланың  дамуына  жағдай  жасайды  (денсаулығын  сақтау, 
эмоционалдық саулығы). 
  
Балабақша  мен  бастауыш  білім  сатысының  сабақтастығын  тек  баланы 
мектепке  дайындау  деп  түсінбеу  керек,  мұнда  педагогтар  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6-7 жас 
аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып, мектепке біртіндеп 
жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт. 
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері: 
 
салауатты  ӛмір  сүру  салтының  құндылығына  (денсаулығын  сақтау, 
мәдени-сауықтыру шараларын қамтамасыз ету, дене жаттығулармен айналысу) 
балаларды қатыстыру;  
 
эмоционалдық  аман-саулығын  қамтамасыз  ету,  әртүрлі  кӛркемдік  іс-
әрекет (қимыл әрекеті) түріне жағдай жасау;  
 
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;  
 
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру. 
Бастауыш мектептің міндеттері: 
 
салауатты  ӛмір  сүру  салтының  құндылығын  қалыптастыру  және  ӛзінің 
тәртібін осыған сай реттеу;  
 
қоршаған  ортамен  белсенді  қарым-қатынас  дайындығын  дамыту 
(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскерлік) ; 
 
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;  
 
әртүрлі  әрекетте  бірлесе  жұмыс  істей  білуі  мен  ӛздігінен  жұмыс  істеуін 
дамыту;  
 
мектепке  дейінгі  мекемедегі  жетістігін  жетілдіру,  мектепке  дейінгі 
мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы кӛмек кӛрсету. 
 
1-кесте  
 
Сабақтастық  
 
«даму  үрдісіндегі  жаңа  мен  ескінің  арасындағы  қажетті  обьективті 
байланыс, терісті-терістеу заңдылығының мәнді белгісі, бұрынғы сатыдағы 
жеткен  нәтижесіз  тұрмыста  да  танымда  да  алға  жылжу  мүмкін  емес» 
(философиялық сӛздік). 
 
бір сатыдағы алған білім, меңгерген іскерлік пен дағдыларды, қалыптасқан 
тәлімдік  нормалар  мен  ұстанымдарды  екінші  сатыда  жаңа  деңгейде  ары 

 
316 
қарай дамыту. 
 
халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  сабақтастық  дегеніміз  -  оқыту  және 
тәрбиелеу  міндеттерін  дәйекті  түрде  шешу  мақсатында  оның  аралас 
буындары арасында ӛзара байланыс орнату. 
 
«білім негіздерін белгілі бір логикалық байланыста, оқыту материалдарын 
бірізділік жүйемен оқыту» (И.А.Кайров). 
 
«сабақтастық  –  оқыту  сатысының  мәні,  оның  алға  қарай  қозғалысы, 
жүйелілік, білім сабақтастығының шарты» (М.А.Данилов пен Б.П.Есипов). 
 
 «оқу – тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында ӛткен сатыда алынған 
білім  мазмұнын  бекітіп,  кеңейтіп,  күрделендіріп  және  тереңдетіп 
отырудағы жүйелілік» (И.Я.Лернер). 
 
«білім  беру  жүйесіндегі  сабақтастық  оқушының  ойлау  әрекетінің 
дамуындағы ең маңызды шартының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен 
бірге  қарапайым  ұғымдар  мен  түсініктердің  күрделі  ұғымдар  жүйесіне 
бірігуін қамтамасыз етеді» (Ш.И.Ганелин). 
 
«Сабақтастық  –  ол  дамудың  сатылары  мен  буындары  арасындағы 
байланыс» (Э.А.Баллер). 
 
 «бірізділік пен жүйеліліктің мағынасы ұқсас ұғым» (П.Н.Груздев). 
 
«...білім бұрын алған біліммен байланыста болады, үнемі оны толықтырып, 
дамытып отырады, ӛз кезегінде келесі сабақтарда берілетін білім үшін негіз 
бола алады» (Б.Е.Райков). 
 
  
Алты  жасар  балаларға  жағдай  туғызудың  негізгі  жолдарын  алдын  ала 
жан-жақты  талдап,  нақты  шешімдер  қабылдауды  қажет  ететін  талаптар  бар. 
Олардың ең бастылары: 
 
арнайы білім беру кеңістігін құратын орта; 
 
оқу, ойын, спорт, жатын бӛлмелері;  
 
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;  
 
гигиеналық талапқа сай зал, ойын алаңы, балабақша  учаскесі;  
 
сынып  бӛлмесінде  әр  баланың  оқу-ойын  құралдары  сақталатын  арнайы 
орын;  
 
баланың  бойына  ескеріліп  құрылған  сынып  тақтасы,  құрал-жабдықтар,  
т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет